Пікірлер .
«Измдердің» бәрін исламға телуден сақ болайық
Елдің бәріне мәлім, батыстық бұқаралық ақпарат құралдары ислам десе, оның соңына экстремизм, терроризм, фундаментализм дегенді қосып айтпаса ішкен астары бойына жұқпайтындай. Оған тіпті бой да үйреніп барады. Бірақ адамзат тарихындағы қанды қасап қырғындарға көз жүгіртіп көрейікші.
14 Қазан, 2021
2021 жыл. Маусым айы. «Берлин-Карлхост» музейі. Гитлерлік Германияның Кеңес Одағына қарсы соғыс бастағанына 80 жыл өткенде Герман Федеративті Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штанмайер бұрынғы кеңестер құрамында болған, қазіргі тәуелсіз мемлекеттердің дипломаттары алдында қасап қырғын жасап, миллиондаған адамның ғұмырын қиып, тұтқынға түсудің азабын өткеріп, жетімдік пен жесірліктің тауқыметін тартқызған алдыңғы ұрпақтың күнәсі үшін кешірім сұрады.
09 Қыркүйек, 2021
«Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды» дейді. Елдіктің өзі неде? Әлде санның көптігі сапаға ықпал етіп, ішінен озық ойлы ерлері іріктеліп шыға ма екен? Мәселе санымыздың аздығында, бодандық қамытын көп жыл іліп жүргенімізде, ұлыққа ғана бас ұрып, өз араңнан шығып өрге қарай өрмелегенді етектен тартқан іштарлықтың құрты жеген бос кеуек кеудеге айналғанымызда ма? Құлдық сана ма кедергі?
16 Тамыз, 2021
Қасым атам әркез ұтырлы айтар сөзі бар және онысы ел аузында жүретін абыройлы адам еді. Атам отының алды, суының тұнығы, баласының үлкені қызын ұзатады. Ол уақыт тұрмысқа шыққан қыздың артынан ай өтпей жетіп баратын кез емес. Жылдан асып, пәленбай шақырымды артқа тастап, құдасының үйіне тоқтап, олар Қасекең, құда келді деп құрақ ұшып дастарқан жайып күтеді. Шай үстінде бар зейіні үлкендерге ауып, соларға қызмет етіп отырған қызы қайынсіңлісінің босаған кесесін аңдамай қалыпты. «Жеңеше, шай» деп көзімен жеп жібергенін көрген атам үйіне келген соң жұбайына «Көрдім баламды. Қайтейін, дүние кезек деген, құдашаның көзін көрдім, оған да біреу қарар» депті.
25 Маусым, 2021
Уақыттың бір орнында тұрмайтыны тәрізді, қоғам өмірінің де үнемі өзгеріп, жаңарып, жаңғырып отыратыны ақиқат. Сол жаңғырған жолда кейде өкінішке қалып опынып, кейде мұратқа жетіп жетілу де заңды. Әйтсе де...
03 Маусым, 2021
Қазақ халқының «бәлшебектерден» көрмегені жоқ. Әуелі күштеп отырықшы етеміз деп қолындағы малын бір емес, бірнеше рет жинап алды. Діліне қиянат жасады. Рухын жаншып, дәстүрінен айыруға білек түре кірісті.
27 Сәуір, 2021
Ұзын салқар тарих көшінің қай халыққа да беретін сабағы бар екені белгілі. Жетелілер тарихтың қайталанғанын көргенде, бүгінгі тынысында өткеннің ащы тұсын тұщытып, кермегін жұмсартып, запыранын емдеп, болашағының жарқын болуына соларды мысал ете отыра ұрпағын алға жетелейді.
23 Сәуір, 2021
Әкем мектепте тарих пен қоғамтану пәндерінен сабақ берді. Содан да болар, үйде дастарқан басында саясат, демократияға қатысты әңгімелер жиі айтылатын. Бірде батыстық демократияға қатысты сөз өрбігенде әпкем: «Демократия деген бетімен кету ме?» деп сауал қойғаны бар.
15 Наурыз, 2021
Бүгінде халқы тығыз қоныстанған оңтүстік өңірде жұрт мал жаятын жер таба алмай жатқанда, елдің солтүстігіндегі жайылымы мен егістік жері мол ауылдарда тұрғындардың қатары сиреген. Қашанда қазақ «Бос жатқан жер жау шақырады» деп етек-жеңін қымтап отырған.
16 Ақпан, 2021
Әлемді індет жайлағалы тығылып той жасағандар мен көпшілік жиып ас бергендерді естігенде қынжылып, «20 миллионға жетпейтін алақандай халқымыздың түрі мынау, ал 80-100 миллион, тіпті халқы одан да асатын елдердің жұрты дәл біздегідей қалыпта өздерін ұстаса не болады?» деп ойлайтынбыз.
