Оқи отырыңыз
Нұр-Сұлтанда 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі хабарлады.
02 Сәуір, 2020
Жамбыл өңірінде көктемгі егіс дала жұмыстары жүргізілуде
Биыл Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының көлемін 687,1 мың гектардан 710,0 мың гектарға жеткізу көзделген. Бүгінге дейін жергілікті диқандар жерді жыртып, оның басым бөлігін өңдеп, дәнді дақылдарды себу шараларын бастап кетті. Биылғы наурыз айының соңындағы облыс аудандарының мәліметі бойынша 93277 гектар жерде көктемгі жер жырту жұмыстары атқарылып, 292035 гектар жер өңделген. Сонымен қатар жаздық масақты дәнді дақылдар 168879 гектар алқапқа егілген. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 365,3 мың гектар, майлы дақылдар 64,2 мың гектар, қант қызылшасы 7,2 мың гектар, картоп 10,5 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары 51,5 мың гектар, мал азығы дақылдары 211,3 мың гектарды құрайды деп жоспарланған.
02 Сәуір, 2020
Түркістанда қылмыстық құқық бұзушылық 27,2 пайызға азайған
Түркістан қаласы бойынша жыл басынан бері 258 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Яғни өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 27,2 пайызға азайған.
02 Сәуір, 2020
«Астана» велокомандасы жалақыны 30% қысқартты
Сәуір айынан бастап «Астана» велокомандасы жарыс қайта басталғанша қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға қысқартады. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлады.
02 Сәуір, 2020
Қазақстанның әскери-теңіз күштеріне 27 жыл толды
Бүгін Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы маңызды оқиғаны - оның құрылғанының 27 жылдығын атап өтуде. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшлығы баспасөз қызметі хабарлады.
02 Сәуір, 2020
QWANT білім беру жобасы ашылады
Цифрлық өнім мен қызметтер нарығының қазақстандық сегментіне арналған бағдарламашылар мен әзірлеушілерді дайындайтын QWANT білім беру жобасы 15 сәуірде ашылады.
02 Сәуір, 2020
Маңғыстаудағы зияткерлік мектеп балабақшаларға бетперде таратты
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы облыс орталығындағы «Хиуаз», «Әлия», «Мәншүк» балабақшаларына қорғаныс бетперделерін сыйлады. Осылайша ұстаздар қауымы #Бізбіргеміз жалпыхалықтық акциясына үлес қосты, деп хабарлайды аталған мектептің баспасөз қызметі.
02 Сәуір, 2020
Қазақстандық сот-сараптама жүйесі уақыт талабына сай жетілдіріліп келеді
Қазақстандық сот сараптамасы бүгінгі күнге тән міндеттерді, функциялар мен жүйені өз міндетіне алғанша өзінің қалыптасуының бірқатар кезеңдерінен өтті. Қазақстан Республикасында сот сараптамасының пайда болу, қалыптасу және дамуы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының тарихымен тығыз байланысты. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының сот сараптамасы тарихы мәселесін қарау кезінде әртүрлі уақытта осы саланы нормативтік реттеудің аспектілерін зерделеу маңызды болып табылады.
02 Сәуір, 2020
Туннель коронавирустан қорғайды
Коронавирус инфекциясын жұқтырмаудың басты жолдарының бірі – сақтану шараларын мұқият сақтау екендігі белгілі. Осы орайда, ақтөбелік кәсіпкер Хайдар Ілиясов елімізде тұңғыш рет залалсыздандыру туннелін жасап шығарды. Оның пайдасы мен ерекшелігі неде?
02 Сәуір, 2020
Күшейтілген карантин. Біз көктемнен, көктем бізден тығылып жүргендей. Ойлар, сезімдер жасырынбақ ойнайды. Аңсамауға, сағынбауға, іздемеуге, бауыр мен достың жүзін көрмеуге іштей беки түстік. Оңтүстікте өрік гүлдеп жатса да. Өзіңнің ғана емес, солардың амандығы үшін де.
02 Сәуір, 2020
Басқа мемлекеттерде ұрыс қимылдарына қатысқандарға салықтық жеңілдіктер қарастырылады
Парламент Мәжілісінде арнайы заң жобасы әзірленіп, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер үшін салықтық жеңілдіктер беру қарастырылып отыр.
02 Сәуір, 2020
Барлық берешек бойынша төлемдер кейінге қалдырылады - Берік Шолпанқұлов
Бұл туралы Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
02 Сәуір, 2020
Мұнайдың орташа бағасы 20 доллар межесінде бекітілді
Жыл басынан бері мұнай бағасы 65,7%-ға, металдар орта есеппен 15,6%-ға, әлемдік биржалық индекстер орта есеппен 20,9%-ға төмендеді. Биылғы 1-ші сәуірдегі жағдай бойынша мұнай бағасы бір барреліне 22 долларға дейін төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен жиында Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов айтты.
02 Сәуір, 2020
Қазақстан мен АҚШ арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісім қаралды
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
02 Сәуір, 2020
Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің бас маманына, осы бөлімнің сектор меңгерушісі мен риелторға қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
02 Сәуір, 2020
Ерлан Сыдықов: Анық жол, айқын жоспар – елдіктің белгісі
Төтенше жағдай мен мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты Президент Қ.К.Тоқаевтың республика телеарналарынан жасаған мәлімдемесі аса маңызды және көкейкесті деп білеміз. Өйткені осынау жауапты кезеңде жұртшылық шынайы да білікті ақпараттың ғана емес, сенім мен әлеуеттің қуатын қажетсініп отыр.
02 Сәуір, 2020
Атырау: Бүгін қалаға кіріп-шығуды шектеу күшіне енді
Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллиннің мәліметінше, карантин кезінде қоғамдық қауіпсіздікті, қала аумағындағы уақытша шектеулер талабының сақталуын қамтамасыз етуге 674 қызметкер жұмылды. Оның ішінде ішкі істер органдарының 500 қызметкері, Ұлттық ұланның 94 әскери қызметшісі, Қорғаныс министрлігінің 80 қызметкері бар. Сондай-ақ бұл шара үшін 68 автокөлік бөлінген.
02 Сәуір, 2020
Дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 триллион теңге бөлінеді - Б. Шолпанқұлов
Бұл туралы Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.
02 Сәуір, 2020
Банк ВТБ кәсіпкерлерге 9 млрд теңге сомасында қолдау көрсетеді
Банк ВТБ (Қазақстан) «Қазақстан тұрақтылық қоры» АҚ және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен Шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасына қатысу туралы үш жақты келісімге қол қойды. Банкке бөлінген лимит 9 млрд теңге.
02 Сәуір, 2020
Шымкентте блок-бекетті айналып өтпек болған 150 көлік жүргізушісіне хаттама толтырылды
Шымкент қаласының шеткі елді мекендерінде қыр-адырлар арқылы үлкен автожолдарға шығып кететін соқпақ жолдар бар. Қалаға кіріп-шығуға тыйым салынған соң кейбір тұрғындар осы жолдар арқылы блок-бекеттерді айналып өтпек болған. Сондықтан құқық қорғау органдары әуе дрондарының көмегімен барлық жолдарды бақылауға алды. Бұл туралы Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.
02 Сәуір, 2020