Оқи отырыңыз
Көршісін баласымен бірге өртеп жіберген ер адам мәжбүрлі емдеуге жіберілді
Осыдан бір жыл бұрын Қостанай облысының Рудный қаласында келеңсіз оқиға болды. Қала тұрғыны өзінің көршісі мен оның баласын өртеп жіберген. Мамандардың айтуынша, осындай ауыр қылмысқа барған ер адамның ақыл-есінде кемістігі бар, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
13 Наурыз, 2023
Илон Маск өзінің жеке қаласын салмақшы
Ең бай адамдар тізімінде көш бастап тұрған кәсіпкер өзінің жеке қаласын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Наурыз, 2023
Салмағы 230 келі қой Қазақстанның рекордтар кітабына енді
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы қожалықта Қазақстан бойынша ең ірі қой тіркелді. Бұл туралы Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуаныш Құдайбергенов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
13 Наурыз, 2023
Ломбардтан қайтарылмаған алтын несие тарихына кіреді
Ломбард – бізге жат емес. Қаржыдан тарығып, қалтамыз жұқарып қалған сәтте алтын бұйымдарын ломбардқа екінің бірі апарады. Бірі қайта сатып алса, бірі бұйымына кері оралуды қажет деп таппайды. Ломбард сегменті микроқаржы ұйымы болып есептеледі. Сол себепті ондағы мәмілелердің тарихы несие тарихында таңбаланып қалады.
13 Наурыз, 2023
Жолақы төлеуден жалтарғандар көп
Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «ONAY» жүйесі, төлем терминалдарының жұмысы мен жолақыны төлемейтін жолаушылар туралы кеңінен айтылды. Өйткені қоғамдық көліктерде жиі қайталанатын келеңсіз құбылыс бар. Автобусқа отырғандардың барлығы бір кісідей жолақыны төлей салмайды. Кейбірі тексерушілер кіргенде ғана телефонын шұқылай бастайды. Әсіресе, бұл жағдай мектеп оқушылары мен студенттер арасында жиі байқалады. Тексеріс болмаса, төлемей жүре береді.
13 Наурыз, 2023
Жыртықты жамауға жетпейтін жалақы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолының тазалығына жауапты жұмысшылардың жүйкесіне ши жүгіртті. Күл-қоқыстан бөлек, өлген ит пен құсқа дейін тазалайтын қарапайым азаматтар жауапты серіктестік басшылары жалақымызды көтеруге келгенде жауапсыздық танытып отыр деп бас көтерді.
13 Наурыз, 2023
Бұл күндері Оңтүстік Кореяның астанасы – Сеулде шорт-тректен өтіп жатқан әлем чемпионатында Денис Никишаның жеңіс тұғырына көтерілуіне тамаша мүмкіндігі болды.
13 Наурыз, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматы қаласында жұмыс сапарымен болып, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың тыныс-тіршілігін бақылады. Бірқатар әлеуметтік нысанның жұмысын және құрылысын тексеріп, шағын өнеркәсіп парктері мен қаладағы индустриялық аймақ резиденттерімен кездесті. Сонымен қатар Үкімет басшысы Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша кеңес өткізді.
12 Наурыз, 2023
Нағыз еңбек адамы қай заманда да қадірлі ғой. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында абыройын адал еңбектен тапқан, айналасына үлгі болған аға ұрпақ өкілдерін ұмытпай, ұлықтап отыратын жақсы дәстүр бар.
12 Наурыз, 2023
Жуырда ғана аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жарыста жергілікті спортшы Джефф Нилді үшінші раундта «қылқындыру» әдісімен жеңген Шавқат Рахмонов UFC-дің жаңартылған рейтингінде бірден үш сатыға жоғарылады. Жартылай орта салмақта (77 кило) күш сынасып жүрген қазақтың қайсар ұлы қазіргі кезде алтыншы орынды иеленіп отыр.
12 Наурыз, 2023
Балықтар ихтиологтар бақылауында
Каспий теңізін мекен ететін балық түрлерін сақтау – маңызды мәселе. Зерттеулер бойынша Каспий теңізін қазір итбалық, Каспий тілтісі, Каспий албырты, ақбалық, Волга көп аталықты майшабағы сынды Қазақстанның Қызыл кітабына енген су жануарлары мекендейді.
12 Наурыз, 2023
Елордадағы «Алау» мұзайдынында мәнерлеп сырғанаудан IV қысқы жастар спорт ойындары өз мәресіне жетті. Үш күнге жалғасқан бәсекеде еліміздің 11 өңірінен (3 қала мен 8 облыс) 100-ге тарта спортшы бақ сынады.
12 Наурыз, 2023
Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылына тағы да тасқын судан қауіп төнді. Сол себептен, Миялыдан Жангелдин ауылына қатынайтын жолды арнайы техникамен жыруға тура келді.
12 Наурыз, 2023
Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хор ұжымы Кореяның бірнеше қаласында өнер көрсетті.
12 Наурыз, 2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XII халықаралық ғылыми жобалар байқауында Алматы қаласының құрама командасы жеңіске жетті. Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 150-ден астам оқушы қатысқан байқауда алматылық команда 4 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль иеленді.
12 Наурыз, 2023
Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының концерт залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Тұрар Әліпбаевтың «Күй ғұмыр» атты кеші өтті.
12 Наурыз, 2023
12 наурызға арналған валюта бағамы
Ұлттық банк 12 наурызға арналған валюта бағамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Наурыз, 2023
Shakarim University студенттері Coursera сертификатын алды
Shakarim University студенттері 40 бағыт бойынша қазақ және орыс тілдерінде локализацияланған курстарды таңдауға бірегей мүмкіндік алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Наурыз, 2023
Қостанайда пәтер өртеніп, бір адам қайтыс болды
Қостанай облысы, Лисаковскі қаласында 5 қабатты пәтерден өрт шығып, салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Наурыз, 2023
Шығыс Қазақстан, Қарағанды мен Қостанай облысының бірнеше ауылында карантин жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz ELDala.kz сайтына сілтеме жасап.
11 Наурыз, 2023