Оқи отырыңыз
Ауаны ластаушылар – ірі кәсіпорындар
Соңғы уақытта Ақтөбе қаласының экологиялық ахуалы мен жай-күйі төмендеп бара жатқаны жөнінде айтылып та, жазылып та жүр. Өзекті мәселе өз кезегінде облыс орталығы мен оның маңайындағы атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту қажеттігін байқатады. Қоршаған ортаның бүлінуіне бірінші кезекте өнеркәсіп қалдықтарының көлемі көбейіп келе жатқаны теріс әсерін тигізуде. Сондай-ақ ерекше қорғалатын аумақтар жүйесін құру ісінің кешеуілдеп жүргені де экологиялық шиеленісті одан әрі ширықтыра түсті.
27 Қыркүйек, 2019
Вокзалдың қасбеті – қаланың әспеті
Қарағандының қайта жаңғыртылып жатқан темір жол вокзалы ала жаздай әңгіме болды. Облыс, қала басшылығы дүркін-дүркін құрылыс басына барып, мердігер компанияның жұмысын жіті қадағалап жүрді. Жолаушыларды айтпағанда, қала тұрғындары да жаз бойы жабық болған вокзалдың құрылысы қашан бітеді, қалай болып шығар екен деп асыға күтті. Өйтпегенде ше, вокзал деген кез келген қаланың, елді мекеннің бет-бейнесі, әспеті емес пе?!
27 Қыркүйек, 2019
Интернет игілігін қалай пайдаланамыз?
Алғашында интернетті айшылық алыс жерлерден хабар алғызып, онлайн ақпарат іздестіру үшін ғана пайдаланған қолданушылар үшін қазір интернеттің түрлі қызметі бар. Ғаламтордың ғаламаты үйде немесе әлемнің кез келген нүктесінде отырып-ақ керек құжатыңызды алып, қажет тауарыңызға қол жеткізесіз. Ол аз десеңіз, онлайн дәрігерге жазылып, медициналық көмекке жүгіне аласыз. Оған тағы қашықтықтан онлайн оқуды, кәсіби біліктілікті арттыруды қосыңыз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын интернет сіздің күнделікті уақытыңызды үнемдеуге үлкен себеп.
27 Қыркүйек, 2019
Ақтау қаласында «CIO and Digital Professionals Workplace 2019» конференциясы өтті. Жиын барысында «Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау мен Түркістан облыстары әкімдіктері бастаған бірқатар компаниямен меморандумдарға қол қойды. Ынтымақтастық аясында тараптар Ақтау, Түркістан және Арыс қаласында Smart City қанатқақты қызметін іске қосуға арналған жобаларды енгізу мүмкіндігін қарастырады.
27 Қыркүйек, 2019
Мүмкіндігі шектеулі жастардың IT жобалары
Даму ерекшелігі бар жастарды әлеуметтік оңалтуға бағытталған «IteachMe» жобасының қатысушылары инновациялық идеялары үшін гранттар ұтып алды. Жеңіске жеткен жобалар арасында мүмкіндігі шектеулі жандарға өзін кез келген мамандық иесі ретінде көруге мүмкіндік беретін виртуалды алаң немесе дәрі-дәрмекпен емдеу тиімсіз болған кезде қолданылатын арнайы тренажер бар.
27 Қыркүйек, 2019
Фронт-кеңсе сот жұмысын жеңілдетпек
Қала тұрғындарының заңдық кеңес алуын барынша жеңілдету мақсатында Шымкент қалалық соты ғимаратында «Кедергісіз» құқықтық көмек беретін фронт-кеңсесі ашылды.
27 Қыркүйек, 2019
Сексенбай әулиенің аты ұлықталды
Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Ортақ ауылында осы елдің тумасы Сексенбай әулиенің жерленген зиратының басына ескерткіш белгі орнатылып, ас берілді.
27 Қыркүйек, 2019
Францияның экс-президенті Жак Ширак қайтыс болды
Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак қайтыс болды деп хабарлайды РИА Новости.
26 Қыркүйек, 2019
Дзюдо: Әлем чемпионатының алғашқы күні бір алтын және бір қола медальді олжаладық
Дзюдодан Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінің алғашқы күні Қазақстан құрамасының қоржынына қос медаль түсті. Атап айтсақ, 55 кило салмақта күш сынасқан Нұрқанат Серікбаев бос жүлдені олжаласа, 40 кило салмақ дәрежесінде белдескен Әлима Жұмағалиева қоламен күптелді.
26 Қыркүйек, 2019
Асқар Мамин XII Kazenergy Еуразиялық форумының ашылуына қатысты
Премьер-Министр Асқар Мамин XII Kazenergy Еуразиялық форумының «Энергия көздерінің болашағы: инновациялық даму» пленарлық отырысына қатысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
26 Қыркүйек, 2019
Сібір жарасы сергелдеңге салуда
Қауіп қайдан келеді деуге болмайды. Ай мен күннің аманында көлденең кеселге ұшырап, әбігерге түсіп жатқан адам қаншама. Дәрігерлер адамдарға саламатты өмір салтын ұстанып, жеке бастың тазалығын әрдайым қадағалауды ескерткенімен, бірақ кейбір кеселдің нақты неден болатынын анықтау қиын.
26 Қыркүйек, 2019
Мұқтаж отбасыларға баспана сыйлады
Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрында Жетісудағы мәдениет маусымының ашылу салтанаты өтті. Осы шара барысында Алматы облысының мәдениет саласының қызметкерлері, журналистер мен ақын-жазушылар аудандарда тұратын көп балалы аналарға тұрғын үй кілтін табыс етті.
26 Қыркүйек, 2019
Ауыр атлетикадан Таиландта өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде 96 кило салмаққа дейінгі спортшылар сынға түсті. Бұл салмақ дәрежесінде отандасымыз, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ел намысын қорғаған болатын.
26 Қыркүйек, 2019
Елена Рыбакина турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA сериясына енетін халықаралық турнирдің ширек финалына жолдама алды. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 2,8 миллион АҚШ доллары.
26 Қыркүйек, 2019
«Астана Опера» музыка күнін атап өтпек
Музыка күнінде «Астана Опера» Камералық залында өтетін «Мәңгі өшпес із қалдырған» симфониялық концерттер топтамасы барокко дәуірінің атақты композиторы А.Вивальдидің туындыларынан құралған бірегей бағдарламамен ашылмақ. 1 қазан күні Қазақстанда алғаш рет «Азат етілген Андромеда» операсынан Персейдің ариясы шырқалады. «Астана Опера» камералық оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігімен өнер көрсетеді.
26 Қыркүйек, 2019
Асы-Түрген обсерваториясына жаңа телескоп орнатылды
Астрофизикаға әуес адамдардың еліміздегі аспан денелерін зерттейтін арнайы орталықтар жайында білуге құмартатыны анық. Сондай ғажайып сырға толы орынның бірі – Алматы облысының аумағындағы Асы-Түрген обсерваториясы.
26 Қыркүйек, 2019
Атырауда осындай тақырыпта өткен республикалық плэнерге еліміздің түкпір-түкпірінен 20 суретші жиналды. Жылыой ауданындағы Ақмешіт қорымы, Иманқара үңгірі, Ақкегершін бор тауы, Ұшқан ата қорымы, Құлшан ата мешіті, Жем өзенінің табиғаты бес күн бойы қылқалам шеберлерінің шабытына арқау болды.
26 Қыркүйек, 2019