Пікірлер
«Қазағымның көп тарихы Көкшеде, қаланып тұр Оқжетпестей текшеге»... Осыдан біраз жылдар бұрынғы бір өлеңімізде осылай деппіз. Шын мәнінде де Көкшетау халқымыздың кенен тарихы қатпарланған қасиетті жерлерінің қатарынан ойып тұрып орын алатынына сөз бар ма?
25 Сәуір, 2017
Өткен 25 жылдың ішінде дамыған елдердің үлгісінде технологиялық трансфертті жүзеге асырдық. Алыс-жақын мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды реттедік. Осы үдерістерді қорытындылаған ғылыми орталықтар Қазақстанда экономиканы нарыққа көшіру үрдісі аяқталды деп отыр. Яғни, ендігі кезекте әлеуметтік-рухани, адами-шығармашылық мұраттарды сол экономика арқылы баянды етуді шұғыл қолға алу керек.
24 Сәуір, 2017
Шекара шегендеудегі Қазақстан тәжірибесі
Көршілес елдермен 14 мың шақырымға жуықтайтын, соның ішінде, дүние жүзі бойынша құрлықтағы ең ұзын 7,5 мың шақырым болатын мемлекеттік шекарасы бар Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап өзінің территориясын нақтылап алуға аса жоғары деңгейде стратегиялық маңыз берді.
24 Сәуір, 2017
Сөздің өтімділігі, тыңдаушының құлағына қонып, жүрегіне жетімділігі алдымен сөйлеушінің шеберлігіне, нақтылығына, шыншылдығына және қарапайымдылығына байланысты. Кейде шешеннің дауыс ырғағының құлаққа жағымдылығы мен анық естілуі де айтылған сөздерді тез ұғуға, ықыласпен қабылдауға ықпал етеді. Радио мен теледидардың жүргізушілерін, әсіресе, осы қасиетіне қарап қабылдайды.
21 Сәуір, 2017
Әлемдегі ең ықпалды мемлекеттердің бірі, Еуропалық одақтың белді мүшесі Францияда алдағы 23 сәуірде президенттік сайлау өтеді. Елдегі бұл саяси науқан өз мәресіне жақындаған сайын үміткерлер арасындағы бәсеке де қыза түсті. Әзірге, президенттіктен үміткерлер – Марин Ле Пен мен Эммануэль Макронның өзге әріптестеріне қарағанда бәсі жоғарырақ болып тұр.
21 Сәуір, 2017
Қос қабатты сауда үйінің шығар есігіне жақындай берген кезде сырт жақтан егде кісінің келе жатқанын байқадым. Бала күннен қалыптасып қалған әдет − ақсақалға ілтипат көрсетпек ниетпен есіктің тұтқасына қарай қолымды соза бергенім сол еді, қас пен көздің арасында бір жігіт таптап кетердей екпіндеп ішке енді. Түр-түсін де дұрыстап аңдай алмадым. Әйтеуір, айқастыра байлаған түрлі-түсті мойынорағышы бірден көзге түседі екен, онысы бет-әлпетін жартылай жауып тұр. Жүрісі қатты. Өте асығыс. Ешкімді елейтін түрі жоқ. Жер-жаһанда жалғыз жүрген жандай-ау, сірә. Мені қойшы, алдында келе жатқан әлгі ақсақалды да қағып-соғып өте шыққан жоқ па сабазың?
20 Сәуір, 2017
Тәуелсіздіктің бесігінде тербелген, Мәңгілік Елдің іргетасын қалаған, әлемдік қоғамдастықта өзіндік дауысы бар Қазақстанның үшінші жаңғыруына қадам басқанда стратегиялық дамудың, ізгі мақсаттардың қайнар көздері мен күретамырын нақты, дәл, дөп айқындау, тереңнен тану ең бір абзал, өнегелі іс болса керек-ті. Бұл ретте ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» дейтін кең құлашты мақаласында кесек-кесек парасатты пайымдаулар, түйдек-түйдек көсем пікірлер тайға таңба басқандай келісті таңбаланған. Бұлар – өркендеуіміздің шарайнасы, кемел келешегіміздің құбыланамасы.
20 Сәуір, 2017
Көктем келді! Қыс мезгілімен салыстырғанда, театрға келушілердің қарасы әдеттегіден көбейе түсетін шақ. Спектакльден кейінгі дәлізді жайлаған көтеріңкі көңіл, жарқын-жарқын күлкі... Көріп көз қуанады. Әйтсе де, театрға келетін сол көрермен қойылымға келумен қатар, театрда жүріп-тұру мәдениетін қатар игерсе деген бір игі тілек қылтияды көңіл түкпірінде...
19 Сәуір, 2017
Инвестиция ел экономикасын ілгерілетудің қозғаушы күші екендігі белгілі. Осыған байланысты тәуелсіздік алған жылдар ішінде еліміздің экономикасына тікелей шетел инвестицияларын тарту мәселесіне ерекше басымдық беріліп келеді.
