Оқи отырыңыз
Қоғамның әр мүшесі кедергісіз өмір сүруі керек. Бұл орайда инфрақұрылымдарды бейімдеу шаралары тоқтаусыз жүргізіле беруі шарт. Мәселен, өңірде жыл басынан бері 168 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделген. Бүгінде жоспарға сәйкес білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларындағы 628 нысан қадағалаудан өтіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына жағдай жасалды.
20 Қыркүйек, 2024
Су үнемдейтін технологияларға көшу экономиканың барлық саласында қажеттілікке айналып отыр. Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында су ресурстары проблемасының өзектілігін атап өтіп, озық су үнемдеу технологияларын енгізуді жылына 150 мың гектарға дейін жеделдетуді тапсырған болатын.
20 Қыркүйек, 2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Франция астанасы Парижде өткен ХVІІ жазғы Паралимпиада ойындарында жүзу спортынан күміс жүлде иеленген Нұрдәулет Жұмағали мен V Дүниежүзілік көшпелілер ойынында топ жарған жамбылдық саңлақтарға құрмет көрсетті.
20 Қыркүйек, 2024
Жансұлтан Матай: Табысы төмен азаматтардың баспаналы болу мүмкіндігі артты
Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің алдағы дамуына қатысты ой тұжырымдарын айқындап көрсеткен ең маңызды тұстың бірі – адамдардың әл-ауқатын арттыру мәселесі. Ондағы әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты – тұрғындардың қолжетімді әрі сапалы баспанамен қамтамасыз етілуі. Осы ретте «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матайды сөзге тартқан едік.
20 Қыркүйек, 2024
Цифрландыру саласындағы тарихи жетістік
Еліміз цифрлық басқару саласында жаһандық аренадағы деңгейін нығайтып келеді. 2024 жылғы UN E-Government Survey есебіне сәйкес, еліміз электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдік рейтингте 24-орынға көтеріліп, бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда позициясын 4 сатыға жақсартты.
20 Қыркүйек, 2024
ТМҰ қауіпсіздік кеңесі хатшыларының басқосуы
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының үшінші кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты. Кездесу барысында тараптар ТМҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы ахуал жөнінде пікір алмасты.
20 Қыркүйек, 2024
Оқу бағдарламалары заман талабына қарай жаңартылып отыруға тиіс. Бұл қандай талап болуы мүмкін? Білім сарапшылары, сыншылары, баласының біліміне бейжай қарамайтын ата-аналар оқушылар мен студенттердің өмірлік қарапайым дағдыларды меңгеруі керек екенін, соған сай оқу бағдарламасы қайта қаралуы қажеттігін арагідік айтып жүр. Міне, осы ой ескерілді ме, биылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымына «қауіпсіздік сабағы» деп аталатын жаңа пән енгізілді.
20 Қыркүйек, 2024
Қазақ-Британ техникалық университетінде Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйытқы болуымен Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстан ғылымының қазіргі жағдайы мен даму келешегі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, ҰҒА академиктері, жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарының басшылары, еліміздің және шетелдің жетекші ғалымдары, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ отандық ғылымды дамытуға белсене атсалысатын жас ғалымдар қатысып, ғылымды дамыту мен жас мамандар әлеуетін арттыруға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.
20 Қыркүйек, 2024
Технологиялық тұрақтылық талқыланды
Қазақстан мен Ресейдің жоғары білім саласындағы ынтымақтастығы талқыланды. Аталған талқылау Ресей Федерациясының Түмен қаласында өткен TNF–2024 өнеркәсіп және энергетика форумы аясында ұйымдастырылған. Жиынға Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов қатысты.
20 Қыркүйек, 2024
Мобильді қосымша жасаған оқушы
Ақтөбе қаласындағы Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 мектептің 7-сынып оқушысы Даниял Құрманғали Ахмет Байтұрсынұлы туралы толыққанды мағлұмат беретін мобильді қосымша әзірледі.
