Оқи отырыңыз
Шымкентте күннің ыстығынан көлік өртенді
Шымкентте қатты ыстықтан көліктің жүксалғышындағы газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Маусым, 2022
ҰБТ: 267 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 220 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде түлектердің 75,8% – қазақ тілінде, 24% - орыс тілінде, 0,1% - ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Маусым, 2022
Мұнай бағасы 1 долларға арзандады
Бұл мұнайға деген сұраныстың келешегіне байланысты экономикалық қауіп аясында орын алды, ал инвесторлар Иранмен ядролық келісімді қалпына келтіру үшін G7 кездесуінің нәтижесін күтіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
27 Маусым, 2022
Алматыда қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
27 Маусым, 2022
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ақтөбенің ақпарат әлемі» атты көрме өтті.
27 Маусым, 2022
Бүгін Ұлыбританияның астанасы – Лондонда теннисшілдердің «Уимблдон» турнирі басталды. Бұл жарыста Қазақстанның төрт өкілі бақ сынауда.
27 Маусым, 2022
АҚШ тарапынан бұғаттаушылық санкцияға ұшырағаннан кейін ресейлік «Альфа-Банк» еншілес банкінің 100 пайыз акциясын отандық «Банк ЦентрКредит» сатып алды. Бұдан былай ол нарықта жаңа атаумен – Eco Center Bank ретінде қызмет етпек.
27 Маусым, 2022
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Бас прокурор Берік Асылов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің (Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің 32-ші отырысының жұмысына қатысты.
27 Маусым, 2022
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Алматы қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров қаланың БАҚ өкілдерімен бірге медиа заңнаманы қайта қараудың жаңа тәсілдерін талқылап, заң жобасында реттеуді талап ететін бағыттар туралы айтып берді.
27 Маусым, 2022
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтіп, жиын барысында комиссияның жаңартылған жұмыс жоспары мен регламенті бекітілді.
27 Маусым, 2022
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы мамырда Электрондық еңбек биржасында 82,4 мың бос жұмыс орны және 45,7 мың түйіндеме орналастырылды. Сәуір айымен салыстырғанда бос орындар саны 9,8%-ға, ал өзекті түйіндемелер саны 23,2%-ға төмендеді.
26 Маусым, 2022
Жаз басталғанда мектеп оқушылары үшін қала сыртындағы жазғы лагерьлердің тапшылығы айрықша сезілді. Ақтөбе облысында 153 мың мектеп оқушысы болса, бүгінде олардың 28 пайызы ғана каникул күндерін табиғат аясындағы лагерьлерде демалуға мүмкіндігі бар. Мамырдағы облыстық мәслихат сессиясында жергілікті бюджеттен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 325 млн теңге қаржы бөлінді. Оған өңірдегі 15 мың мектеп оқушысын мектеп жанындағы және табиғат аясындағы лагерьлермен қамту көзделді. Соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары, ата-анасы жоқ, қамқоршылықтағы және мүгедектігі бар 3 мың оқушы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьде демалатын болды.
26 Маусым, 2022
Кеше АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен UFC промоушенінің кезекті турнирі өтті. Аталған жарыстың басты бәсекелерінің бірінде күні бүгінге дейін жеңілістің кермек дәмін татпаған қазақтың қайсар ұлы Шавқат Рахмонов жартылай орта салмақтағы үздіктер тізімінде тоғызыншы орында тұрған АҚШ-тың белді спортшысы Нил Мэгнимен айқасты.
26 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Еліміздегі «ұлттық» статусына ие мәдениет саласындағы ұйым қызметкерлерінің еңбекақысы 75 процентке өседі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың министрлікке бағынысты мекемелердегі ұжымдармен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
10-19 маусым аралығында Панама астанасында мектеп оқушылары арасында шахматтан әлем чемпионаты өтті. Онда жеті жасар отандасымыз Малика Зиядин чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Маусым, 2022
Қарағанды облысында дала өртімен күрес жалғасып жатыр
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында екі жерден тұтанған дала өртімен күрес жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Маусым, 2022
Жамбыл облысында нөсерлі жауын салдарынан жолдарды су басып, сел жүрді, қорадағы мал өліп, көлік мінген адамдар су ортасында қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Маусым, 2022
Құландылық жас кәсіпкер ауылда тұрып-ақ кәсібін дөңгелетіп, ұлттық құндылықтарды қастерлеудің заманауи үлгісін көрсетіп отыр.
24 Маусым, 2022
«Бәйтеректен» бастау алған Amanat CUP
Елордада Amanat партиясының ұйымдастыруымен Amanat CUP бірінші республикалық шахмат турнирі өтті. Сайысқа 8-35 жас аралығындағы екінші және одан жоғары разрядтағы 200-ден астам қатысушы елорданың басты символы – «Бәйтерек» монументінің алаңында бақ сынады.
24 Маусым, 2022
Көкмайса жайлау жайлаған, желіге құлын байлаған ата қазақтың сан ғасыр бойы жалғасып келе жатқан әдемі дәстүрінің бірі – қымызмұрындық. Уақыт шымылдығы тұмшалаған, солтүстіктегі ел жадынан өшуге аз-ақ қалған игі дәстүр қайта жаңғырып, тәмам ел бір серпіліп қалды.
24 Маусым, 2022