Пікірлер .
Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сіңген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енетініміз бар.
18 Қаңтар, 2018
Ой жүгіртіп, көңіл көзін кеңірек ашып қарасаңыз, бұл дүниеде уақыттан құдіретті не бар?!
10 Қаңтар, 2018
Ықылымнан келе жатқан ынсап деген ұғым-түсінік бар. Біле білгенге ынсаптың мағынасы өте терең. Әрбір ізгілікті һәм иманды адамның өмірлік мұратының, адамшылық қағидасының алтын арқауы осы ынсап деп білгеніміз абзал. Ата қазақ: «Ынсапсызда ұят болмайды» деп бекер айтпаған. Хакім Абай: «Ынсап, ұят, терең ой – Ақыл, зейнет, біліп қой» деп қайырған. Олай болса, адам бойындағы ең асыл қасиеттердің қатарында да осы ынсап, ынсаптылық тұрмақ.
01 Қаңтар, 2018
«Қазақ елі үшін ең басты құндылық не?» десе, мың-миллиондаған отандастарымыз: «Ол біздің алтыннан да ардақты, күмістен де салмақты Тәуелсіздігіміз!», деп жауап қатары шүбәсіз.
15 Желтоқсан, 2017
Кезінде қазақ әдебиетінің классик ақсақалы Ғабит Мүсіреповтің «Социалистік Қазақстан» газетінде шыққан «Дәстүр және жаңашылдық» деген мақаласы жан сарайын өзі айтатын есрафіл самалындай желпіп, зиялы қауым мен жазушы жамағатқа кеңестік тымырсықтың көбесін сөккен сәуледей әсер етіп еді.
13 Желтоқсан, 2017
Ардақталуға тиісті ата мұраларымыздың қатарында ел мен жер атаулары ерекше орын алатыны белгілі. Шын мәнінде де жеріңнің аты – еліңнің хаты, ата-бабалардың аманаты, тарихтың көзге көрініп тұрған көрнекі жады.
28 Қараша, 2017
Ойпырмай, қай нәрсеге де келістіріп, дәл бейнелеп ат қоюға келгенде қазақтан шебер халық бар болса, айтыңызшы бізге! Бір ғана құлақтың төңірегінен толып жатқан қаншама толайым ұғымдар шығарғанына таңғалмасқа әддіміз бар ма? Ұзынқұлақ дейді. Қалқанқұлақ дейді. Салпаңқұлақ дейді.
21 Қараша, 2017
Қарап тұрсақ, бұл дүниеде қазақ көрмеген қасірет аз сияқты. Отырар ойранын, дербес Орда тіктеген дәуірлердегі қиғылық жылдарды айтпағанда, екі ғасырға созылған жоңғар шапқыншылығы, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, қайың сауған нәубеттері, екі жарым ғасырдан астам дерлік орыс бодандығы – халқымыздың бүгінгі ақжолтай азат күндерге келер жолдағы бастан кешкен азабы, тартқан тақсырет-тауқыметінің қара жерден де ауыр екендігін айғақтайды.
25 Қазан, 2017
Әдебиет – халықтың жаны. Демек, ондай әдебиетті жасау үшін жазушы өз туған халқын жанындай жақсы көріп сүюі тиіс. Сонымен бірге оған әдеби талант һәм шеберлікпен қатар, жазушылық жанпидалыққа бара алатын дегдар қасиет, алабөтен ерлік те қажет дер едік.
17 Қазан, 2017
Есте жоқ ескі замандардан бастап-ақ ежелгі адамдар өзінің арман-қиялын, түйсігімен сезгенін, санасымен топшылағанын үңгірлердің қабырғаларына өрнектеп салған, тастарға бәдіздеген.
05 Қазан, 2017
Ғасырлар бойы кең далада көшіп-қонып ғұмыр кешкен халқымыздың алыстан хабар алғызған әйгілі феномендерінің бірі – ұзынқұлақ. Бұл бір етек-жеңі кең пішіліп далиған қазақы мінезді, тек қазаққа ғана тән үлгі-үрдіс. Бір ғана айырмашылығы – қазақ жайбасар, жайбарақат, ұзынқұлақ – жылдам.
25 Қыркүйек, 2017
Жер бетінде Адам Ата әулеті жаратылғаннан бергі сан ықылым замандарда әкелер мен балалар арақатынасы мәселелерінің тоқсан тоғыз толғаулы сүйегі, жетпіс жеті желілі сабақтастығы бір сәтке де үзіліп көрген емес.