05 Қаңтар, 2021
Жыл сайын Тәуелсіздік күні жақындағанда аңсаған азаттыққа қол жеткеніне, осы бақыттың бізге бұйырғанына шүкіршілік етемін. Болашаққа аманаттайтын тәу етер асылымыз – Тәуелсіздік тұғыры биіктей берсе екен деуден жаңылмаймын.
22 Желтоқсан, 2020
Қазақ жері ұлан-байтақ. Сондықтан сол керіліп жатқан кең өлкеге қоныстанған халықтың түрлі өңірлерінде бір сөзді өзгешелеу айтатынының да заңдылығы бардай көрінеді. Солай қабылдайсың да. Алайда ғасырлар бойына ұлттық құндылық саналатын сусынның төресі – қымызды ашыту технологиясының бар қазаққа бірдей екені аян. Желіге бие байлап, сапырып сары қымыз ішуді қаламайтын қазақ аз болар.
24 Қараша, 2020
Немере тәрбиесіндегі немкеттілік
Бүгінгі немерелерді аяймын. Бұрын немерелерді ұлағаты әр ісі мен сөзінен көрінетін қазыналы қариялар әлдилеп, небір аңыз, әфсаналар айтып, бабалар ерлігімен өр етіп, кісіге зәбір жасауға болмайды деп шапағат пен мейірге тәрбиелейтін. Олар «аташка» мен «әжека» емес, ата мен әже еді. Немерелер де қазіргідей гаджетке емес, солардың аузына қарайтын.
09 Қараша, 2020
Қарапайым тұмша тағып жүрудің ел үшін соншалықты маңызы болатынын кім білген? Жұмысты да онлайн түрде үйде отырып атқаратын болғандықтан, сыртқа көп шықпайсың. Өткенде қала ішінде қоғамдық көлікке отырдым. Күндіз болған соң автобуста адам қарасы көп емес, отырғандардан басқа 6-7 адам ғана түрегеліп тұр. Иә, сырт көзге жолаушылардың бәрі бетперде таққан, бірақ қалай?
29 Қазан, 2020
Торғай геоглифтері – трактор табанында
Саяхаттап жер көру, ел тану – сонау ықылымнан бар дүние. Арада мыңжылдықтар, жүздеген ғасыр өтсе де есімдері ұмытылмаған көне карфагендік Ганнон, грек Геродот пен Страбон, марсельдік Пифей, араб саяхатшылары Ибн Батута, Сүлеймен, Идриси, францискалық Гильом де Рубрук, венециялық Марко Пололар ғылымда орта ғасырлардағы жағрапиялық жаңа ашуларға дейін-ақ табаны тиген жерлерден жазбалар қалдырып, таным көкжиегін кеңітіп, бұрын таныс емес әлемдер жайынан сыр ашқан-ды.
14 Қазан, 2020
Алғашында Абель Тасман, одан кейін Джеймс Кук келіп, XVIII ғасырда Жаңа Зеландия деп ат қойылған аралға XIX ғасырда еуропалықтар ағылғанға дейін маори халқы дәстүрі, тілі, танымы, өзіне тән бай мәдениетімен жұмақ мекенінде жайбарақат өмір сүріп жатқан-ды.
07 Қазан, 2020
«Ер – елдің ық жағының қаласы, жел жағының панасы», «Еменнің иілгені – сынғаны, ердің екі сөйлегені – өлгені», «Елі күйінгенде күйінген батыр, елі сүйінгенде сүйінген батыр, ерегесте бір өзі мыңға татыр», «Ердің сыншысы – елі» деп ер баланы ерлікке баулуда ұлттық дәстүр мен танымның берері мол болған.
28 Қыркүйек, 2020
Әбден жауыр болған тақырыпты қайта-қайта қозғай беруден мүйіз шықпас дейсің. Алайда «жыламаған бала» болмайық, мүмкін біреу-міреу естіп қалар деген дәмеден мақұрым емеспіз.
20 Тамыз, 2020
Ауа жайылып, үдеп бара жатқан індет қарқыны кісі шошырлықтай. Қай жағынан да оңай соқпай, құрбаны да аз болмай тұр. Күнделікті ақпаратты майдан даласынан келген мәлімет дерсің.
03 Шілде, 2020
Әр ұлттың болмысында бабадан жеткен қасиет бар. Ғасырлар бойында халықтың дүниетанымы мен ұлттық болмысымен біте қайнаған, хатқа түспегенімен ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып берілген дәстүр мәдениеті кейде шырқау шыңына жетіп, кей тұста сырттан енген кері әсерлерден құндылығының байыбына жетпеген соң көмескі тартады. Түбінде ізгілік жатқан ол ғұрыптарды танудан ұтпасақ, ұтылмайтынымыз хақ.
12 Маусым, 2020