Пікірлер .
Халық санының артуы – елге құт
Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мемлекеттерге ежелден маңызды мәселелердің бірі болып келеді.
09 Тамыз, 2018
Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат
Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмоладан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмола иемденген.
18 Маусым, 2018
Рәміздердің символикалық қана емес, тылсым сипаты да бар
«Көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді» деп халық арасына кең тараған тамаша әнде айтылатындай, қазір жер жүзіндегі бар қазақтың көзіне көк Туымыз оттай басылады. Басқа түсті қаламай, нақ осы, зеңгір көк аспанның түсін ұсынған марқұм Шәкен Ниязбеков ағамыздың тапқырлығына да тәнті боласың.
04 Маусым, 2018
Туысқан елдердің тұтастығы тұғырлана берсін
Осы аптада жұрт назарын аударған оқиғалардың бірі Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайиып Ердоғанның Өзбекстанға сапары болды. Аталған елдер басшыларының кездесуінен кейін мәлім болғанындай, Өзбекстан Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің құрамына кіретін болды. Уағдаластықтарға қарағанда, Өзбекстан Кеңестің Бішкекте өтетін келесі отырысына қатыспақшы.
03 Мамыр, 2018
Ассамблеяның айшықты қадамдары
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына биыл 23 жылдан асып барады. Еліміз тәуелсіздік алуының елең-алаңында құрылған бұл ұйымның да жылдан-жылға қабырғасы қатайып, бұғанасы бекіп келеді. Қазір ол Қазақстанмен бірге дүние жүзіне танылған айрықша ұйым.
26 Сәуір, 2018
Қайырымдылық көмектің қайыры болады
Табиғат апатына немесе соғыс, қарулы қақтығыс салдарынан күйзеліске ұшырап, аштыққа, босқыншылыққа тап болған елдерге қайырымдылық көмек көрсету – халықаралық қоғамдастықтың игі шараларының бірі. БҰҰ-ның Халықаралық соты ондай көмектердің азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек түрінде болуын, қару-жарақ түрінде берілмеуін қатаң бекіткен.
19 Сәуір, 2018
Өткен аптада Бакуде Қосылмаған елдер қозғалысына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің аралық конференциясы болып өтті. Оның тақырыбы «Тұрақты даму үшін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау» деп аталды. Әзербайжан Республикасы 2019 жылы осы қозғалыстың жоғары деңгейдегі ХVІІІ саммитін өзінде қабылдайды. Мына конференция сол саммит алдындағы дайындық іспеттес болды.
12 Сәуір, 2018
«Мен қалада өмір сүре алмаймын...»
Қазақтар кезінде осылай дейтін еді.Шынында солай, бұрынғы кезде ауылдан көшіп баратын қарапайым адамға қалада өмір сүру оңай емес-тін. Үй-жай алу түгілі ішім-жем, дұрыс киім, жақсы қызмет көру сияқты қажеттіліктің бәрі тапшы болатын.
04 Сәуір, 2018
Кеңес одағындағы 30-шы жылдардың соңы мен 40-шы жылдың ортасында болған қуғын-сүргінге ұшыраған халықтың негізгі бөлігі бізге тоғытылды.
02 Наурыз, 2018
Жақында АҚШ өзінің жаңа ядролық стратегиясын жариялады. Онда қандай қауіп болған жағдайда Пентагонның аждаһа қаруға жүгінетіні нақты айтылған.
19 Ақпан, 2018
Ортақ тіл табысуға ұмтылыс бар
Бір халықты екіге жарып, ағайынды бір-біріне қарсы қойған ғаламдық саясат, екі түрлі саяси жүйе корей халқын әлі де бір-біріне жат қылып отыр. Жақындату түгілі кейде бір-біріне деген жаулық ниеттерін де жариялап, бітіспейтін көзқараста екендіктерін білдіріп қояды.
