Пікірлер .
Сырттан «күл-қоқыс» тоқтаусыз үрленіп, қолқамызды бітеуде, бірақ оған қарсы әрекетіміз жоқтың қасы. Тіпті тыстан енген «шаң-тозаңға» бойымыз үйреніп кеткені соншалықты, оны таза ауадай қабылдайтын болдық. Бұл рухани әлеміміздің қорғаныс қабілеті өте әлсіз екенін, рухани шекарамыздың ашық-шашық жатқанын аңғартса керек.
10 Желтоқсан, 2020
Тыныштықтың темірқазығы – толеранттылық
Бүгінгі тынышсыз әлем, «ыстық нүктелердің», қақтығыс алаңдарының көбейе түскені, олардың жаһандық саяси-экономикалық үрдістерге жағымсыз әсерлерінің ауыр салдарлары өзгенің наным-сеніміне, өмірлік ұстанымына, сондай-ақ көзқарастар мен құндылықтардың әртекттілігіне өз деңгейінде түсіністікпен қарай білмейтініміздің нақты көрінісі тәрізді. Оның үстіне әлемнің бір кереметі – ондағы тіршіліктердің, қозғаушы күштердің, құндылықтардың әртектілігінде екенін қаперден шығарып алғандаймыз.
25 Қараша, 2020
Демографиялық өсімге не кедергі?
Бүгінде халқымыздың саны 19 миллионға жуықтады. Алайда бұл көрсеткіш қарқынды өсімнің нәтижесі емес. Халық санының өсуінің қазіргі деңгейі қолда бар мүмкіндігімізге сәйкес келмейтінін мойындауымыз керек.
20 Қазан, 2020
Аттандамай-ақ ұлтқа қызмет етуге болады
Қазір заманның, бүгінгі халықаралық қоғамдастықтың беталысына, ашық ақпараттық кеңістіктің үстемдігіне, кез келген елдің ішкі саяси-экономикалық жағдайы мен халқының көңіл күйінің ауанын басқа күштердің білу мүмкіндіктерінің көптігіне қарап отырып, біз үшін ең дұрыс жол «үндемей жүріп-ақ үлкен істер тындыру» қағидасын ұстану екенін айтқымыз келеді.
12 Қазан, 2020
Ұлттық дәстүрмен қош айтысамыз ба?
Ел Президенті биылғы Жолдауы арқылы еліміздегі отбасылық-демографиялық ахуалға өзінің алаңдаушылығын білдірді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысының баса назар аударуы, шын мәнінде, аталған салада шешімін күткен түйткілдер баршылық екенін аңғартты.
04 Қыркүйек, 2020
Аяғына тұсау, мойнына шалма салдырмай діңкелеткен асаудай көрінетін сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің абыройына нұқсан келтіріп қана қоймай, экономикалық тұрғыда дамуымызға да барынша кері әсерін тигізіп отырғанын қоғамымыздағы барлық тарап қымсынбай мойындайды.
29 Шілде, 2020
Табиғат-ананы бүлдірмес болар...
Қазір халықты мейлінше көбірек толғандыратын, тұрғындардың жанайқайына жиі түрткі болатын мәселелердің алдыңғы қатарында қоршаған ортаны қорғау саласындағы олқылықтар, көптен шешімін күткен, сондай-ақ жаңадан пайда болған экологиялық түйткілдер тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметіне ресми кіріскен алғашқы күндері Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін құруға жедел тапсырма беруі де аталған салада қолға алынуы тиіс қыруар шаруаның бар екенін айғақтайды.
08 Шілде, 2020
Еліміздегі демографиялық ахуалдың жақсаруына және адами капиталды дамыту ісінің өрге басуына кесірін тигізіп отырған мәселелер еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін ықтимал қатерлерді қоюландыра түсуде.
24 Маусым, 2020
Балалар әдебиеті: бұлыңғыр болашақ...
Қазіргі таңда жас өскіндердің бойына қазақылықты сіңіруге, жанымызға жақын ұлттық болмысымызға исіндіре тәрбиелеуге байланысты сыни пікірлер өте көп. Мұның барлығы айналып келгенде аталған салада үңірейіп көзге көрініп тұрған олқылықтардың кең ауқымын көрсетсе керек.
08 Маусым, 2020
Қоғамда қайырымды жандар көбейіп келеді
Атқарушы биліктің назарынан тыс қалған шетін мәселелерді шешуде және көмекке зәру, шарасыз қалған тағдыры қиын жандар мен отбасылардың басындағы ауыртпалықты жеңілдетуде, оларға қуаныш сыйлауда қайырымдылық қағидаттары негізінде амал жасап жүрген отандастарымыз, Құдайға шүкір, көбейіп келеді.
