Оқи отырыңыз
Абай әндері ұлттық музыкалық аспаптарда шырқалады
Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау және таныту мақсатында акция бастады. Аталған шаралар қазақтың ұлы ойшылының 175 жылдығын тойлау аясында #Абай175, #1МАМЫР #Birlikkuni, #BizBirgemiz хэштегтері бойынша өтеді.
23 Сәуір, 2020
Былтыр желтоқсан айында жұмыстан қысқарып қалған едім. Сәуір айында бір мекеме «келіңіз, қабылдаймыз» дегеніне қуанып жүргенде мынадай жағдайға тап болдық.
23 Сәуір, 2020
Көп балалы отбасыларға көрсетілген көмек
Бүгінде мемлекеттің көп балалы отбасыларға көрсетіп отырған көмегі көп. Осы мақсатта Тараз қаласында жыл сайын тұрғындарға пәтерлер беріліп келеді. Жуырда Тараз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған 80 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Көптің игілігіне берілген тұрғын үй 15 шағын ауданда орналасқан. Мұнда тұрғын үймен көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жетім балалар және басқа да әлеуметтік осал топтағы азаматтар қамтылды. Жаңа үйде үш бөлмелі 15 пәтер, екі бөлмелі 55 пәтер және бір бөлмелі 10 пәтер бар.
23 Сәуір, 2020
Қазақтың табиғи болмысы мен ерекше мәдениетінің ұлттық төлқұжаты іспеттес бекзат өнердің бірі – айтыс. ХХ ғасырдың орта шеніне таман көмескі тартып, ұлт жадынан өшіп бара жатқан төл өнерге заман сәулесін түсіріп, жандандырып, қайта түлеткен халық таланттарының ішінде – Тобылдың топжарғаны берен тілді Әсия Беркенова да жүрді. Қазақстанның халық ақыны биыл сәуірде 70 жасқа толып отыр.
23 Сәуір, 2020
Атыраулықтар алты бағытта жұмыс істейді
Волонтерлер штабы құрылып, аймақ тұрғындарының қажеттіліктерін ескеріп, қолұшын созып жүргендердің, қоғамдық тәртіпті реттеуге атсалысқандардың қатарында атыраулық волонтерлер штабы да бар. Бір қызығы, штаб мүшелері қатарын толықтыруға ниеттілер күн санап артып келеді. Көмекке келгендердің орта жасы 30-да. Яғни олар – қаланың ересек, ақыл тоқтатқан азаматтары.
23 Сәуір, 2020
Қосшы ауылындағы «Ер-наз» жекеменшік балалар бақшасы директорының орынбасары Назгүл Төлепбергенқызы Жәкенованың білікті қаржыгер болуға мүмкіндігі әбден бар еді. Мүмкіндік қана емес, табиғи таланты да, қажуды білмейтін қажыр-қайраты да сай келіп тұрған.
23 Сәуір, 2020
Жақсылық жасаудан жарысып жатқандай
Карантин біздің шаңыраққа да күтпеген жерден келді. «Көппен көрген ұлы той» ғой деп, барынша дайындалдық. Ең басты уайымымыз – мектеп жасындағы алты баланы қашықтан оқу мәселесі еді.
23 Сәуір, 2020
Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде Қазақстанда 6,5 мың инфрақұрылымдық жоба бойынша 255 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жол картасы Үкімет басшысының биылғы 27 наурыздағы өкімімен бекітілген болатын.
23 Сәуір, 2020
Ресейде оқитын студенттер елге оралды
Бүгінде көрші Ресей елінде 70 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда. Яғни білім алу мақсатында Қазақстаннан шетелге шыққан жас отандастарымыздың басым бөлігі осы елде оқиды деген сөз. Бұл жағдай әрине екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін білдіретіні анық.
