Оқи отырыңыз
Атырау облысында «496 разъезд» стансасының 150 тұрғыны жаңа баспанаға ие болды
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 16 отбасы Жұлдыз ықшам ауданындағы жайлы тұрғын үйлерге көшірілді деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
13 Желтоқсан, 2019
Түркістанда тұрғын үйлерге табиғи газ берілді
Түркістан қаласында 20 000 абонентті жыл соңына дейін табиғи газбен қамту жоспарлануда. Осылайша облыс орталығындағы тұрғын үйлер 56% «көгілдір отынмен» қамтылады. Жалпы биыл Түркістан облысында 35 елді мекенге газ қосылды. Жыл соңына дейін тағы 50-ге жуық ауылға табиғи газ тартылады.
13 Желтоқсан, 2019
Алматы облысында 89 мың кәсіпкер салық рақымшылығын алды
Биыл еліміздің кәсіпкерлері үшін салық рақымшылығы жарияланған болатын. Ол бойынша төленбеген берешек сомаға есептелген үстеме проценттер алынып тасталып, негізгі қарызды ғана төлеуге мүмкіндік берілген еді. Қазір мемлекет тарапынан жасалған жеңілдікті пайдаланып, салық қарызын өтеуге ұмтылған кәсіпкерлер қатары көбейіп отыр.
13 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік күні қарсаңында Сырдария өзенінің сол жағалауында салынып жатқан тұрғын үйлердің төртеуі пайдалануға берілді. «Нұрлы-Жер» бағдарламасы аясында салынған баспана кілттерін табыстау салтанатына облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты.
13 Желтоқсан, 2019
Алматыда Серке Қожамқұлов туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді
Алматыдағы Ұлттық кітапхана қабырғасында режиссер Алексей Каменскийдің «Сералы Қожамқұлов» атты деректі фильмінің тұсаукесер көрсетілімі болып өтті. Жас ұрпақтың рухани жаңғыруына жол ашатын айтулы жобаны ұлт қайраткерінің рухына көрсетілген құрмет деп атауға болатындай.
13 Желтоқсан, 2019
Конфедерация кубогында Алматы қаласы алдына жан салмады
Жеті спорт түрін қамтыған Конфедерация кубогы – республикамыздағы ең ірі жарыстардың бірі әрі бірегейі. Жүлде қоры 165 миллион теңгені құрайтын осы додада даралануды әрбір команда армандайды.
13 Желтоқсан, 2019
Басылым басшылары - Халел ЕСЕНБАЕВ (07.1919 - 02.1920)
Х.Есенбаев (1892-1938) Орал өңiрiнде (Казталов ауданы, Ағашүй ауылы) өмiрге келген. Ауылдан хат танып, кейiн Орынбордағы Құсайын медресесiне түседi. Сөйтiп мұғалiм мамандығын алып шығады.
13 Желтоқсан, 2019
Бір топ журналист Елбасының Алғыс хатымен марапатталды
Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
13 Желтоқсан, 2019
Қостанай облысындағы МӘМС жүйесінің дайындық жұмыстарына аудит жүргізілді
Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Қостанай облысына арнайы барып, аймақтағы медициналық мекемелердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындығымен танысты. МӘМС 2020 жылы 1 қаңтардан бастап толық іске қосылады.
13 Желтоқсан, 2019
Елбасының бастамасымен жарияланған Жастар жылы сәтті аяқталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылының басталуы рәсіміне арналған шарада сөйлеген сөзінде «Елге қызмет ету тек білімді ғана емес, намысты да талап етеді. Жас ұрпақтың ар-намысы жоғары болса, мемлекетіміздің мәртебесі биік болады» деп атап көрсетті. Жастар жылында өскелең ұрпақты қолдау үшін көптеген жұмыс атқарылды.
13 Желтоқсан, 2019
Жастар жылы еліміздің жастарына өз таланттары мен идеяларын іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жастар кәсіпкерлігі, ұлттық туризм, волонтерлік және басқа да бағыттар дамып жатыр.
13 Желтоқсан, 2019
Ыбырайдың ізбасарларын ынталандырған жыл
Жастар жылы ұстаздар қауымы үшін, әсіресе жас мұғалімдер үшін өте табысты, қуанышты жыл болды деп айтуға болады. Биылғы оқу жылында ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды, дәстүрге айналған Тамыз конференциясына алғаш рет Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
13 Желтоқсан, 2019
Плей-офф кезеңіне шыққандар белгілі
Өткен сейсенбі және сәрсенбі күндері футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталып, жарыстың 1/8 кезеңіне жолдама алған командалар анықталды.
13 Желтоқсан, 2019
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) арнайы комиссиясы 13-ші аптаны қорытындылап, өткен жеті күнде үздік ойынымен көзге түскен ойыншылардың есімін атады. Олардың қатарында «Барыс» ойыншысы да бар.
13 Желтоқсан, 2019
Qaganat желісінің бас аспазы – балалар үйлерін 2 ай бойы дәмді ас дайындауға баулыды
Біздің қоғам дәл қасымызда ата-аналарының аялы алақаны мен тәрбиесін көре алмай өсіп келе жатқан буынның да бар екенін ұмытпауға ұмтылып келеді. Бір қуанарлығы, бүгінгі таңда осы бағыттағы бастамалар легі көбейді. Мәселен, Qaganat желісінің бренд-шефі екі ай бойы балалар үйі мен мектеп-интернаттың жоғары сынып оқушыларын кәсіпқойлық тұрғыда дәмді ас дайындауға баулыды.
13 Желтоқсан, 2019
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» халықаралық консорциумы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа өндірістік объектіні – 5-ші ішкі кәсіптік құбырын іске қосты. Осылайша Қарашығанақ кен орнындағы өндіру текшесін ұзарту жобаларының бүтін кешенін іске асырудың тағы бір кезеңі аяқталды. Сұйық көмірсутекті өндіру деңгейін ұлғайту жұмысы бір күн де тоқтаған емес.
13 Желтоқсан, 2019
Ғылыми-техникалық кеңестің алғашқы отырысы
Қазақстанда алғаш рет IGTIC бастамасы бойынша жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды бағалау және сараптау жөніндегі Ғылыми-техникалық кеңесі құрылады.
13 Желтоқсан, 2019
Партия қандастарға қолдау көрсетеді
Nur Otan партиясы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар» қоры өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Үшжақты меморандумға қол қоюдағы басты мақсат – дүниежүзіндегі қазақтарды тарихи отаны төңірегіне ұйыстыру ісіне қолдау көрсету, атажұрттан тыс жерде, басқа елде туып өсіп, елге оралған қандастарымызға көмек қолын созу.
13 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік мерекесінде мерейі тасыды
Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау салаларының белгілі қайраткерлеріне, өндірістік сала өкілдеріне мемлекеттік наградаларды және әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық иелеріне дипломдар мен төсбелгілерді салтанатты жағдайда тапсырды.
13 Желтоқсан, 2019