Оқи отырыңыз
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен CNPC компаниясының президенті Хоу Цицзюнь (ҚХР) Қазақстан мен Қытай арасындағы бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар аясында мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Кездесу бейнеконференция форматында өтті.
28 Желтоқсан, 2023
Биыл еліміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды реформалардың жемісін көрді деп айтуға толық негіз бар. Наурызда Парламент сайлауы өтті. Мәжіліске алты партия өтіп, бірмандатты округтерден депутаттар сайланды.
28 Желтоқсан, 2023
Өтіп бара жатқан жылдың халыққа қаншалықты жайлы болғанын әлеуметтік көңіл күйге қарап бағамдауға болады. Бұл орайда аузымызды қу шөппен сүртіп, ахуалымызға қынжылыс білдірудің реті жоқ. Салада ауыз толтырып айтарлықтай орасан шаруа тындырылды, көптің көңіліне жаққан көшелі бастамалар баршылық. Жаңадан қабылданып, күшіне енген Әлеуметтік кодекстің өзі біраз күш болды. Енді осы бағыттағы нәтижелерге жалпы тоқталып өткеніміз жөн.
28 Желтоқсан, 2023
Кәсіп жынысқа бөлінбейді, қазір ерімен қатар әйелдің де жеке шаруамен айналысуға мүмкіндігі мол. Оның үстіне бұл тарапта мемлекеттен берілетін көмек те орасан. Мәселен, Жетісуда шағын және орта кәсіпорындардың жартысына жуығын әйелдер басқарады. Үй шаруасынан бөлек, қоғамға пайдасы зор кәсіпті тізгіндеген қыз-келіншектер облыстың әлеуметтік деңгейін көтеруде маңызды рөлге ие. Қазір өңірде екі жүзге жуық кәсіпкер қыз-келіншек бар.
28 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруге ерекше ден қойды. Осы саяси реформа аясында биыл Қарағанды облысында екі аудан, бір қалада сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметіне кірісті. Алаш арыстарының алтын бесігі Ақтоғай өңіріне іссапарменен жол түсіп, мұндағы халық таңдауы түскен әкім Руслан Кенжебековпен жолығып, сайлауалды бағдарламасындағы ауданның экономикалық әлеуеті жөнінде әңгіме өрбіткенбіз.
28 Желтоқсан, 2023
Қаратөбе ауданы жақында құрылғанына 95 жылдығын атап өтті. Күнбатыс Алашорда тарихында Жымпиты, Ойыл, Қызылқоғамен қатар аталатын тарихи елді мекеннің ғасырға жуық тарихы ғалымдар мен өлкетанушылардың сараптауынан өтті.
28 Желтоқсан, 2023
Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті өкімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Желтоқсан, 2023
ДНҚ расталмапты, бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы тағы іздеймін деп отыр
Бүгін «Бармысың, бауырым?» хабарының тікелей эфирінде бельгиялық баланың анасы болуы мүмкін делінген жанның сараптама нәтижесі жарияланды. Хабар редакциясының зерттеулері нәтижесінде, «Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін» деген келіншек ДНҚ сараптамасын тапсырған еді. Өзін Мұрат деп атағанды ұнататын бельгиялық баланың үміті ақталмады. ДНҚ сараптамасы теріс нәтиже көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
28 Желтоқсан, 2023
Якутияда ұшақ мұзды өзенге қонды
Якутияда ұшақ әуежайға қонбай, мұз боп қатқан өзен үстіне қонған, деп жазады Egemen.kz.
28 Желтоқсан, 2023
2100 аққала. Қостанайлықтар әлемдік рекорд орнатты
Қостанай облысындағы Қамысты ауылының тұрғындары әлемдік рекорд орнатты. Олар осы аптадағы аймақта болған қарлы боранға қарамастан қытайлықтар орнатқан рекордты басып озды. Десе де Қамыстының көрсеткіші, әзірге, тек Қазақстан рекордтар кітабына тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
28 Желтоқсан, 2023
«Сотқа шағымданамыз». Мүфтият Құран аяттарын жоққа шығарған адамға қатысты пікір білдірді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ҚМДБ соңғы уақытта әлеуметтік желіде арнайы діни білімі болмаса да осы тақырып аясында жалған ақпарат таратып жүрген Серік Рысжанов туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
28 Желтоқсан, 2023
Қайрат Сүнтаев Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Желтоқсан, 2023
Әскери қызметшілер 101 жасқа толған майдангерді құттықтады
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары мен Алматы қаласы Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдері екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Зұлхарнай Сейітовті 101 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Өз кезегінде туған күн иесі жастарға батасын берді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Желтоқсан, 2023
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мерекедегі жұмыс кестесі белгілі болды
Азаматтарға арналған үкімет порталы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ЦОН, спецЦон) жаңажылдық мереке күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
28 Желтоқсан, 2023
Жаңадан сайланған депутат Бибігүл Аққожина ант берді
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Бибігүл Аққожина депутат ретінде ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Желтоқсан, 2023
Жаңа жыл – әлемдегі ең көне мереке
Жаңа жыл – әлемдегі ең көне мереке. Ғалымдардың пікірінше, бұл дәстүр біздің заманымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың соңында өркениет пайда болған Месопотамия жерінен бастау алған. Ал мысырлық пирамидалардан біздің заманымыздан III мың жыл бұрын жасалған «Жаңа жылдың басы» деген жазуы бар ыдыс табылған. Бұндай қызықты деректер bilim-all.kz сайтында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
28 Желтоқсан, 2023
Нәтижеге бағытталған бюджет кодексі
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында жаңа бюджет кодексі қаралды. Бұдан бөлек, бірнеше заң жобасы талқыланып, тиісті мемлекеттік мекемелер басшыларына депутаттық сауал жолданды.
28 Желтоқсан, 2023
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) Сауд Арабиясы бақылаушы мемлекет ретінде қосылды. Бұл – Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілету жолында құрлықтағы басты ұйымның географиясы одан әрі дамуындағы маңызды кезең.
28 Желтоқсан, 2023
Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласына арнайы келген Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тұрғындармен кездесті. Басқосуда Мемлекет басшысының реформалары мен бастамаларын тиімді іске асырудың өзекті мәселелері мен нәтижелері талқыланды.
28 Желтоқсан, 2023
Еңбек мигранттарына ерекше көзқарас
Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) миссиясының Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылын нығайту тұрғысында еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер сериясын өткізді.
28 Желтоқсан, 2023