22 Қаңтар, 2018
Қару сату кикілжіңді күшейте ме?
Украинаға мергендер винтовкасын сатуға рұқсат сұраған коммерциялық компанияға АҚШ үкіметі лицензия бергені туралы Америка мен Ресейдің БАҚ-тары жарыса жазды.
09 Қаңтар, 2018
Ақыл-ой азат болса ғана сана өседі
Бізді ұзақ жылдар бойы «партия заманымыздың ақыл-ойы, абыройы, ар-ожданы» деп ақыл-ойымызды партияның қазығына байлап қойды.
27 Желтоқсан, 2017
Әділеттің ақ жолынан Трампша аттау
Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы дегенді мойындап, АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен сол қалаға көшірілетінін мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғана елшілікті көшіруді кейінге қалдырған Трамптың бұл шешімі қандай да бір қысымның күштілігінен екені көрініп тұр.
14 Желтоқсан, 2017
Жуырда Би-Би-Си-дің орыс қызметі Дағыстан және чешен халықтарының ұлттық батыры Қажымұраттың Санкт-Петербургтің музейлерінің бірінде сақтаулы тұрған бас сүйегін Чешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың сұратып, жер қойнына беруге ниет еткені туралы жазды.
04 Желтоқсан, 2017
«Қоғамда болып жатқан терең өзгерістерге байланысты біздің тарихқа қайтадан үңіліп, сол кездерден бүгінгі күннің проблемаларынан шығудың жолын іздеп, болашаққа сабақ алуымыз керек», деген еді Президент Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабында. Тарихтан сабақ алу – қай заманда болса да күшін жоймайтын, ескірмейтін маңызды мәселе. G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть
16 Қараша, 2017
Адамзатты ақ жолдан тайдыратын жаман әдеттің бірі – фанатизм. Бұл саяси, ұлттық және діни сенімдердің біріне бассыз-көзсіз беріліп, санасына сіңіп алған сол идеялардың құлы болып, соны ғана дұрыс деп санап, оған сын айтқанның бәрін жау көретін қатып қалған көзқарас.
06 Қараша, 2017
Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар күшейе ме?
Жуырда Жапония және Оңтүстік Корея әскерімен бірлесіп жүргізілген жаттығулар барысында Корей түбегінің үстімен екі америкалық стратегиялық бомбалаушы ұшақ ұшып өтті. Бұл туралы АҚШ-тың одақтасы Оңтүстік Корея мәлім етті. Жағдай онсыз да ушығып тұрғанда бұл АҚШ әскерилері тарапынан болған тым батыл әрекет еді. Егер сол бомбалағыштардың бірін КХДР атып түсірген болса, оқиғаның әрі қарай қалай шиеленісетінін болжаудың өзі қиын.
26 Қазан, 2017
Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар күшейе ме?
Жуырда Жапония және Оңтүстік Корея әскерімен бірлесіп жүргізілген жаттығулар барысында Корей түбегінің үстімен екі америкалық стратегиялық бомбалаушы ұшақ ұшып өтті. Бұл туралы АҚШ-тың одақтасы Оңтүстік Корея мәлім етті. Жағдай онсыз да ушығып тұрғанда бұл АҚШ әскерилері тарапынан болған тым батыл әрекет еді. Егер сол бомбалағыштардың бірін КХДР атып түсірген болса, оқиғаның әрі қарай қалай шиеленісетінін болжаудың өзі қиын.
26 Қазан, 2017
Жауапсыз сөз достыққа сына қаға алмайды
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың елдегі президенттік сайлауда өз кандидатын өткізу мақсатымен жауапсыз мәлімдемелер жасауы, соның ішінде басты қарсыласты қырғыз сайлаушыларына жағымсыз етіп көрсетуді көздеп, оны Қазақстанмен байланыстыруы – «сасқан үйректің артымен сүңгігені» секілді әсер қалдырып отыр.
11 Қазан, 2017