Пікірлер .
Биыл туғанына 90 жыл толған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Нені аңсаймын» атты жырында «Сені аңсаймын, қайнаған ақ бас таулар, Ақ бас таулар – самайын ақ басқандар. Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар, Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар» дейтін бір шумақ тіркесі бар. Осында айталған «өре» атауы жайлы тәпсірлесек...
06 Қазан, 2021
Әлемде ағайынгершілікті, туыстықты қатаң сақтай отырып, ұлт тұтастығы мен қоғам бірлігін реттеп келген жұрттың бірі − қазақ халқы. Мысалы, бабаларымыздан жеткен «Абысын тату болса ас көп...» немесе «Ағайынның азары болса да, безері жоқ» дейтін құнды тәмсілдер ұлтымыздың ағайынгершілік болмысынан хабар берсе, мұсылман үмбетінің пайғамбары Мұхаммед: «Кім ризық-несібесі көбейіп және ғұмырының ұзақ болуын қаласа, ағайынгершілік қарым-қатынасын күшейтіп, туған-туысына қарайлассын» дейтін аса құнды өсиет қалдырғаны бекер емес.
29 Қыркүйек, 2021
Шамамен жиырма шақты жылдың алдында теледидарды қосып қалсам, марқұм Шераға, қазақ рухының қанжары Шерхан Мұртаза сөйлеп жатыр екен. Жарықтық мұртын көкке шаншып алып, қынабынан суырылған жалаң қылыштай ызғарлы жүзбен: – «Байқаймын, қазіргі жастар ширығуды білмейді, ширыға алмайды, ондай қабілеттен айырылған, бұл қасірет», деді марқұм. Қайсар қаламгердің осы сөзі көкейімде жатталып қалыпты. Әсіресе, «ширығу» жайлы айтқаны.
08 Қыркүйек, 2021
Күллі жаратылыс уақытқа тәуелді. Сол сияқты ақыл-парасаты кемел адам баласы үшін ең қымбат, ең құнды дүние – уақыт. Мысалы, сіз 63 жыл өмір сүріп, күніне сегіз сағат жұмыс істесеңіз, барлық ғұмырыңыздың 21 жылы жұмыс істеуге кетеді екен. Тәулігіне сегіз сағат ұйықтасаңыз, тағы бір 21 жыл ұйқыға кетеді. Оның сыртында алты жыл тамақ ішуге, бес жыл әртүрлі сапарларға, бір жыл телефонмен сөйлесуге, сондай-ақ қазіргі әлеуметтік желі дамыған заманда ең аз дегенде күніне үш сағат смартфонға үңілер болсаңыз, 63 жыл ғұмырыңыздың сегіз жылы тек телефон шұқылаумен өтеді деген сөз.
13 Тамыз, 2021
Тойды тоқтатпай төніп тұрған тажалдан құтыла алмаймыз
Ресми мәліметке жүгінсек, коронавирус алғаш тіркелген сәттен бастап індеттің covid-19 (ПЦР+) түрін 572 576 адам жұқтырып, одан 473 344 адам жазылып шықса, қайтыс болғандар саны 5 866-ға жетіпті. Сондай-ақ осы кезде індеттің covid-19 (ПЦР-) бойынша 60 893 адам сырқаттанып, оның 54 550-ы сауықса, 3 711 адам бақиға аттаныпты.
02 Тамыз, 2021
Адамзат танымында қызғану немесе қызғаныш деген бар. Қызғаныш ол – үлкен абырой. Бұл жерде, басын ашып айтқан жөн сияқты: абыройлы қызғаныш пен күнделікті адамдар арасында болып жататын пендауи қызғаныш екеуі екі басқа.
29 Маусым, 2021
Қазақ қоғамында әкенің орнын «асқар тауға» балап жатамыз. Расында солай. Тіпті көнеден келе жатқан «әке көрген – оқ жонар» дейтін тәмсіліміз де бар. Осы тәмсіл-ұғымды тарқатар болсақ, оның тәрбиелік мазмұны тым тереңде. Айталық, ежелгі дәуірде «оқ жону» екінің бірінің қолынан келетін шаруа емес. Өйткені қисық оқ жауға дарымайды. Яғни «Тобыршықты биік жай салып, Дұшпан аттым өкінбен» деп, атақты Доспанбет жырау айтқандай, жонған оғың түзу болмаса дұшпаныңды жайрата алмайсың. Сол себепті, бағзы заманда әке ең әуелі баласына оқ жонуды үйрететін болған.
