Оқи отырыңыз
Ұлттар лигасы: Бүгін футболдан Қазақстан Аустриямен кездеседі
Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустрияға қарсы жасыл алаңға шығады. Ел құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында үшінші ойынын өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
10 Қазан, 2024
Астанада автобустардың бағыты өзгертілді
Жөндеу жұмыстарына байланысты қаладағы бірнеше автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2024
Денис Теннің өліміне қатысты сотталғандардың үкімі өзгермейді
Жоғарғы сот судьялары Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сотталғандардың кассациялық шағымын қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2024
160 мың азамат өзін құмар ойындардан шектеген
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
10 Қазан, 2024
Астанада жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады
Синоптиктер 11 қазан күні Астана қаласында екпінді жел соғып, жаңбыр жауатынын болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.
10 Қазан, 2024
Ауыл медицинасы жақсарып келеді
Өңірде денсаулық сақтау саласының 561 мекемесі бар. Саланың ахуалын жақсарту барысында қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Соның ішінде ауылдық жердегі медицина мекемелерін жаңғыртуға, кадрмен қамтамасыз етуге жіті көңіл бөлініп отыр.
10 Қазан, 2024
Бүгінде әлемнің озық, дамыған елдерінде кеш ана атану қалыпты құбылысқа айналып келеді. Қазіргі медицина кеш репродуктивті жас ретінде 35 жастан 49 жас аралығын алып отыр. Ал осы жастағы аяғы ауыр, босанатын әйелдер қауіп-қатері басым топқа жатады.
10 Қазан, 2024
Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық кітапханада Ұлттық ғылым академиясының академигі, лингвист ғалым Рәбиға Сыздықтың 100 жылдығына арналған «Тіл білімінің тарланы» атты онлайн конференция өтті. Қазақ тіл білімі саласында 27 кітап, 400-ден астам ғылыми мақала мен монография шығарып, 9 докторлық, 19 кандидаттық диссертацияға жетекшілік еткен айтулы ғалым, ұлық ұстаз туралы әр өңірдегі шәкірттері еске алды.
10 Қазан, 2024
Орал қаласындағы агромаш жөндеу зауытының құрылғанына келер жылы 70 жыл толады. Тың игеру кезінде қалыптасқан өнеркәсіп уақыт сынына төтеп берді. Мамандандырылған автокөлік шығаратын ірі кәсіпорын былтыр 120-дан аса арнайы техника, 115 тіркеме шығарған. Бір кездері шаруасы шатқаяқтап қалған кәсіпорынның еңсесін қалай тіктеп алғаны тіпті қызық...
10 Қазан, 2024
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы WBO мен IBF нұсқасы чемпиондық тәжінің иегері Жәнібек Әлімханұлын (16-0, 11 КО) Ұлыбританияның дүлдүлі Хамза Ширазбен жұдырықтасуды міндеттеді. Қазіргі кезде Лондонның іргесіндегі Илфорт қаласының тумасы EBU European мен WBC Silver деп аталатын ортаңқол нұсқалардың алтын белбеуіне ие. Бірақ Ширазбен санаспауға болмайды. 21 кездесудің барлығын жеңіспен аяқтап, 17 қарсыласын нокаутқа жіберген Хамза – өте қарулы жігіт.
10 Қазан, 2024
Әуелі Жамбыл облысында қанатқақты жоба ретінде басталған «Ауыл аманаты» жобасы кейіннен Президент пәрменімен еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасын тапты. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін, кәсіп бастауға ниетті елді мекен тұрғындарын қолдау мақсатында қолға алынған ауқымды жоба өз тиімділігін көрсетіп отыр.
10 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында тұтынушы құқын қорғауға арнайы көңіл бөліп, Үкіметке, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ішкі нарық пен отандық өндірушілерді қорғауға бағытталған сауда саясатында реттеуші шараларды әзірлеуді тапсырған болатын.
10 Қазан, 2024
19 қазан - Дәстүрлі әндер дүбірі Астана қаласындағы Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің қатысуымен дәстүрлі әншілердің «Шырқа, дауысым» кеші өтеді.
10 Қазан, 2024
Кең көшені бойлай көлікпен жүріп келе жатырмыз. Бейтаныс ауылда ат байлар жердің бағытын білмей пұшайман болдық. Жөн білер біреу жолықса жол сұрамақшымыз. Көз байланып келе жатқан уақыт еді. Баяғыда ғой, ел ішінде мұндай уақытта адам аяғы басыла қоймайтын. Біреу шөп тасып, біреу қысқы отынын қамдап абыр-сабыр болып жатушы еді. Қазір көлденең жүргінші кезіге қоймайды екен.
10 Қазан, 2024
Кей өңірде қар жауып, көктайғақ болады - синоптиктер
Синоптиктер осы айдың 10-12 күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қазан, 2024
Ақуызды зерттеген ғалымдар Нобель сыйлығын алды
Биыл химия бойынша Нобель сыйлығы ақуыздың компьютерлік дизайны мен олардың үш өлшемдік құрылымын жасаған ғалымдар Дэвид Бейкер, Демис Хассабис және Джон Джамперге берілді. Бұл жөнінде 9 қазанда Нобель комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
09 Қазан, 2024
Жыл басынан бері білім саласында 287 қылмыс тіркелген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров брифингте Жаңақорған аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысына, оның қарамағындағы бас есепші мен бас экономистке, сондай-ақ 24 мектеп есепшісіне қатысты тергеу амалдары аяқталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
09 Қазан, 2024
ШҚО-да спорт саласына бөлінген 80 миллион теңге ұрланған
ШҚО-да облыстық спорт басқармасының қызметкері мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшылығы 80 миллион теңге көлеміндегі қаражатты жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында бюджеттің кіріс бөлігінің орындалмай жатқанына арнайы тоқталды. Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) мәліметіне қарағанда, жергілікті атқарушы органдар әлі де түпкі нәтижеге қол жеткізуге емес, ел қазынасынан бөлінген қаражатты қалайда игеруге басымдық беріп отыр. Мұны ЖАП-тың тапсырмасы бойынша Абай облысының тексеру комиссиясы жүргізген аудит қорытындысы айғақтап берді.
09 Қазан, 2024
Бағдарламаның балық шаруашылығына шарапаты
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы Түркістан облысы тұрғындарының табысын арттыруға септігін тигізіп келеді. Алғашқы жартыжылдықта бағдарлама есебінен 30 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 3 413 жаңа жұмыс орны құрылды. 75 кооператив ашылды.
09 Қазан, 2024