13 Қыркүйек, 2017
Ау, ағайын, осы арагідік тас туралы, «тас» сөзінің санамызға сіңген сіреу ұғымы туралы бір сәт ойланып көрдік пе? Мына күйбең тірлікте соған мұршамыз да келе бере ме? Қайырымсыздықты, қаталдықты «қара тас», «тас бауыр», «тас жүрек» деп бейнелейміз. Сөйтіп, тастың сүйкімін кетіреміз. Ал осылай дегенде тасқа обал жасап жүрген жоқпыз ба?!
03 Тамыз, 2017
Қадағаңның – атақты ақын Қадыр Мырза-Әлінің «Қазақ осы!» деген атпен кең таралған, тамаша мақамды әнмен шалқыта шырқалатын өлеңін білмейтін адам кемде-кем болар, сірә. Шетелдік мейманға қазақты таныстыру ретімен жазылған өлеңнің айтары астарлы, мағынасы қатпарлы. Осындай форма арқылы кеңестің әр сөзден пәле іздеген қырағы көздерін адастырып кеткен ақын шын мәнінде қазақ деген халықтың жан дүниесін, бекзат болмысын жарқыратып ашып, көзіқарақты жұртқа ұлттың керемет қасиеттерін тамыршыдай тап басып таныта білген.
21 Шілде, 2017
Байқар болсақ, «астана» деген сөз қазақта ежелден бар. Мұның өзі халқымыздың бағзы замандардан бері іргелі ел, тегеурінді бел болғандығын айғақтап көрсеткендей. «Тауға да керек астана, тасқа да керек астана» деп қазақтың аяулы ақыны Төлеген Айбергенов жырлағандай, ұйысқан ұлыс, еншілескен ел болған соң астаналы жерге, асқаралы белеске елордасы да тігілмей тұрмасы анық. Бұл ақиқатты қазақ тарихының қатпарлы шежіресінен көреміз.
06 Шілде, 2017
Алаш ұранды, ағаш керегелі халқымыз үшін қазақтың бірлігі қашаннан-ақ қастерлі сөз, қасиетті ұғым болған. Абылай баһадүр ханның әйгілі үш арманының, үш өкінішінің бірі де осы бірлікке саяды.
29 Маусым, 2017
Қазір қалада тұратын аға буын ұрпақтың басым көпшілігінің санасындағы, жалпы жан дүниесіндегі, ұғым-түсінігіндегі алтын бесік ауыл бейнесі балалық шақтың бал дәуренінде қалыптасқан ғой. Содан да болар, қашанда көл көңілді қазақы мінездің, астың асыл-дәмдісін көпке сақтайтын дархан пейілдің, айтпай келетін қыдыр қонаққа қуанатын мырза бейілдің нұр шуағына малынып өстік десек те болады. Қарап отырсақ, осындай ақ-адал пейіл, көңілдің кеңдігі қазақтың құты екен-ау.
22 Маусым, 2017
Біздің әңгімеміз жеке адамның мәдениеті, кісілік келбеті, халқымыздың дәстүрлі әдебі, жалпы адамгершілік құндылықтар орайында өрбімек. Сонымен, мәдениет емес, мәдениеттілік туралы сөз қозғамақпыз.
06 Маусым, 2017
Қазақтың әзелден ардақ тұтып қастерлейтін қасиетті ата құндылықтарының арасында Ер мен Жердің алатын орны ерекше. Ер қашанда туып-өскен жеріне тартып туады. Осы бір жайды «Тау баласы тауға қарап өседі» деп жырлаған тұма жырлы Тұманбай Молдағалиевтай ақын ағамыз да кезінде жақсы аңдатқан еді. Себебі, ер жерге кіндігімен байланады, туған жерінің барша қадір-қасиетін тұла бойына сіңіріп, көкірегіне құйып, соған бүкіл жан-жүрегімен ізгілік қайнарына бас қойғандай сусындап өседі. Осылайша туған жер алдындағы перзенттік парыз жүгі салмақтана бермек, туған жерге деген перзенттік ыстық ілтипат пен махаббат тұрпаттанып толағайлана түспек.
26 Мамыр, 2017
Қай заманда болсын туған елі үшін толарсақтан саз кешіп, етікпенен су кешіп, желдің өтінде, жау жақ бетінде жүрер ерен тұлға, біртуар перзенттердің жөні де, жолы да бөлек. Бұл қазақта ел қамын жеп еңіреген Едіге сынды не сан ерлер өткен. Оларды «Есіл ерім!Асыл азаматым!» деп асқақтатады. «Ел бағына туған ер» деп әспеттейді. Ер деп, азамат деп жаяу борасын, жай жөпшеңділерге айтылмайды. Шын мәніндегі ер деген атаққа ілігу ілуде біреудің қолынан келмек.
19 Мамыр, 2017