22 Маусым, 2021
Ислам шариғатында «рухани қылмыс» деген түсінік бар. Бұл ұғымды тек мұсылмандар ғана емес, барлық кітап иелері аса қауіпті құбылыс деп санайды.
02 Маусым, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтар күнгі халыққа Жолдауында: «Мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті» деуі, сөз жоқ болашақтағы мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы болатын.
18 Мамыр, 2021
Орта ғасырда өмір сүрген атақты оқымысты Әбу Лайс Самарханди ислам әдептері жайында жазған еңбегінде: «Бір қауымның (халықтың) жер бетінен жойылып кетуіне себеп болатын дүниенің бірі – арақ. Өйткені ол сау адамды жындыға айналдырады», деген екен. Сол сияқты мұсылман ғұламаларының «арақ ішкен адамның бойында 40 күнге дейін иман болмайды» дейтін заңды пәтуасы бар. Бұл дүние қазіргі таңда медицина тарапынан да дәлелденіп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, ішімдік қолданған адамның қанында алкогольдік зат 40 күнге дейін сақталатыны анық.
11 Мамыр, 2021
Түрік ғұламасы Жәлаладдин Руми: «Жақсы адамның қабірін жердің бетінен іздемеңдер, ол өзінің туған халқының жүрегіне жерленеді», деген екен. Ал атам қазақ болса, «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» депті. Осындай аты да өлмеген, хаты да өшпеген жақсылардың бірі марқұм Ақселеу Сейдімбек еді. Жарықтық ұлт руханияты мен мәдениетіне үлкен үлес қосты. Небір келелі кездесулерде маңдайы жарқырап, салалы саусақтары күміс тұтқалы ақ таяғын қысып ұстап, кең залға селкеусіз көз тастап отырар еді. Қазір бұл күндер келмеске кетті. Бірақ елдің жүрегінде Ахаңның елесі қалды.
21 Сәуір, 2021
«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті Рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспеттесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күндердің қайырлысы – жұма, айлардың қайырлысы – Рамазан» деген екен.
13 Сәуір, 2021
Рухы биік ел ешқашан жеңілмейді
Жалпы, мемлекет құрудың негізі – экономика емес, руханият. Руханияты бай, рухы биік ел ешқашан жеңілмейді. Яғни ол өзінің тәуелсіздігін сақтайды. Өткенінен бейхабар халықтың рухани кемелдігін былай қойғанда, материалдық тұрғыдан да жарымайды. Сондықтан болашағының берік болуын ойлаған жұрт ұрпағын өткен тарихтың кемел үлгісімен суаруы тиіс. Осы орайда, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары – қазақ қоғамына сананы жаңғырудың жолын нұсқаған бағдаршам іспеттес құнды дүниелер.
12 Сәуір, 2021
Өткен ғасыр басында қазақ оқығандары, яғни алаш қайраткерлері ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көгертуге құл халықтың» дегеніндей, бәрі дерлік қазақтың жоқшысы болды. «Әр халықтың дәстүр-салты мен әдет-ғұрпы үкімет заңынан биік тұруы тиіс» деп қытай ойшылдары айтқаны сияқты, өткен ғасыр басында ұлтты сақтап қалудың ең нәзік иірімдері оның дәстүрі екенін қазақ оқығандары ерте аңғарды. Сөйтіп олар жұртты бірлікке, татулыққа, берекеге үндейтін, екінші жақтан жер емшегін емген дихан қауымын еңбекке ынталандыратын «Наурыз мейрамын» тірілтуге атсалысты.
