Оқи отырыңыз
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мәдениетін шетелде насихаттауда белсенді жұмыс жүргізіп жатыр
Сыртқы істер министрлігі Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен «Рухани жаңғыру» қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғырту бағдарламасын іске асыруға белсенді араласуда. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
15 Сәуір, 2019
Өзге өңірлерді қайдам Түркістан облысында мектеп бітірген түлектер араға жылдар салып кездесу өткізетін дәстүр қалыптасқан. Сол кездесулерде түлектер өздері білім алған мектепке көмек көрсетіп, бүгінгі оқушыларға үлгі боларлық іс-шаралар өткізеді. Шардара ауданы Қоссейіт ауылындағы «Сырдария» жалпы орта мектебінің 20 жылдық түлектері ерекшелеу де игі іс жасап, 9 баласы бар сыныптасына баспана салып берді.
15 Сәуір, 2019
Өткен жұмада «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы мен «Әдебиет» порталы ұйымдастырған қаламгерлер арасындағы дәстүрлі «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби-онлайн байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Қазақ Ұлттық өнер университетінде өткен іс-шараға Парламент депутаттары, елімізге белгілі ақын-жазушылар қатысты.
15 Сәуір, 2019
Шекарашылар қару-жарақ пен есірткі тасымалдаушыларды ұстады
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Солтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Семей жеке тексеріп-өткізу пункітінің «Үбе авто» бөлімшесінде шекара наряды 2019 жылдың 13 сәуірі күні таңертеңгі 6-лар шамасында Ресейден «Камаз-5320» автокөлігімен келе жатқан 1978 жылғы қазақстандықты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
15 Сәуір, 2019
Азат ел өзгелерге өзіндік дара белгілерімен, дана ұлдарымен, таным-тағылымымен, дәстүр-салтымен танылады. Осы танылудың бір дәйегі әліпбиімізді анықтау еді. Оған қол жетіп келеді. Екі жылға таяу уақыт бұрын латынға көшу туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шықты. Осы жылдың басында жаңа емле ережесінің толық нұсқасы «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланды. Бас газетке берген сұхбатында Президент Қ.Тоқаев «Кез келген ұлттың әліпби таңдауы тек жазу үлгісін таңдау емес», деп оның мән-мағынасына тереңдеп барып, бұл игілікті іске нақты жұмыстар қажеттігін атап айтқаны белгілі.
15 Сәуір, 2019
Архивтану және іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша IV қалалық студенттік олимпиада болып өтті
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде архивтану және іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша IV қалалық студенттік олимпиада болып өтті. Олимпиада Жастар жылы және «Архив – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында студенттердің шығармашылық қабілетімен қатар, архившы және құжаттанушы мамандығының маңыздылығын арттыруға бағытталған.
15 Сәуір, 2019
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері форум өткізді. Форумда ҚазАТУ студенттері Мемлекет басшысының шешімін бір ауыздан қолдап, еліміздің барша студенттері мен жастарын Президенттік сайлауға белсенді қатысуға шақырған үндеу қабылдады.
15 Сәуір, 2019
«Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды
Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу құрметіне орай, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Өзбекстан Мемлекеттік өнер Музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
15 Сәуір, 2019
Солтүстік Қазақстанда ауданның жаңа әкімі тағайындалды
Ағзам Ахметжанұлы Тастеміров Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі қызметіне кірісті.
15 Сәуір, 2019
Түркі сарынын толғаған «Тұран»
Халық әндеріне тербеліп өскен біз анда-санда көмекей әнін естіп қалсақ, тар өкпені толтыра, ұзын өңешті қуалай шыққан қарлығыңқы дауыстың я жат, я жақын екенін қапелімде ажырата алмай тұрғанда, көне заманның қойнауындағы көк түріктің үні құлағымызға талып жеткендей тамыр-тамырда қалғып кеткен ескі ақпараттың бәрі біртіндеп оянып, арқаландыра бастайтынын тұла бойымызбен сезінетініміз бар.
15 Сәуір, 2019
Мамыр айында Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу әуе рейсі ашылады
Мамыр айының ортасында Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу бағытындағы әуе рейсі ашылады деп хабарлайды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев.
14 Сәуір, 2019
Шахмат: Ел чемпионатына кімдер қатысады?
21 сәуірде Алматыда шахматтан Қазақстан чемпиионаты басталады. Жүлде қоры 5 миллион теңгені құрайтын жарыста кімдердің өнер көрсететіні белгілі болды.
14 Сәуір, 2019
Кәсіпқой бокс: Хаммер жеңіліп қалды
АҚШ-тың Атлантик-Сити қаласында кәсіпқой бокстан өткен жарыстың басты жекпе-жегінде германиялық Кристина Хаммер мен америкалық Кларесса Шилдс жұдырықтасты.
14 Сәуір, 2019
АҚШ-тың Санрайз қаласында өтіп жатқан ITF турнирінде қазақстандық теннисші Дмитрий Попко финалға шықты.
14 Сәуір, 2019
Қазақстанда орташа айлық көлемі өсті
Ағымдағы жылдың өткен айында елімізде бір жалдамалы жұмысшының номиналды жалақысы 172 066 теңгені құрады деп хабарлайды Статистика комитеті.
14 Сәуір, 2019
Қостанай облысында шағын және орта бизнес нысандары көбейген
Бұл жөнінде облыс әкімінің аппарат мәжілісінде айтылды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс өңірінде 51 093 шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істеп тұр.
14 Сәуір, 2019
Қостанайлықтар «Ұлы даланың көне сарынын» тыңдады
«Nur Otan» партиясының 20 жылдығы және «Шығармашылық зиялыларымен жұмыс» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған «Ұлы даланың көне сарыны» дәстүрлі ән фестивалінің кезекті концерті облыс әкімдігінің қолдауымен Қостанай қаласында өтті.
14 Сәуір, 2019
Болгарияда көркем гимнастикадан әлем кубогі мәресіне жетті
Болгарияның София қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде жекелеген және топтық жаттығулар аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.
14 Сәуір, 2019
Қорғаныс министрлігінде баспанамен қамтамасыз ету бойынша қабылдау өтті
Нұр-Сұлтан қаласында қорғаныс ведомствосы басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т. Мұхтаров әскери қызметтен запасқа босатылған адамдармен кездесті деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
14 Сәуір, 2019