Оқи отырыңыз
Қ. Серікұлы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
24 Сәуір, 2019
Түркістан облысында үш биге ескерткіш орнатылады
Ұлы дала даналарының бірі - Әйтеке би Бәйбекұлының 375 жылдық мерейтойына орай, Түркістан облысында ұлттың Ұлы билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге ескерткіш орнатылады.
24 Сәуір, 2019
Елордада Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Елорда әкімінің өкімімен Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Марат Шоранов тағайындалды деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
24 Сәуір, 2019
Асқар Есілов Байқоңыр ауданы әкімі болып тағайындалды
Мәслихат депутаттары оның кандидатурасын бірауыздан қолдады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
24 Сәуір, 2019
Елордада дауылды ескерту жарияланды
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90% деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
24 Сәуір, 2019
«Eurasian Book Fair 2019» көрмесіне 13 елден 90 компания қатысуда
Елордада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен «Eurasian Book Fair 2019» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды. Салтанатты жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.
24 Сәуір, 2019
Республикалық «SEMSER» әдеби конкурсы жарияланды
«Мәдениет порталы» мен «Алтын қазына» ҚБ бірлесіп жастар арасында Республикалық «Семсер» әдеби конкурсын жариялап отыр.
24 Сәуір, 2019
«Eurasian Book Fair–2019» ІV Евразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өз жұмысын бастады
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
24 Сәуір, 2019
Күрес: Қайсанов бас жүлде үшін таласады
Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері бүгін тағы бес салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салуда.
24 Сәуір, 2019
Бокс: Дычконың қарсыласы анықталды
Аса ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко өзінің келесі кездесуін 10 мамырда АҚШ-тың Флорида штатындағы «Seminole Hard Rock Hotel and Casino» сауықтыру кешешінде өткізеді.
24 Сәуір, 2019
Оралда ауыл режиссерлары шеберлігін шыңдады
Орал қаласында Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының халықтық театр және көпшілік шаралары режиссерлеріне арналған «Кеңістік. Режиссура. Қолтаңба» аймақтық шеберлік сағаты өтті.
24 Сәуір, 2019
Ел таеквондошылары Оңтүстік Кореяға аттанды
Таеквондодан Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамасы әлем чемпионатына тыңғылықты даярлану мақсатында оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Оңтүстік Кореяға аттанды.
24 Сәуір, 2019
Ақтауда зияткерлер «Кітап әлемді бағындырады» акциясын ұйымдастырды
23 сәуір – Дүниежүзілік авторлық құқық және кітап күнінде Ақтау қаласында «Кітап әлемді бағындырады» акциясы аясында 800-ден астам адам бір-біріне кітап сыйлады. Облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен өткен акцияға мектеп оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер қатысты.
24 Сәуір, 2019
Майя Бекбаева «Kazakh TV» арнасының басшысы болып тағайындалды
Белгілі тележүргізуші Майя Бекбаева «Kazakh TV» арнасына басшы болып тағайындалды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
24 Сәуір, 2019
Асқар Жұмағалиев Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті
Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тило Клиннермен кездесу өткізді. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
24 Сәуір, 2019
Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Азия чемпионатына қатыспайды
Катар астанасы Дохада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында үш қарғып секіруден жеңімпаздар анықталады. Бұл туралы Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
24 Сәуір, 2019
Асланбек Шымбергенов Азия чемпионатында жеңіліп қалды
Тайландтың Бангкок қаласында бокстан Азия чемпионатының ширек финалдық бәсекелері өтіп жатыр. ҰОК баспасөз қызметі Қазақстан боксшыларының нәтижесімен таныстырады.
24 Сәуір, 2019
Ұлттық кітапханада «KITAP SHOY´- 2019» мерекелік шарасы өтті
Ұлттық кітапханада дәстүрлі түрде Дүниежүзілік кітап күні аталып өтті. Дәстүрлі шараға Алматы қаласында кітап баспаларының, кітап саудасымен айналысатын орындардың өкілдері, жоғары оқу орындары, кәсіптік білім беру мен орта мектептердің оқушылары атсалысып, кітап мерекесінің көрігін қыздырды.
24 Сәуір, 2019
Түркістанда ауыл шаруашылығына арналған республикалық семинар-кеңес басталды
Түркістан қаласында «Түркістан қаласының аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру және ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында іске асырылатын жобалар» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
24 Сәуір, 2019
Түркістанда «Агроөнеркәсіп кешенінің озық технологиялары» атты көрме өтті
Түркістан қаласында «Агроөнеркәсіп кешенінің озық технологиялары» атты көрме өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
24 Сәуір, 2019