Пікірлер
Қазақшаны қалай тез үйренеміз?..
Қазақша үйрену шын мәнінде соншалықты қиын ба?
17 Наурыз, 2017
Тарихты тұлғалар жасайды десек те…
Қазақта «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» дейтін екіншісіне қатысты мағынасы сүйкімсіздеу тәмсіл бар. Корея Халық-Демократиялық Республикасын (КХДР) қазіргі халықаралық жағдайда қыңырға теңемеске лажың жоқ. Өйткені, бұл елдің бүгінгі таңдағы сыртқы саясаты тек өңірге ғана емес, бүкіл халықаралық қоғамдастыққа айтарлықтай қауіп төндіріп отыр.
16 Наурыз, 2017
«Сіз сурет сала аласыз!». Сурет салып көрмеген сізге осылай десе сенесіз бе? Көркемөнер саласындағы туындыларға қарап отырып, түрлі сезімге бөленесіз, қуанасыз, таңғаласыз, мұңаясыз, мүмкін, көз жасыңызға ерік беріп, жылап аларсыз, кейде арман-қиялға беріліп, шарықтап биіктерге самғарсыз.
15 Наурыз, 2017
Ескерткіш орнату – өте ерте заманнан басталған дәстүр. Алдымен ежелгі Грекияда қолға алынып, құдайларға ескерткіш қойылған. Одан Римде жалғасып, белгілі императорларға ескерткіш орнату дәстүрі қалыптасқан.
14 Наурыз, 2017
Жастық шағында «Егер кенет байып кетсең не істер едің?» деген сұраққа Алексей Пешков, кейінгі даңқты жазушы Максим Горький «Кө-өп қылып кітап сатып алар едім» деп жауап берген екен, дейді. Ал бүгінде біздің марқасқа қаламгер Мархабат Байғұт ағамыз байлыққа бөгіп, бағлан жеген замандастарымыздың өздерінде жоқ кітапты сатып алмақ түгілі, бар кітапты қоятын жер таппай, отқа өртеп, суға ағызған сорлылығын күйінішті зар қылып шертеді. «Қош бол, кітап…» деп ел газеті «Егеменде» жан дүниесінің запыранын төге шырқырайды.
10 Наурыз, 2017
Еліміздің Статистика комитеті азық-түлік бағаларының жыл ішіндегі өзгерісі туралы нақты статистикалық деректерді жариялады.
10 Наурыз, 2017
Сенім мен үміт ұялататын шығармалар
Балалар әдебиетін тек балалар оқымайды. Үлкендер де балалар әдебиетін оқығанда шым-шытырық оқиғаға толы шығарманың желісіне еріп қызыққа толы сипаттаудың соңы не болар екен деп тағатсыздана соңғы бетіне жеткенше асығады.
02 Наурыз, 2017
Қыз намысы ұлт намысы емес пе?
Қазақ ұлын ұядан, балапан кезінен қырандай қияға қанат қақса екен, отбасы, ошақ қасында қалмаса екен деп тілеген. Қарғадайынан ашамай ерттеген тай-құнанға мінгізіп, ұранымды айтар ұланым деп, қолдан келгеннің бәрін аямаған. Талабын ұштаған. Қазақтың бетіндегі ұяты, көңіліндегі мияты бол деген тілегін құлағына құйған.
28 Ақпан, 2017