Оқи отырыңыз
Осыдан дәл 40 жыл бұрын, яғни 1982 жылдың 12 қазанында әлемдік спорт тарихында айрықша бір оқиға болды. Атап айтсақ, Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) АҚШ-тың әйгілі жеңіл атлеті Джим Торпқа 1912 жылы Стокгольм Олимпиадасында жеңіп алған екі бірдей алтын медалін қайтарып берді. Саңлақтың өзі ертеректе қайтыс болғандықтан, бұл жүлделер оның отбасы мүшелеріне табыс етілді. Осылайша, арада 70 жыл өткен соң әділдік орнап, ғаламдық доданың алтындары заңды иесіне қайтарылды. Ал сол спортшы жайында біз не білеміз?
12 Қазан, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірде қант қызылшасы алқабын ұлғайтуға айрықша назар аударылып отыр. Тіпті 2026 жылға дейін арналған кешенді жоспар да әзірленген. Бүгінде өңірде қант қызылшасының егіс алқабын кеңейту арқылы шикізат базасын ұлғайту, жаңа суармалы жерлерді пайдалануға басымдық беруге айрықша ден қойылған. Жиналған тәтті түбірді дер кезінде өңдеуді зауыт басшылары қатаң қадағалауға ниеттеніп отыр.
12 Қазан, 2022
Өткен аптада Болгарияның Пловдив қаласында күрес түрлерінен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Аталған дүбірлі додада Қазақстан құрамасының балуандары да өнер көрсетіп, бозкілемде бас жүлде үшін белдесті.
12 Қазан, 2022
Ел астанасында кеңес кезеңінде қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының тағдырынан сыр шертетін құнды құжаттар мен заттар қойылған көрме ашылды. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында өтіп жатқан «Алжир – ұрпақтар есінде» жылжымалы көрмесі өткен ғасырдың 30-50-жылдардағы тарихи оқиғаларды ұмытпауды, ауыр трагедияның қайталануын болдырмау үшін жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен адамгершілік қасиетін қалыптастыруға ықпал етуді мақсат етіп отыр.
12 Қазан, 2022
Орал қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Донеділ Қажымовтың халықаралық «Ақжайық – ару мекенім» ән байқауы өтті.
12 Қазан, 2022
Қазақстан мен Молдова футбол федерациялары бірлесіп жұмыс істейді
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов пен Молдова футбол федерациясының басшысы Леонид Олейниченко ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қазан, 2022
Ақордада Ердоғанды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Қазан, 2022
KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 477,89 теңгені құрап, тағы 2,66 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
12 Қазан, 2022
Астанада Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесі 14 қазанда өтетін болды
Алдағы қазанның 14-і күні сағат 17.00-де Астанадағы Mega Silk Way сауда-сауық орталығында Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтеді. Бұл көрме Explore Jana Qazaqstan командасының National Geographic Qazaqstan редакциясымен бірлесіп, биылғы мамыр мен қыркүйек аралығында ұйымдастырған 5 экспедициясының нәтижесінде дайындалған. Аталған экспедицияға Samsung Kazakhstan қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қазан, 2022
Үлкен және Кіші Талдыкөлдің орнында саябақ пайда болады
Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
12 Қазан, 2022
Үкіметте бизнеске әкімшілік жүктемені азайту мәселесі қаралды
Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен бизнеске әкімшілік жүктемені азайту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.
12 Қазан, 2022
Білім платформасындағы онлайн оқу
Skills Enbek қазақстандық платформасы мен Coursera ірі халықаралық білім беру платформасы Қазақстанда онлайн оқытуды дамыту бойынша әріптес болды.
12 Қазан, 2022
«...Бұл Қасымды бір байқасын!»
Жыл сайын Қарағандыда қоңыр күзде өлеңі «отқа тиген дауылдай» арқалы Қасым Аманжоловқа арналған әдебиет додасын өткізу дәстүрге айналған. Бұл бәйге жүрегінде оты бар жастарды ел түкпірінен жинап келеді. Осынау игі іс биыл да үзілген жоқ. Осымен 12-ші рет өткен «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты республикалық Қасым Аманжолов оқуларында 16 мен 28 жас аралығындағы жастар ақын поэмаларын оқудан бәсекелесті. Байқау екі кезеңнен тұрды.
12 Қазан, 2022
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Ақсу қаласында айқын сезілуде. Шаһар әкімдігі және Eurasian Resources Group (ERG) бастамасымен қолға алынған «Tugan Qala» жобасының аясында жыл басынан бері қалада жаңадан 16 инфрақұрылым пайда болды. Оны жүзеге асыруға компания 80 млн теңге жұмсаған.
12 Қазан, 2022
Атырау облысында бие байлап, саумал мен қымыз сапыруға бет бұрушылар қатары көбейді. Махамбет ауданының Сарытоғай ауылында тұратын Талап Қажимов пен Зәмзагүл Жаңабаева бес жылдан бері саумал мен қымыз дайындауды отбасылық кәсіпке айналдырып отыр.
12 Қазан, 2022
Баспанамен қамту – басты мәселе
Елімізде баспананы қолжетімді ету – Үкімет пен жергілікті әкімдік тарапынан жүзеге асырылып жатқан басты стратегиялық жоспарлардың бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Шымкент қаласына келген сапарында да осы тақырыпты қозғап, биыл 1 млн шаршы метрдей тұрғын үй пайдалануға берілетінін, соның нәтижесінде 9 мыңға жуық отбасы үйлі болатынын айтқан еді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықпен кездесуде тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдемеуі тиістігін, ең бастысы баспана қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді болуы керегін айтып, бұл тұрғыда жергілікті әкімдік Үкіметпен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек деген болатын.
12 Қазан, 2022
Бүгінде ғылыми-техникалық базасы дамыған елдерде атом энергетикасы энергияның қауіпсіз әрі экологиялық таза өндірісі ретінде қарастырылып келеді. Сала мамандарының пікіріне сүйенсек, атом энергетикасын адамзат игілігіне пайдалану энергетикалық дағдарыстың алдын алумен қатар экологияны және жасыл технологияларды дамытуға мүмкіндік береді.
12 Қазан, 2022
Шағын шаһарда тағы бір қуаныш. Енді Текеліде темірді тікелей қалпына келтіретін зауыт бар. Бұл өнеркәсіпке икемделген өңір үшін үлкен жаңалық. Мұнда қолданылатын өндірістік технология экологиялық жағынан өзгеше. Жетісулық мамандар отандық қара металлургия саласында өзінің қолтаңбасын қалыптастырмақ.
12 Қазан, 2022
Тірек болар ауылға не кедергі?
Көмірлі шаһарға қарасты бірнеше елді мекен тірек ауыл мәртебесін ала алмай отыр. Қаланың ауылдық аумақтарында тұратын халық саны кейбір аудандағылардан да көп. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына ілікпеген соң тұрғындар жауапты министрліктерден көмек сұрап отыр.
11 Қазан, 2022
Бүгінде әлемдік нарықтағы бәсекелестік жоғары білім саласына жаңа міндеттер жүктеп отыр. Осы орайда Орталық Азиядағы білім беру кеңістігін тиімді пайдалану кәсіби мамандар даярлауда мақсатты іс-шаралардың біріне айналды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Әлемдік білім беру кеңістігіндегі трансұлттық өзара әрекеттестік» VI Орталық Азиялық халықаралық форумында сарапшылар сапа менеджменті, академиялық қауымдастық пен еңбек нарығының ықпалдастығын жетілдіруге бағытталған мәселелерді талқылады.
11 Қазан, 2022