23 Сәуір, 2020
Қаржы мен жан шуағын қатар сыйлады
Жыл ішіндегі айлардың сұлтаны атанған қасиетті Рамазан айы қарсаңында Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жамағаты сауабы мол іс-шараға ұйытқы бола білді. Сөйтіп «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы аясында 99 мүгедек балаға қомақты қоржындар таратылды. Азық-түліктің 22 түрі салынған сыйлықтың жалпы сомасы 2 000 000 теңгені құрайды.
23 Сәуір, 2020
Түлетсем деп туған елдің төскейін...
Туған елдің түтінін түзу ұшыру төскейіндегі адал да нәтижелі еңбекті басты парызы санайтын перзенттерінен екен. Сірә, «ауыл көркі – азаматынан» деген қанатты сөздің осындай оңды мысалдан туғанына еш шүбә жоқ.
23 Сәуір, 2020
Жан-жүрегіммен сезініп отырмын
Мен ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулілер санатындағы адаммын. Бүгінгідей бүкіл әлемге қауіп төндірген, бұрын-соңды адамзат тарихында болмаған ауыр кезеңді көруді маңдайымызға жазған екен. «Көппен көрген ұлы той» деген халық даналығын қаперімізге түйіп, ақыл мен сабырды тең ұстай білсек, нәубеті көп бұл зауалды да еңсеріп, көп кешікпей шат-шадыман шуақты күндермен қауышатын сәтке жетерміз деген үмітімізді үкілеп отырған жайымыз бар.
23 Сәуір, 2020
28 жасында ұшты-күйлі жоғалып кеткен талантты ақын Әділ Ботпановтың өлеңдерін іздеп жүріп оқитындар көп. Сырлы да, мұңды өлеңдері көңіл тербірентеді. Тағдыры жұмбақ жанның оқырман алдында ақтарылуының сыры неде? Сыр бүккен, өмірі құпияға толы ақынның қаламынан туған жырға кезек берейік.
22 Сәуір, 2020
Мамыр айының соңына дейін коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетуі мүмкін
Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мамыр айының соңына дейін індет жұқтырғандар саны 4 мыңға жетуі мүмкін екенін айтты.
22 Сәуір, 2020
Балаларға базарлық. Мұқтаждықты көмекке шақырған жалқау
«Еріншектің ертеңі бітпес» дегендей, әдетте жалқаулардың сылтауы ешқашан таусылмайды. Сондай еріншек балалардың бірі еңбекке қалай араласып кеткенін білсеңіздер ғой. Бұл жайлы Башқұрт халқының ертегісінде баяндалады. Олай болса, бірге тамашалайық.
22 Сәуір, 2020
Коронавирус инфекциясын анықтайтын эпидемиологтар жетіспейді - Айжан Есмағамбетова
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус инфекциясын анықтайтын эпидемиолог мамандардың жетіспейтінін айтты.
22 Сәуір, 2020
Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың жұмысы тоқтады
Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
22 Сәуір, 2020
Камалжан Надыровтың соңғы күндері қай облыстарда болғаны анықталды
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Денсаулық сақтау вице-министрі болған Камалжан Надыровтың соңғы күндері қай облыстарда болғанын айтты.
22 Сәуір, 2020
Сенатор Серік Бектұрғанов өңірлердегі дәрігерлердің шағымына назар аударды
Төтенше жағдай кезінде, әсіресе, алғы шепте жұмыс істеп жүрген азаматтарға қолдау білдіру ауадай қажет. Дегенмен, осындай қарбалас жағдайында медицина саласының қызметкерлері тиісті дәрігерлік құралдар мен төлемақының болмай отырғаны туралы шағым айтқан текетірестер жиі орын алуда. Сенат депутаттары аталған оқиғаны бақылауда ұстап, оның шешілу жолдарын қарастырып отыр. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
22 Сәуір, 2020
Сенатта бейбіт жиналыстар туралы заң жобалары талқылануда
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жобаларын талқылау жұмыстары басталды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
22 Сәуір, 2020