26 Мамыр, 2020
«Дінің тұрсын дін аман!» Заманның тыныштығын, елдің амандығын тілеген жамағат жиі айтатын қазақтың осы нақыл сөзінің мән-мағынасына терең үңілгенде бейбіт өмірдің берекесін қашырар себеп-бастаулардың алдыңғы қатарында адамдардың дініне, наным-сеніміне бағытталған қиянат пен зорлық, оған қарсылық, төзбеушілік әрекеттері тұратынына көзіміз жетеді.
19 Мамыр, 2020
Қоғамдық келісім мен бейбітшіліктің маңызын ұғындырар ұлағатты ұғымдар санада жаңғырған сәттерде, іргесінен су кетіп, берекесі қашқан, татулық туын жығып алған кейбір елдердегі қиын жағдайларды ойлағанда ел ынтымағының, ел бірлігінің қаншалықты маңызды екенін терең түсінесің.
01 Мамыр, 2020
Бір көкемнің: «Құздан құлап бара жатса да адамның құлқыны бүлкілдеуін қоймайды», дегені бар. Сонда мен іштей: «шыбын жаны қиылғалы тұрған сәтте кім құлқынының қамын ойлай қояды дейсің...», деп оның айтқанымен келісе қоймағанмын. Кейін ойлап қарасам, әлгі көкем мен ойлағандай емес, кейбір адамдардың қандай жағдайда болсын жемсауын толтыруды бірінші кезекке қоятынын меңзеген екен ғой...
28 Сәуір, 2020
Қымбатқа алып, арзанға беретіні несі?!
Бүгінде «Импорттың бәрі керемет, бәрі сапалы» дейтін ұғым-түсінік санадан ысырыла бастағандай. Сондықтан өз елімізде өндірілетін, соның ішінде, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген жерлестеріміздің табиғи, құнары мол өнімдеріне деген ықыласымыз оянып келеді.
20 Қаңтар, 2020
Әділдік орнаса – әлеумет тыныш
Өз елінде жүріп өгейдің күйін кешу өзекті жанды өкіндірмей қоймасы анық. Бұл өкініш біреудің ғана емес, талайлардың тынысын тарылтып, ақырында санасын сілкісе, «тиісті сыбағасынан жаман ғана құр қалады» дегендей мазмұндағы ой жүйкеге тиіп, жүректі шаншытса, қиын.
04 Желтоқсан, 2019
Жекелеген адамдар біреуге есе жіберіп алса, әлдекімге ақысы кетсе, іштей мазасызданып, кеткен есесін, ақысын қайтаруға күш салып жатады. Тіпті кейбір адамдар біреуге ақысын жіберіп алған жағдайда оны өзіне қорлық санайтыны бар... Ал тұтас бір мемлекет өзге тараптармен қарым-қатынастары барысында аз үлеске көніп, ұтымсыз келісімдерге барып жатса, сол елдің халқы мұндай қадамдарға қалай қарайды?
12 Қараша, 2019
«Имидждік» жиын – қаржыны босқа шашу...
Қазіргі таңда қоғамымызда жиі қозғалып, түрлі сыни пікірлерге арқау болып жүрген мәселелердің бірі – ысырапшылдық. Мұны қоғамдық дерт деп атасақ та қателесе қоймаспыз.
09 Қазан, 2019
Соңғы уақытта елімізде жол-көлік оқиғалары жиі орын алуда. Соның салдарынан қаза тапқан, мүгедек болып қалған, түрлі жарақат алған адамдардың есебінен жаңыласыз...
01 Қазан, 2019
Халықтың атқарушы билікке деген сеніміне селкеу түсіретін, қоғамдық көңіл күйдің төмендеуіне тікелей әсер ететін мәселелердің бірі – суық қолды ұрылардың қылмыстық іс-әрекеті және бұл қылмыстардың көпшілігінің тиісті орындар тарапынан ашылмауы. Мұның ішінде, әсіресе «мал қайғысы – жан қайғысы» дейтін, «мал, жан аман ба?» деп хал сұрасатын қазақ қоғамында мал ұрлығының белең алып тұрғаны қарапайым тұрғындарды қынжылтып отыр.
23 Қыркүйек, 2019
«...Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?»
Алла тағала қазақтың иелігіне асты мен үсті байлыққа толы кең-байтақ жерді нәсіп еткені көңіл марқайтпай қоймайды. Алайда осынау Ұлы даламыздың, оның қойнауындағы ризық-несібеміздің қадірін біліп, оны құныттап пайдалану, жанын сала қорғау жағынан келгенде әттеген-ай дейтін тұстарымыз көп-ақ...
04 Қыркүйек, 2019