29 Наурыз, 2021
«Жеті ата» дәстүрі – қоғам саулығы
Ертеде қазақ ханы әз Жәнібек елге аты шыққан емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлын шақырып: «Қандай дертке дауа жоқ?» деп сұраған екен. Сонда емші: «Тұқым қуалаған ауруға дауа жоқ» депті. «Оның алдын алуға бола ма?» дегенде, емші: «Жеті атаға дейін қыз алыспау», депті. Бұл пікірін әйгілі шипагер кейінгі ұрпақ білсін деп хаттап-шоттап жазып кеткен екен. «Жеті атадан асқаннан кейінгі аталардан қыз алыспақ керек. Жиенін алмақ – жиеніне бермек, емшек сүті араласпаса болды дейтіндерге: қандық, аңғақтық, уылымдық бейім көп болмақ. Алалық, шалажаралымдық, туылымдық, жаралыстық бітіс, милаулық туылғылар көз көргілігі бұтан дәлелімдік саналығы таппақ» дейді әйгілі дуагер.
17 Наурыз, 2021
Қоғамдық пәлсапалық һәм танымдық тұрғыдан қарағанда «адам» ұғымы аса күрделі. ХІ ғасырда өмір сүрген түрік ғұламасы Мәулана Руми: «Адамның болмысы – ішінде әртүрлі аңдар мекендейтін орманға ұқсас. Біздің бойымызда таза-лас, жаман-жақсы, имани-хайуани сияқты мыңдаған қасиет бар. Егер ішкі жан шаһарыңда қасқыр үстемдік ете бастаса, адамның қасқырға айналғаны. Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке құйылып тұрады. Сәт сайын адамның жүрегінде бір нәрсе бас көтереді. Сол себепті адам кейде періште, кейде шайтани сипатқа айналып отырады» деген екен.
03 Наурыз, 2021
Дана халқымыз «көп қорқытады, терең батырады» деп тегін айтқан жоқ. Мұндағы «көп» сөзін бүгінгі күн тұрғысынан тәпсірлесек – демография, яғни қоғамдағы бұқараның салмағы. Әсіресе, ұлан-байтақ өлкені меншіктеп отырған қазақ сияқты этнос өз территориясына толық иелік ету үшін саны көп, салмағы мығым болмақ керек. Атақты Бұқар жырау бабамыздың «Желкілдеген ту келіп, Жер қайысқан қол келіп, Сонан сасып тұрмасқа...» деп болашақ ұрпағына бекер ескерткен жоқ. Баба сөзінен біз «көп болсаң жау шаппайды, туың жығылып, түтінің өшпейді» деген өзегі нәрлі, өлшемі кең, өлмес өсиетті аңғарамыз.
11 Ақпан, 2021
Қазақта «сұңғыла» деген сөз бар. Бұл атау нені білдіреді дегенге тоқталсақ, 2013 жылы жарық көрген Қазақ тілінің үлкен түсіндірме сөздігінде: сұңғыла деп – зерек, зерделі, тез байқағыш, аңғарымпаз адамды айтады депті. Бұл пайым дұрыс әрине. Өйткені қазақ баласы басқа жұрттан осы сұңғылалық қасиетімен ерекшеленіп тұрады. Өзбек халқының бірінші президенті марқұм Ислам Кәримов «қазақтан жолдасың болса, жолдан адаспайсың» дегенді көп айтатыны сияқты, күллі әлем қауымдастығы Нұрсұлтан Әбішұлын бір ауыздан «сұңғыла саясаткер» деп мойындағаны тегін емес.
19 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бас басылымы «Егеменде» жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын: «Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс» деп аяқтапты.
07 Қаңтар, 2021
Әйгілі француз ойшылы Жан-Жак Руссо «Мықты мемлекеттің кепілі – өз азаматтарының тыныштығын қамтамасыз ете алуында» деген екен. Осыған үндес сөзді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та «Мемлекетте бейбітшілік пен тыныштық сақталған жағдайда ғана дамудың даңғыл жолы ашылады» деп үнемі айтумен келеді. Сол сияқты қазақтың үлкен ақыны Мұқағали Мақатаев «Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде, Ұйқыдағы сәбидің келбетіне...» десе, тәуелсіздік төлі, жас жыршы Мирас Қадырмұрат бауырымыз: «Аллаға мәлім, ризықтан бұрын тыныштық, Ризықтан бұрын тыныш таңдардың мұңы ыстық, Атадан қалған ат басты алып алтыннан, Бағалы елге тыныштық деген күміс құт» деп жырлапты.
25 Желтоқсан, 2020