Оқи отырыңыз
Тәулік бойы тыным таппайтын тігінші
Көне ғұрып қолөнерді заманға сай лайықтап, кәсіп қылуға болатынын дәлелдеген жастарды көргенде жүрегіңіз жылиды. Әуелі, дәстүрді жаңғыртып, жаңартып, ХХІ ғасырға алып шыққаны үшін. Салт-дәстүрді сабақтағаны үшін. Ғұрыпты ұмыт қалдырмағаны үшін. Осының бәріне жүрек елжірейтіндей-ақ қой. Қарағанды қаласында тұратын Жанерке Ахметжанова осылайша тәңір берген несібесін теріп келеді. Еңбегімен өнген жас кәсіпкер «көз – қорқақ, қол – батыр» дейді.
18 Қаңтар, 2023
Меңдіқарада да үшем дүниеге келді
Қамбалы Қарқын ауылында тұратын Петровтар отбасында Николай, Евгений және Виолетта есімді үшем дүниеге келді.
18 Қаңтар, 2023
«Адамзаттың Айтматовы» атанған заманымыздың заңғар жазушысы өмірден өткенге дейін Жамбыл жерін ешқашан есінен шығарған емес. Дәуірдің дарабозы 1945-1948 жылдар аралығында Жамбыл зооветеринариялық техникумында білім алып, зоотехник мамандығы бойынша үздік бағаға бітірген.
18 Қаңтар, 2023
1994 жылдың қысы. Боран ауылының тас төбесіне табақтай болып, ай шыққан. Айнала Петербордың ақ түні секілді, күндізгідей жап-жарық. Арғы беттен бастау алатын Қара Ертістің аңғарындағы сыңсыған орманнан өзгеше рең, өзгеше бояу байқалады. Жағадан шамдары самаладай жарқыраған ауыл да ерекше көрінер еді. Бозарған аспанда жұлдыздардың жымыңдағаны қандай әдемі?! Биыл ғана оқуын аяқтап, ауылына оралған жас суретші Ержан Тұрғанбаев күнде қайталана бермейтін табиғаттың таңғажайып осынау құбылысын қалай да қағазға түсіріп алғысы келген.
18 Қаңтар, 2023
Кавендиш «Астананың» жейдесін киді
Ұлыбританияның әйгілі велошабандозы, көптеген аса ірі халықаралық жарыстың жеңімпазы әрі жүлдегері, әлемдегі ең үздік спринтерлердің бірі әрі бірегейі Марк Кавендиш «Астананың» жейдесін киді. Енді ол алдағы маусымда Қазақстанда іргетасы қаланған команданың намысын қорғайды.
18 Қаңтар, 2023
Сұраған нәрсеңді әп-сәтте біліп бере қоятын «Окей гугл», «Алиса» деген елгезек әрі ақылды құрылғылар бүгінде кімге де болса жақсы таныс. Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Әмина Ысқақова мен София Синицина осындай сөйлейтін кеңесші жасап шығарып, оны «EWA» деп атапты. «EWA» қазақша сөйлейді.
18 Қаңтар, 2023
Мүйізінің арақашықтығы 4 метрден асатын, жалпы биіктігі қосқабатты үймен тең алып бұғы көріп пе едіңіз? Тұрқының өзі зілге ұқсайтын алып жануардың қаңқасы бүгінде Керекудегі «Ertis» мультимедиялы музейінде тұр.
18 Қаңтар, 2023
Кейінгі кездері шаһарлардың тас қабырғаларына тіл бітірген бейнелеу өнерінің бір биігі – мұрал сәнге айналды. Одан Қарағанды да қалыс қалған жоқ. Бүгінде мұнда ұзын саны он бір мұрал бар.
