Оқи отырыңыз
Димаштың шет елдердегі жанкүйерлері қазақ тіліне қызыға бастады
Әншінің үні – оның айрықша қыры, уақыттың құрылысы. Ол өзінің даусының көмегімен тыңдаушыларының ішкі әлемінің құлпын ашып, жан дүниесінде не сақталғанын және құпия ойлары туралы айта алады. Вокалист үшін музыкалық әуен – ең маңызды қазына. Ол айрықша көңіл бөлуді, қамқорлықты қажет етеді. Оны жоғалтып алу немесе бұзып алу оп-оңай, алайда, қалпына келтіру қиын. Музыкалық үн өте сезімтал және мұңды келеді, сол себептен де оны қорғаштау қажет деп жазады әйгілі әншінің dimashnews.com сайты.
19 Наурыз, 2020
Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы мамандары Орал қаласындағы сауда орындарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қадағалауға кірісті.
19 Наурыз, 2020
Түркістан: Емдеу мекемелері сақтық шараларын күшейтуде
Түркістан облысындағы барлық ауруханаларда коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары күшейтілді. Емдеу мекемелері жаппай карантинге көшті.
19 Наурыз, 2020
Ақтау әуежайында барлық халықаралық әуе рейсі уақытша тоқтатылады
Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.
19 Наурыз, 2020
Төтенше жағдай: Жұмыс кестесі өзгерген жұмысшыға еңбекақы қалай төленеді?
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 16 наурыздан бастап ел аумағында төтенше жағдай жарияланды. Эпидемияның алдын алу мен күресу шаралары кезінде аймақтардағы кәсіпорындар қысқарған жұмыс уақытына көшіп, жұмысшыларды кезектен тыс еңбек демалысына жіберуді бастады. Сондай-ақ облыстағы жұмыс берушілер қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеуін қамтамасыз етіп жатыр.
19 Наурыз, 2020
Қарулы Күштер төтенше жағдай режимін қамтамасыз етеді
Қорғаныс ведомствосында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 16 наурыздан бастап жариялаған төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге байланысты аппарат кеңесі өткізілді.
19 Наурыз, 2020
Қазақстандықтар Жеңіске 75 жыл фото галереясын құруға үлес қоса алады
Қазақстан Қарулы күштері Әскери-тарихи музейі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың фотосуреттері мен майдан хаттарын жинау іс-шарасы басталды. Жиналған материалдар музейдің атриумында орналастырылатын «Ер есімі – Ел есінде» бірегей фотогалереясына кіреді.
19 Наурыз, 2020
Целиноград ауданына жаңа әкім тағайындалды
Целиноград ауданының әкімі болып Бақытбек Оспанбеков тағайындалды. Бұған дейін бұл міндетті атқарған Мәлғаждар Тәткеев таяуда облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жаңа тағайындалған әкімнің қызметіне табыс тілеп, бірқатар мәселелерді шұғыл қолға алуды тапсырды.
19 Наурыз, 2020
Алматыны айналып өту жолының сызбасы көрсетілді
19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап жарияланған карантин ережелерін сақтау, сондай-ақ қаланың көлік артериясын түсіру тәртібін реттеу мақсатында Алматы полициясы қаланы облыс аймағы арқылы айналып өту жолының сызбасын картаға белгіледі.
19 Наурыз, 2020
Еуропаның футбол лигалары шығынға батуда
Қарт құрлықтың «ТОП-5» футбол лигалары, яғни Англия, Италия, Испания, Франция және Германия чемпионаттарында өнер көрсететін командалар шығынға батуда.
19 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің жүру уақыты қысқарды
Елордада карантин енгізуге байланысты қала маңына қатынайтын бағдарлар саны 32%-ға азайып, автобустар барлық бағдарлар бойынша кешкі 21.00-ге дейін қатынайды. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
19 Наурыз, 2020
Ұлттық конкурс туралы жария хабарландыру
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 Өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі.
19 Наурыз, 2020
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген ресми ақпаратқа сүйенсек, кешеге дейін өңірде коронавирус індетін жұқтырған бір де бір адам тіркелмеген.
19 Наурыз, 2020
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдегі медицина және басқа да жауапты сала қызмет өкілдерімен кездесіп, коронавирус инфекциясына қарсы дайындық шараларының мәселесін талқылады. Өңірде 544 дәрігер төтенше вирустың алдын алу, диагностика және емдеу бойынша оқу курстарынан өткен.
19 Наурыз, 2020
Қос қалаға кіру мен шығуды шектеу туралы
Бүгін, яғни 19 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап енгізілетін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумағына адамдардың кіруін/шығуын шектеу келесі санаттағы тұлғалар үшін қолданылмайды:
19 Наурыз, 2020
«ҚазТрансГаз» сақтық шараларын қабылдады
Коронавирус инфекциясының (COVID-19) пандемия деп жариялауына байланысты және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде Төтенше жағдай режімін жариялауына орай «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» Ұлттық компаниясы бірқатар алдын алу шараларын қабылдады.
19 Наурыз, 2020
«Egemen Qazaqstan» газетінің 24 ақпан күнгі санында «Жылу қуатының тапшылығы өңір дамуына кедергі» деген мақала жарияланған еді. Көтерілген мәселе назарға алынды ма, жоқ па, бірақ дәл осы жылу тапшылығы мәселесі облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды.
19 Наурыз, 2020
Мәжіліс жұмысы жаңа форматқа көшті
Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында бірқатар маңызды заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
19 Наурыз, 2020
Кәріз суы ма, жер асты суы ма?
Маңғыстауда Каспий теңізі мен су айдынына қатысты алуан мәселе оқтын-оқтын бой көрсетіп келеді. Ақпан айында суы қызыл түске еніп тұрғындарды бір дүрліктірген теңіз жағалауында көктемде тағы бір мәселе «бас көтерді». Бұл – жағалаудағы ғимараттар маңайын су басуы. Мұны тұрғындар теңіздің суы емес, кәсіпорын, мекемелердің кәріз суы деп қабылдады.
19 Наурыз, 2020
Мектеп түлектері ауылды қуанышқа бөледі
Кезінде ауылдағы орта мектепті бітірген түлектер қазір әр салада еңбек етіп, қызмет атқаруда. Туған ауылдарын, білім алған мектептерін ұмытпай, қолдау көрсетуде. Мақсат – ауыл шырайын келтіріп тұрған шағын мектептің жабылмауына үлес қосу.
19 Наурыз, 2020