Оқи отырыңыз
Екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһарында ерекше музей пайда болды. Олай дейтініміз, қала тұрғыны Михаил Платов отбасымен бірге үйінен музей ашқан. Платовтар талай уақыттан бері бес мыңға жуық құнды жәдігерлерді жинапты.
25 Тамыз, 2021
Қола дәуіріне тиесілі ескерткіштер
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданына қарасты Тоқтамыс ауылы маңынан осыдан 4 мың жыл бұрынғы ескерткіштерді тапты. Қазба жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ астындағы тас қабырғалардан жылқы мен аңдардың суреттері шыққан.
25 Тамыз, 2021
Жастарды адасудан арашалау маңызды
Интернет кеңістігі арқылы терроризм, діни экстремизм, деструктивті діни ағымдар идеологиясы кең етек жайып тұрғаны белгілі. Әсіресе, жастардың арасында жат ағымға жармаса кететіндер бары көңілге кірбің ұялатады. Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында Алматы облысында ықпалды істер атқарылу үстінде.
25 Тамыз, 2021
Қазақстанның автобизнес қауымдастығының мәліметіне сүйенсек, осы жылдың 7 айында ел аумағында жалпы құны 371,4 млрд теңгеге 47 176 техника өндірілген. Бұл – 2020 жылдың қаңтар-шілдесіндегі көрсеткіштен 23,8 пайызға жоғары.
25 Тамыз, 2021
Миллиондаған шығынға батқан алматылық кәсіпкерлер жұмыс істеуге рұқсат сұрайды
Базарлар мен сауда үйлерінің өкілдері қатаң шектеусіз және локдаунсыз жұмыс істегісі келеді. Алматылық кәсіпкерлердің айтуынша, шектеусіз жұмыс істеу оларға мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.
25 Тамыз, 2021
Айтылған ұсыныстар қараусыз қалмайды
Сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы және Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарында болды. Іс-сапар барысында олар аудандардың тыныс тіршілігімен, жергілікті шаруа қожалықтарын және құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап көрді. Сенаторлар, аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелер бар екеніне тоқталып және осы мақсатта бірқатар жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.
25 Тамыз, 2021
«Отбасымды атажұртқа әкелу – арманым»
Ауғанстандағы шиеленіскен жағдайға Арқа төсінде білім алып жүрген ауған жастары қатты алаңдап отыр. Олар бәрінен де елдерінде қалған ата-аналары мен ағайын-туыстарының амандығын уайымдайды.
24 Тамыз, 2021
Спорт секцияларының қатары көбейді
Мектеп оқушылары арасында өткен республикалық Ұлттық мектеп лигасының жалпы қорытындысы бойынша Шымкент қаласы жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Спорттың 10 түрінен өткен сайыстан оқушылар 10 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иемденді. Жарыстың 4 кезеңнен тұрған соңғы сайысына 360 шымкенттік оқушы қатысқан. Оқушылардың бұл жетістігі жылдар бойғы жаттығудың және спортпен айналысуына жасалған жағдайдың, бапкерлерінің еселі еңбегінің нәтижесі екені анық.
24 Тамыз, 2021
Ауғанстанды кімдер басқаратыны белгілі болды
«Талибан» радикалды қозғалысының басшылығы Ауғанстанды басқару үшін кеңес құруға ниетті, оған 12 адам, оның ішінде елдің бұрынғы Үкіметінің кейбір мүшелері кіруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Foreign Policy сайтына сілтеме жасап.
24 Тамыз, 2021
Коронавирустан қорғайтын антидене табылды
Америка ғалымдары коронавирустың барлық белгілі мутациясын бейтараптандыратын антидене тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Тамыз, 2021
Әр зейнеткерге 59 мың теңге берілетіні рас па?
Әлеуметтік желіде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен әр зейнеткерге 59 мың теңге төленетіні туралы ақпарат тарады, деп жазады Egemen.kz.
24 Тамыз, 2021
16 жастан асқандарға вакцина салу толық мақұлданды
АҚШ-та америкалық Pfizer және немістің BioNTech компаниялары әзірлеген вакциналарды 16 жастан асқан адамдарға салу толық мақұлданды, деп жазады Egemen.kz.
24 Тамыз, 2021
Астана LRT-ның экс-басшысы елге экстрадициялануы мүмкін
«Astana LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
24 Тамыз, 2021
Алексей Цой елдегі эпидахуал туралы айтты
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Тамыз, 2021
Токио-2020: Паралимпиада ойындары басталды
Токиода Паралимпиада ойындары сейсенбі күні басталып, 5 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Тамыз, 2021
Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау мерзімі ұзартылды
Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды. Мұндай шешімді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
24 Тамыз, 2021
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 5 631 адам жұқтырып, вирусқа шалдыққандардың саны 748 851-ге жетті, деп жазады Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
24 Тамыз, 2021
Биыл ұлы ағартушының туғанына 180 жыл болды, соған орай кеше «Ыбырайдың ізімен» велошеруінің Нұр-Сұлтан − Қостанай бағытын бетке алған қатысушылары бас қаладағы Ыбырай Алтынсарин көшесінің бойында ұстазға орнатылған тақтатас жанынан аттанды.
24 Тамыз, 2021
Қазақстандықтар «Киллер кодексі» фильміне түсті
Қазақстанның Nomad Stunts каскадерлері әйгілі америкалық актер Сэмюэл Л.Джексонмен бірге «Киллер кодексі» фильміне түсті.
24 Тамыз, 2021
Иордания Хашимит Корольдігінің астанасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақстандық кино күндері өтті.
24 Тамыз, 2021