Оқи отырыңыз
Берлин техникалық университетінің филиалы
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында Берлин техникалық университетінің филиалы ашылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру мақсатындағы министрліктің бұл бастамасын бүгінде ШҚТУ-дың профессор-оқытушылар құрамы қолдап отыр.
27 Қазан, 2022
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Щапово ауылында Бауыржан Момышұлы атындағы 420 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.
27 Қазан, 2022
Абай облысында Республика күніне орай пәтер кілттері беріліп, спорттық-мәдени нысандар ашылды. Сондай-ақ ағаш көшеттері егіліп, өңірдің жасыл белдеуін ұлғайтуға байланысты жұмыстар қолға алынды.
27 Қазан, 2022
Тоғыз жыл бұрынғы табысты қайталай ала ма?
Бірер күннен соң Иорданияның бас шаһары – Амманда бокстан XXXII Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Биылғы Сары құрлық біріншілігінде ерлер – 13, қыздар 12 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының да былғары қолғап шеберлері бар.
27 Қазан, 2022
Қыздар да көш бастауды көздейді
Екі аптаға созылатын бәсекелер барысында Cары құрлықтың ең үздік командаларымен қатар, Қазақстанның былғары қолғап шеберлері де өнер көрсетеді. Біздің жігіттер осы жарыстың жалпы есебінде бірінші орын алуды көздесе, қыздарымыз да дәл сол межеден көрінуді мақсат тұтады.
27 Қазан, 2022
Индер ауданының Бөдене ауылында Тілек Халин деген суретші тұрады. Мәскеудегі өнер институтында қашықтан білім алған. Бала күнінен қылқаламды серік еткен.
27 Қазан, 2022
Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» рақымшылық жасалмайды
ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» рақымшылық жасалмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2022
Қазақстандық студенттер Уханьнан қалай эвакуацияланды?
Бүгін Astana Media Week халықаралық форумының екінші күнінде Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров пандемия басталған кезде қазақстандық студенттер Қытайдан қалай эвакуацияланғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2022
Астана-Павлодар бағытында әуе рейстері ашылады
1 қарашадан бастап Астана-Павлодар бағытындағы тікелей әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2022
Елордада 60 отбасы азық-түлік себетін алды
Елордалық Достық үйінде Астана қаласы ҚХА-ның «ПАРАСАТ» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы ұйымдастыруымен «Жанашыр Жүрек» республикалық халықтық қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
27 Қазан, 2022
Медицинада мемлекеттік тіл дәріптелді
Медицина тілін мемлекеттік тілде сөйлету әсте оңай емес. Түп тамырын латыннан тартқан саланың сан қырлы терминін әлемнің өзі сол қалпында қолданып келеді. Дегенмен адам жанының арашашылары мемлекеттік тілге құрметтің қандай болуға тиістігін Қарағандыда өткен республикалық байқауда көрсетті. Тіл үйренгісі келген ниетке тегеурін болар тосқауыл жоқтығын және бір еске салды.
27 Қазан, 2022
Павлодар қаласында қайғылы жағдай болды. Академик Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында зейнеткер 40 жастағы азаматты атып өлтірді. Дереккөздерінің хабарлауынша, күдікті жан тапсырған жігіттің қайын атасы екен.
27 Қазан, 2022
Қырғыз мәдениеті күндері басталды
Астанада Қырғыз Республикасының Мәдениет күндері өтіп жатыр. Күні кеше ғана қырғыз киносы күндерінің ашылуымен басталған мәдени іс-шаралар 29 қазанға дейін жалғасады.
27 Қазан, 2022
Республика күні – ерекше мереке. Ұлттық мереке қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері елдің бірлігі, ұлтаралық қарым-қатынас жөнінде ақжарма лебізін білдірді.
26 Қазан, 2022
Жақында Павлодар педагогикалық университетінде Республика күніне орай «Қазақстан педагогика ғылымы жаңа буын зерттеулерінде» тақырыбында республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
26 Қазан, 2022
Үздік офицерлердің аналарына құрмет
Республика күніне орай Шымкент қалалық полиция департаментінде салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара департамент басшылығы, жеке құрам қызметкерлері, полицейлердің аналары мен №4 балалар үйі басшысының қатысуымен өтті. Салтанатты жиында қызметте ерекше көзге түскен 70-тен аса полицейдің анасы «Үздік офицердің анасы» медалімен марапатталды.
26 Қазан, 2022
Еліміз бойынша көпбалалы аналардың үштен бірі Түркістан облысында тұрады. Өңірде 169 857 көпбалалы отбасы, оның ішінде 14 408 «Алтын алқа», 4 231 «Күміс алқа» иегері бар. Сондай-ақ алтын құрсақты аналардың 2 516-сы «Батыр ана» атанған, 3 938-і І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған. Көпбалалы отбасылардың әлеуметтік тұрмысы, көрсетіліп жатқан көмектің көлемі қоғам үшін қашанда маңызды. Мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Дегенмен мәселенің екінші жағы барын, кей көпбалалы аналардың масылдық психологиядан арылуы керек екенін айтушылар да бар. Бұл орайда қуантатыны еңбекқор, бала тәрбиесімен қатар жұмысында да жоғары жетістіктерге жетіп жүрген аналар аз емес.
26 Қазан, 2022
Республика күніне орай Шымкент қаласының Көрме орталығында салтанатты іс-шара өтті. Биыл тұңғыш рет ұлттық мереке ретінде тойланып жатқан кешке мегаполистің зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, депутаттар, түрлі саладағы қызметкерлер мен жастар қатысты. Мерекелік басқосудың шымылдығы тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктер мен Республика күнінің маңыздылығы жайлы түсірілген бейнероликпен түрілді. Әрі қарай Көрме залында еліміздің Әнұраны әуелеп, сап түзеген жауынгерлер Көк туымызды ортаға алып шықты.
26 Қазан, 2022
Өңірде тауарлар мен онлайн қызмет сапасына айтылар арыз-шағым өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 23 пайызға өскен. Жыл басынан бері 681 арыз түсіпті. Тіпті танымал интернет дүкендердің қызметіне қатысты шағымданушылардың саны төрт есе көбейген.
26 Қазан, 2022
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың жүз жылдығына орай Шымкент қаласында ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр. Соның алғашқысы мегаполистегі Әл-Фараби алаңының маңындағы белгілі тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.
26 Қазан, 2022