Оқи отырыңыз
Алматы жұрты Арыс тұрғындарымен бірге
Арыстағы ағайынның басына түскен тосын жағдайды Алматы жұртшылығы да күйзеліспен қабылдады. Қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Алматы қаласы тарапынан қиындыққа тап болған тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету шаралары қолға алынғандығын жеткізді.
25 Маусым, 2019
Мәдениет және спорт министрлігі Арыс қаласына көмек көрсететін штаб құрады
Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті Арыс қаласына көмек көрсететін штаб құрады. Осыған, орай Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Серік Сапиев қала тұрғындарын аталған қайырымдылық шарасынан қалыс қалмауға шақырды.
25 Маусым, 2019
Жетісу жұрты Арыстағы ағайынға қол ұшын созуда
Талдықорғанда «Жетісу Арыспен бірге!» деген атаумен қайырымдылық акциясы басталды.
25 Маусым, 2019
Ашық аспан астында - пианинолар
Ақтөбе қаласында мәдениет саласының үздігі Дина Ниязова қолға алған жаңа жобаға сәйкес алаңдар мен саябақтарға бірнеше пианинолар қойылды.
25 Маусым, 2019
Қазақстанның үш облысында АЭТХТ кезең-кезеңмен өшіру басталды
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде елде аналогты телерадио хабарларын таратуды толықтай өшіріп, цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға кезең-кезеңмен көшу жөніндегі жоба белсенді түрде іске асырылуда. Бүгінгі таңда 447 радиотелевизиялық станция салынып, жаңғыртылды. Бұл РТС Қазақстанның 4255 елді мекенін цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратумен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.
25 Маусым, 2019
Мырсатаев Тайсонды жеңген жігітпен жұдырықтасады
«Qazaq Promotions» компаниясының ұйымдастыруымен 5 шілдеде Алматыда кәсіпқой боксшылардың жарысы өтетіні белгілі.
25 Маусым, 2019
Egemen Qazaqstan ұжымы бір күндік жалақыларын Арыс тұрғындарына аударады
Қаржы Түркістан облысының Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған.
25 Маусым, 2019
Еуропа ойындары: Балуандар бозкілемге шықты
Бүгін Минскіде өтіп жатқан Еуропа ойындарында еркін күрес шеберлері өз бәсекелерін бастады. Бұл жарыста Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген алты салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынуда.
25 Маусым, 2019
Қарағандыда Арыс тұрғындарына көмек жинау пункті ашылды
Қарағанды облысында облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің қызметкерлері бір күндік жалақыларын Түркістан облысындағы Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде аударады.
25 Маусым, 2019
Көксерке ұстаймын деп бостандығынан айырылды
Кей адамдарда қанағат деген жоқ қой. Обал-сауапты да біле бермейді. Қарын тойдырғаннан басқа да ісі жоқ. Балық уылдырық шашар кезде ашық көлге шығып, пайдаға шықпақ болған Арал ауданындағы екі азамат заң құрығына ілінді. Жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау барысындағы рейд кезінде қолға түскен екеуден 126 келі көксерке тәркіленген.
25 Маусым, 2019
Зертханалық тексерулер жүргізіліп жатыр
Қызылордада Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы шұғыл брифинг өтті деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
25 Маусым, 2019
Қызылордада жыл соңына дейін 2466 пәтерлік 53 үй салынады
Жақында Қызылордадағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 40 пәтерлі үйдің іргетасы қаланды.
25 Маусым, 2019
ММА: Шавқат Рахмоновтың UFC-де күш сынасуына тамаша мүмкіндік туындап отыр
28 маусымда Нұр-Сұлтанда ережесіз жекпе-жектен M-1 Challenge 102 турнирі өтеді. Бұл жарысқа әлемнің бірқатар мемлекеттерінен келген белді спортшылар қатысады.
25 Маусым, 2019
Президенттің сайлауалды бағдарламасының іс-қимыл жоспарын іске асыру – Үкіметтің негізгі міндеті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында азаматтардан алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шаралары қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Маусым, 2019
2026 жылғы қысқы Олимпия ойындары Италияда өтеді
2026 жылы алауы тұтануға тиіс XXV қысқы Олимпия ойындары Италияның қос қаласы – Милан мен Кортина-д'Ампеццода өтетін болды.
25 Маусым, 2019
Медицина цифрландыруды таңдайды
Еліміздегі медицина саласын цифрлауды мақсат етуге байланысты Денсаулық сақтау министрлігінде жаңадан құрылған Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 24 маусымда IT-стартаптардың халықаралық технопаркі «Astana Hub» алаңында ашық есік күнін өткізді.
25 Маусым, 2019
Қарағанды облысының әкімі аттракциондарды тексеруді тапсырды
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аппарат жиынында өңірдегі балалар аттракциондары бойынша рейд жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, ол көшелердегі құдықтар қақпақтарының бар-жоқтығын және құрылыс алаңдарының қоршалуы ережеге қаншалықты сай келетінін тексеру керектігін қатаң түрде талап етті.
25 Маусым, 2019
Мәжіліс депутаттары бір күндік жалақыларын Арыс тұрғындарына аударады
Бүгін Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палата бюросы «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына 1 күндік жалақыны аудару туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Маусым, 2019
Ерлан Тұрғымбаев: Жарылыстар жалғасқандықтан өрт сөндіру жұмыстары тоқтап тұр
Арыстағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында айтты.
25 Маусым, 2019
Төрт балуанымыз үздіктер санатында
Жақында ғана жаңартылған дзюдошылардың әлемдік рейтингінде Қазақстанның төрт бірдей балуаны үздік ондықтың қатарынан еніп отыр. Олар – аса жеңіл салмақтағы Елдос Сметов пен Отгонцэцэг Галбадрах және Ерлан Серікжанов (66 кило) пен Ислам Бозбаев (90 кило).
25 Маусым, 2019