20 Қыркүйек, 2024
Ұстаз – қандай қастерлі, ұлағатты сөз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстаз еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
20 Қыркүйек, 2024
Өткен аптаның басты жаңалықтарының бірі болған өнер оқиғасы – Димаштың концерті. «Астана Арена» стадионында екі күн қатарынан аншлаг жасаған әншінің таланты шын мәнінде талайды тамсантты. Ал айтулы іс-шараға орай Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен елордадағы Ұлттық музей төрінен ашылған әртістің өмір белестері мен шығармашылығына арналған «Дүние дидарындағы Димаш» атты керемет көрме қазақ қана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған шетелдік келушілерді де таңдай қаққызды.
20 Қыркүйек, 2024
Президент іс басқармасы медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы биоқауіпсіздік саласында елдегі алғашқы референс-зертхана мәртебесіне ие болды. Бұл дегеніңіз – енді тауарлардың қауіпсіздігін халықаралық дәрежеде растауға мүмкіндік туады деген сөз.
20 Қыркүйек, 2024
Деректерге жүгінсек, еліміздегі 11 мыңға жуық кітапханада 25 мыңнан астам кітапханашы қызмет етеді екен. Осыншама қызметкерлердің ішінде ер кітапханашылардың қарасы – 5-6 пайыз ғана. Оның себебі ел арасындағы кітапханашы – әйел адамның жұмысы ретінде қалыптасып қалған түсінік пен еңбекақының аздығымен байланыстырылады.
20 Қыркүйек, 2024
Экологиялық іс-шараның тиімділігі
«Бурабай» ұлттық паркі жазғы экологиялық акциялар барысын қорытындылады. Парк аумағындағы көлдердің жағалау сызығы мен орман жолдарының 150 шақырымнан астамы ретке келтіріліп, жазғы экологиялық акциялар кезінде қоқыстардан тазартылды. Ұлттық парк аумағында төрт жүз тоннадан астам қоқыс жиналды.
20 Қыркүйек, 2024
Спортты бақталастық көгертпейді
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында көкпар додасынан финалдық тартыс Қазақстан ұлттық құрамасы мен Қырғызстан ұлттық құрамасы арасында өтіп, 5:4 есебімен біздің көкпаршылар этноспорт Олимпиадасының чемпионы атанды.
20 Қыркүйек, 2024
Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет құсбегілік сайысы енді. Ала жаздай түлекке отырғызып, етін қатырып, дүбірлі додаға қосқан қырандарының қырағылығын көрсеткен саятшылардың сақа өнеріне көпшілік тәнті болды.
20 Қыркүйек, 2024
«Көшпелілер алгебрасының» алғыры
Кең-байтақ қазақ даласы – елдік пен ерліктің ғана емес, озық салт-дәстүр мен мәртебелі һәм өрісті өнер мекені. Халқымыздың қой бағып, қоймен бірге ой бағып жүргенінің тағы да бір жарқын үлгісі, ұлттық бірегей ойын түрі саналатын тоғызқұмалақтың тарихы тым тереңнен тамыр тартады. Алғырлық пен тапқырлықты талап ететін ойын кем дегенде 4000 жыл бұрын пайда болған. Бағзыдағы бабалар өсиеті келер ұрпақты қуат-күшінің мықтылығымен сынап қана қоймай, көңіл көзінің көреген болуына, ақыл-парасатымен көп нәрсені пайымдауына үлкен мән берген.
20 Қыркүйек, 2024
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келген Грузияның бірінші вице-премьері – экономика және орнықты даму министрі Леван Давиташвилимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Қыркүйек, 2024
АЭС: Халықтық штаб Атырауда ғалымдармен кездесті
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб еліміздің мұнайлы астанасы – Атырауға келді. Мұнда ғылыми қауымдастықпен, ЖЭО қызметкерлерімен, өндірушілермен, мұнай-газ және химия өнеркәсібінің өкілдерімен бірқатар кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Қыркүйек, 2024