18 Қаңтар, 2023
Медеуде Анатолий Букреевтің мүсіні орнатылды
Бүгін Алматының Медеу шатқалында белгілі қазақстандық альпинист Анатолий Букреевке арналған мүсіннің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қаңтар, 2023
Қазақстанда жаңа халықаралық әуе рейстері ашылады
Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа отырысында азаматтық авиация мен әуежайлар желісін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қаңтар, 2023
Қарағанды қаласының әкімі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Мейрам Мұратұлы Қожухов Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қаңтар, 2023
Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында топ жарды
Бангкокта Қазақстан өкілдерінің қатысуымен бокстан 22 жасқа дейінгі Азия жастар біріншілігі басталды. Жарыстың бірінші күнінде рингке екі қазақстандық шығып, жекпе-жегін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қаңтар, 2023
Астана көшелерінің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріледі
Республикалық ономастика комиссиясы Астана қаласының жаңа құрылған ауданы мен көшелеріне, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің Сарысу аудандық мәдениет үйіне жаңа атау беру мәселесін қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қаңтар, 2023
Петропавл қаласындағы М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп 2002 жылы Жоғары колледждің жанынан ашылған еді. Бұл –кезінде ақын Мағжан Жұмабаев сабақ берген педагогикалық училище. Осы оқу орны әуелі колледж, кейіннен жоғары колледж ретінде өзгерді. 1993 жылы оқу орнына әйгілі ақынның есімі берілді.
17 Қаңтар, 2023
Қалпына келтіру жұмыстары жүйеленді
Бүгінде Талас және Сарысу ауданында төтенше жағдай салдарынан туындаған мәселені жою бойынша нақты жұмыс атқарылып жатыр. Дүлей дауыл салдарынан бүлінген Жаңатас қаласындағы 7 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес жұмысты сапалы әрі тез арада аяқтау үшін жергілікті мердігерлер жұмылған жұдырықтай еңбек етуде. Олар өздеріне жүктелген міндетті сапалы әрі жедел аяқтауға мүдделі. Аталған нысандардағы жұмыстар 60-70 пайызға тәмамдалған.
17 Қаңтар, 2023
Білікті дәрігерлердің өңірдегі тәжірибесі
Президент Іс басқармасының медициналық орталығының Ақтөбе қаласындағы күндері басталды. Тур аясында орталықтың білікті дәрігерлері хирургия, терапия, аллергология, аритмология, геномдық диагностика, иммунология, нейрохирургия және басқа салалар бойынша тұрғындарға көмек көрсетеді.
17 Қаңтар, 2023
Елімізде аса қадірлі тұлғаларға ескерткіштер орнатылады. Алайда одан кейін оларды мүлдем ұмыт қалдырамыз. Жаздың жайма-шуақ күндері еңселі ескерткіштердің жанында тағылымды іс-шаралар өткізуге болар еді ғой. Жоқ, ескерткіштер елеусіз қалған. Мысалы, Ресейде Пушкин ескерткішінің жанында поэзия кешін өткізіп, жас ақындар өлеңдерін оқитын дәстүр бар.
17 Қаңтар, 2023
Кейінгі жылдары қазақ қыздары да ерлермен қатар спорттағы биік белестерді бағындыра бастады. Тіпті олардың қатарында төрт жылда бір келетін Олимпия ойындарының жүлдегері мен жер-жаһанның ең үздік спортшылары қатысатын әлем чемпионатының жеңімпаздары да бар. Дегенмен Олимпиада бағдарламасына енбейтін жекпе-жек өнерінде топ жарып жүргендері саусақпен санарлық. Соның бірі, қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионы – Аян Дәулетбекқызы Тұрсын.
17 Қаңтар, 2023
«Барыс» плей-офф кезеңіне шыға ала ма?
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» биылғы маусымды өте сәтсіз өткізіп жатыр. Қазіргі таңда Андрей Скабелка шәкірттері «Шығыс» конференциясының жарыс кестесінде 48 ұпаймен 11 команданың ішінде небәрі 10-орында келеді. Көш соңында тұрған «Амурдың» да еншісінде 48 ұпай бар. Егер, жерлестеріміз енді қалған 16 турда да еңсе тіктемесе, турнир кестесінде жоғары орыннан көрінуі былай тұрсын, Гагарин кубогі жолындағы жарысқа жолдама беретін үздік 8 клубтың қатарына іліне алмай қалуы әбден мүмкін.
17 Қаңтар, 2023
АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан ХХХ қысқы Универсиаданың кезекті күнінде Қазақстанның студент спортшылары тағы бір алтын медаль жеңіп алды. Бұл жолы шаңғымен тұғырдан секіру бәсекесінде Данил Васильев үздік нәтиже көрсетіп, алтын тұғырдан қол бұлғады.
17 Қаңтар, 2023