19 Сәуір, 2017
Әлеуетті мемлекет. Ол қандай?
Қазіргі қалыптасқан жаңа әлемнен, өркениеттер жүйесінен өзінің лайықты орнын алу – Қазақстан үшін күрделі де абыройлы міндет. Бұл орайда ел әлеуетін уақыт талабына сай арттырудың маңызы зор. Сондықтан да халықаралық қоғамдастықтағы беделіміз әлеуетті мемлекет құрып, оның тұрақты дамуын қамтамасыз етумен тікелей байланысты екені үнемі қаперімізде болуы керек.
18 Сәуір, 2017
Балаңызға кітап оқып бересіз бе?
Кітап оқу да талқылаудан түспейтін, қайта-қайта көтеріле беретін мәселелердің бірі. Мәселен, баланы кішкентайынан кітап оқуға, оқығанды тыңдауға үйрету мәселесі қай деңгейде екенін қарастырып көрейік. Бүлдіршінге кітап оқып, ертегі айтып беруді жүйелі түрде жүргізіп жүрген ата-ана бар ма?
17 Сәуір, 2017
Латын қарпі әлеммен қауыштырады
Қазақ тілі 2025 жылы латын қарпіне көшірілуі керек. Республика Президенті қойып отырған талап осындай. Бұл ұйғарымды халық та, зиялы қауым да қолдайды.
17 Сәуір, 2017
Туған жердің топырағына тізе бүк!
Бақытыңды барында бағалай алғанға не жетсін! «Туған жер – тұғырың» деген. Ал, өзіңнен кейін сан ұрпақ, іні-қарындастарың сол сен түлеп ұшқан тұғырдан қанаттанады. Туған жердің перзенті ретінде соларға қолұшыңды созу деген қандай бақыт, қандай мерей, шіркін!
16 Сәуір, 2017
Басқаларға үлгі еткің келіп тұратын Азаматтар болады. Мінезі – кесек, тұлғасы – нар, істеген ісі – зор. Ол басқаларды жақсылығымен жарылқап, шапағатына бөлеп жүреді. Жаратылысынан атаның емес, адамның баласы. «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген көпке жанашыр табиғаты тағы бар... Елбасы күні кеше «Егемен Қазақстанда» жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтқандай: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен ат салысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі». Осы орайда, туған жерге деген адалдығынан айнымай, онысын маңдай терімен дәлелдеп келе жатқан бір азамат туралы айтарым бар еді...
14 Сәуір, 2017
Жолыңды кесіп өтуге қайманып, құрақ ұшқан жастардың ибалы қалыптарын көргенде, «қазіргі жастар үлкендерді сыйламайды, құрмет көрсетпейді, дұрыс амандаспайды» деп, кейде төбемізге қара аспанды төндіретіндей ештеңе жоқ екен-ау, өмір тек жамандықтардан, яки болмаса жақсылықтардан ғана тұра ма екен тәйірі дейсің...
14 Сәуір, 2017
Ұлт ұпайын түгендеудің тың үлгісі
«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталған мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ ұлтының жаңа замандағы рухани дамуының жолын айшықтап бергені анық. Бұл құжат елімізді жарқын болашаққа бастаған жылдар аралығында руханият, мәдениет саласының да назардан тыс қалмай келе жатқанын тағы бір аңғартып отыр.
14 Сәуір, 2017
Қазақ «Аманат аман сақтайды» дейді. Басты байлыққа баланатын денсаулық – жаратылыстың сыйы ғана емес, аманаты. Сондықтан, он екі мүшенің қадірін білген абзал. Яғни, мейлінше деннің саулығына жағдай жасаған жөн.
13 Сәуір, 2017
Агросектор: драйверге айналуға дайынбыз ба?
Елбасының биылғы Жолдауында аграрлық секторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыру міндеті қойылғаны белгілі. Бұл талап «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесін 5 есеге арттыру жөніндегі бағыттың сілтемесі іспеттес.
13 Сәуір, 2017
«Қалдық қағидатынан» құлан-таза арылдық па?
Әлхамдулилла, тәуелсіздік алғанымызға 25 жылдан асып барады. Біреуден ілгері, біреуден кейін жүріп жатырмыз. Жетістігіміз көп, жетпегеніміз де жетерлік. Бірақ бәріне де шүкір дейміз, әйтеуір «жоқ» дегеннен аулақпыз. Халықтың негізгі бөлігі орта деңгейіміздегілер. Шылқығын байлар мен сіңірі шыққан кедейлер де бар, бірақ олар аз. Қоғамда ондайлардың болуы да заңды.
12 Сәуір, 2017
Шарықтау сәті, Шекспир және Шымкент үлгісі
Халық көп қоныстанған өңірлерде екі мәселе ұдайы билік орындарының алдынан шығып тұрады. Ол – жұмыссыздық және әлеуметтік қорғау мен қолдау шараларының жеткіліксіздігі...
12 Сәуір, 2017