Оқи отырыңыз
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
03 Тамыз, 2024
Көлік қызметкерлері күні – кез келген көлік құралын ұршықша иіріп, техникалық қызмет көрсететін автомеханик секілді мамандық иелерінің де мерейлі мерекесі. Қарағандыдағы №3 автопаркте слесарь болып еңбек ететін Тәттімбет Жанат сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Өзі әнші, өзі сазгер жігіттің өнер жолында жүріп те бала-шағасын асырай алатын қабілеті бар. Бірақ өзінің екінші үйіндей болып кеткен автопарктегі қызметіне әманда адал.
03 Тамыз, 2024
Тамыз айының алғашқы жексенбісіне орайластырылған көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні қарсаңында Көлік министрлігі салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Сала қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаған ведомство басшысы Марат Қарабаев үздік мамандарды марапаттап, саладағы ардагерлерге сый-құрмет көрсетті.
03 Тамыз, 2024
Атырау облысында мұнайшылар мен теміржолшылардың, дәрігерлер мен педагогтердің династиясы көп. Солардың қатарында Қабдол Мырзағалиевтен тараған әулет те бар.
03 Тамыз, 2024
Қостанайда экологиялық апталық аясында өткен ауқымды сенбілікке 500-ге жуық мемлекеттік қызметші, волонтер шықты. Бұл жолы Тобыл бойындағы «Шағала» серуен алаңы мен қалалық жағажайды жалғап жатқан аралық шіріген ағаш, қисық бұтақтан аршылып, жол шеті қоқыстан тазарып қалды.
03 Тамыз, 2024
Апта басында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов елордадағы М.Жұмабаев, К.Әзірбаев көшелерінің бойында салынып жатқан Студенттер үйлерінің құрылысымен танысып, мердігер компаниялардың басшыларымен кездесті.
03 Тамыз, 2024
Қазақстанның ең лас аймақтары аталды
Ұлттық статистика бюросы атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың көлемін есептеді. Одан бөлек, еліміздің ең лас аймақтары да анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2024
Владислав Яковлев Е тобындағы финалда жеңіске жетті
Академиялық ескек есуден Ұлттық құрама спортшысы Владислав Яковлев Париж Олимпиадасындағы соңғы жарысында бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.
02 Тамыз, 2024
Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісіміменЕрік Мейрханов Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
02 Тамыз, 2024
Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов кездесуін қайдан көруге болады
Бүгін бокс бәсекелерінде ерлер құрамасынан Нұрбек Оралбай, Сәкен Бибосынов шаршы алаңға шықса, әйелдер сапынан Карина Ибрагимова бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
02 Тамыз, 2024
«Қазақфильмнің» жаңа басшысы мәлімдеме жасады
2024 жылдың 1 тамызында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясының уақытша президентінің міндетін Айдар Омаров атқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2024
Париж-2024: Бүгін отандастарымыз 8 спорт түрінен жүлдеге таласады
2 тамыз күні Париждегі дүбірлі спорт додасында 14 ел атлеті бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
02 Тамыз, 2024
Еліміздің барлық өңірінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялары қызметінде өткен брифингте халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға қажетті көмек алу туралы толығырақ айтып берді.
02 Тамыз, 2024
«Жайлы мектеп» жергілікті тауар өндірушілерге дем берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асып жатыр. Соның ішінде Шымкент қаласында осы жоба аясында 18 мектептің іргетасы қаланады. Қазір шаһарда құрылыс жұмыстары қарқын алды. Бұл дегеніміз бір ауысымда – 28 мың, ал екі ауысымда 56 мың оқушы білім нәрімен сусындауға мүмкіндік береді.
02 Тамыз, 2024
Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының басталуына да санаулы күн қалды. Этноспорт Олимпиадасы саналатын дүбірлі доданы тамашалауға ықыласты туристердің де қатары артатыны сөзсіз. 2014 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан аламанның даңқын алты құрлыққа жеткізуге құмбыл жандар да жетерлік. Солардың бірі – 74 жастағы зейнеткер марафоншы Сәрсенбай Қотырашев.
02 Тамыз, 2024
Бас бапкерге зор сенім жүктелді
Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында көкпардан ұлттық құрама мүшелері екі бірдей додаға кіреді. Көкпардан тартысқа түсетін жігіттер қырғыздың көкбөрі сайысынан да бақ сынайды.
02 Тамыз, 2024
Төрешілер көкпар ережелерін пысықтады
Шымкентте Rixos Khadisha қонақүйінде V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына арналған көкпар спортынан төрешілік білімін меңгеру бойынша халықаралық тренинг өтті.
02 Тамыз, 2024
Ұлттық ойынды шетелге таныстырады
Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына әзірлік барысымен шетелдік блогерлер танысты. Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде шетелдік блогерлерге отандық туризмді дамытудың жоспарын, өркендеу үдерісі мен ұлттық спорт түрлерінің өрісін таныстырды.
02 Тамыз, 2024
UFC-де күш сынасып жүргеніне аса көп уақыт болмаса да, біраз бедел жиын үлгерген қазақтың аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев қазіргі кезде аса жеңіл салмақтағы (56,7 кг) спортшылардың рейтингінде 14-орынға көтерілді.
02 Тамыз, 2024
Мен деген... «Мен мен едім, мен Нарында жүргенде...» деп айтатын мен емес, қарапайым еркекпін. Онымды өзім де мойындаймын. Заман өзгеріп, нарық келіп, еркектен еркелік те, билік те кеткеніне өз басым өкінбеймін. Заманға бейімделіп, бар тірлікті дөңгелете өрге оздырған қатынға... ойпыр-ай, қатыны несі, естімесін, еркелете айтсам, қатышқа ризамын.
02 Тамыз, 2024