Пікірлер .
О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.
20 Ақпан, 2019
Qazirgi qoǵam bar jaýapkershilikti mektep muǵalimine artyp qoıyp, bala tárbıesine jaýapty etý ádetinen az da bolsa alystap kele jatqanyn sezetin bolarsyz. Balasyn mektepte oqytý tek qana qoǵamda qalyptasqan dástúr men tártipke baılanysty júzege asa bermeıdi. Ata-analar balalaryna, olardyń bolashaǵyna degen jaýapkershilikti sezedi dep senemin. Bir dosym «ár ata-ana óz balasyna muǵalim ǵoı» degen-di. Osy oıǵa qalaı qaraısyz, qarsylyǵyńyz joq bolar.
08 Ақпан, 2019
Búrkemelengen aqıqat nemese shıfrlar, kiltsózder, kodtar álemi
Shıfrlar, kiltsózder, kodtar kóbinese detektıv, tyńshylar týraly shyǵarmalarda jáne shym-shytyryq oqıǵalardy sıpattaý barysynda kóp kezdesedi. Biraq avtorlar kóbine usaq-túıekke mán bermeı, mańyzdy aqparat nemese keıipkerdiń aıaq astynan qyraǵylyq tanytýy, boljam jasaýy arqyly máselelerdi sheshýin kórsetedi.
30 Қаңтар, 2019
BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.
13 Қыркүйек, 2018
Сөзі аз, кейіпкерлері одан да аз, бірақ мағынасы терең әңгімелерді көп кездестіресіз бе? Оны оқып, талқылап, әр сөзінің астарын іздейсіз бе? Мен кейде кітап сөресінде тұрған, оқылған кейде оқылмаған кітаптарды ақтарып тұрып кез келген бетіне тоқтап бір абзацын оқимын. Содан қызығушылық туындаса әрі қарай оқып кетемін, кейде сол бір-екі абзацтан кейін кітапты жауып орнына қоямын.
12 Маусым, 2018
Жүгіретін ақынды көрдіңіз бе? Шын мәнінде марафонға қатысып, жүгіруді өмірлік серігі еткен ақынды айтамын. Мен әлі көрмедім, дүние жүзінде де олардың саны көп емес сияқты. Марафон және жазушы десе бірден жапон жазушысы Харуки Мураками есімізге түсетіні сөзсіз.
30 Сәуір, 2018
Тағам сыры: аурудың алдын алу мүмкін бе?
«Ас – адамның арқауы» деп кішкентайымнан естіп өскен адам ретінде, тамақ жемесе адамның күші болмайды, жұмыс істеуге, өмір сүруге энергиясы жетпейді деп ойлайтынмын. Бірақ астың да асы бар, оның пайдасы мен зияны туралы шынайы да, өтірік те, ойдан құрастырылған да әңгімелерді көп естіп, кейде білмегендіктен сеніп те қалып жүреміз.
19 Сәуір, 2018
Мектепте интегралға байланысты есептерді жақсы шығаратынмын. Бірақ уақыт өте келе бұл білімім қажетсіз болғандықтан, ұмытылып қалды. Бір күні балаларға арналған энциклопедиядан интегралдың не үшін керек екенінің мысалмен берілген оңай түсіндірмесін оқыдым.
09 Сәуір, 2018
Тілді кез келген жаста үйренуге болады
Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді және бұл қызығушылық ешқашан тоқтамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрінуі мүмкін. Дегенмен адамның қызығушылығы мен сүйіспеншілігі ойға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.
17 Қаңтар, 2018
Шешім қабылдаудан шаршадыңыз ба? Маңызды мен маңызы жоқты, қауырттық пен жайбасарлықты, негізгі мен қосалқы нәрсені ажырата алмай басыңыз қатты ма? Әлбетте, өмір тест сұрақтарының жауабы емес, бір дұрыс жауапты таңдай алмайсыз. Сондықтан шешім қабылдаудың жылдамдығы мен сапасы сай келуі де, келмеуі де мүмкін.
23 Қараша, 2017
X, Y және Z немесе ұрпақтар сабақтастығы
Дүние жүзінің кейбір елдерінде онлайн білім алу жақсы жолға қойылып, жеткілікті деңгейде дамып жатса, басқа елдерде бастауы да жасалмаған. Бірақ қай елді алсаңыз да үлкендерге қарағанда, жастар өзгеріске бейім, жаңаны тез қабылдауға дайын болатынын көріп жүрміз.
01 Қараша, 2017
«Білім шексіз бе, әлде білімнің шегі бар ма?» деген сұраққа жауап іздеп жүріп, Оксфорд университетінің профессоры, математик Маркус дю Сотойдың «Біз нені біле алмаймыз: білім шегіне саяхат» («What we cannot know») атты кітабын сатып алдым. Профессор бұл кітабында нөлден бастап жетіге дейінгі межені белгілейді. Нөлінші межені «Белгілі, бірақ белгісіз» әлде «Белгілі, бірақ беймәлім» деген дұрысырақ па? Біз білетін нәрседен бастап ешқашан біле алмайтынға, ал одан шексіздікке дейінгіні тұспалдайды. Біз нені білмейміз және нені біле алмаймыз?
19 Қазан, 2017
Алматыда соңғы жеті жыл бойы қыркүйек айында ерекше дайындықпен өткізілетін конференция биыл 24 қыркүйекте өтеді. Оны білетіндерден гөрі, білмейтіндер көбірек сияқты.
01 Қыркүйек, 2017
Қазіргі заманда дүние есігін ашқан әр сәби жетістікке жетемін, танымал боламын деп келетін тәрізді. Оған бар жағдай жасалған: бұқаралық ақпарат құралдары, теледидар, интернет желісі, тоқтаусыз жүріп жатқан жарнама. Жетістікке жету, танымал болудың қыр-сыры неде? Неден бастау керек, қандай жолмен жүру керек, жоспарың анық па, қандай кітаптарды оқисың, кіммен дос боласың, айналаңда кім бар, осы және бұдан да басқа сансыз сұрақ алдыңда тұрары анық және оның бәрі адамға әсер етпей қоймайды, әрине.
31 Шілде, 2017
Жасанды интеллектіні қолдайтындар да, қолдамайтындар да көп. Соңғы кездері осы тақырыпқа байланысты кітаптар мен түрлі материалдарды оқи жүріп, жасанды интеллектіні қолдамайтындар қатарын тағы бір адамға көбейткен сияқтымын.
21 Шілде, 2017
Клай-фай жанры немесе әдебиеттегі табиғат апаттары
Бірер апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамптың қоршаған ортаны қорғауға қатысты Париж келісімінен шығамын деген еді. 2015 жылдың желтоқсан айында 194 мемлекет қол қойған Париж келісімі – ғаламдық жылыну процесін тежеуге арналған әрекеттер жоспары. Тараптар өздеріне климаттың өзгеруіне икемделу, техникамен қайта жасақтану, ауаға залалды заттардың шығарылуын азайту бойынша шаралар қабылдауға міндеттемелер алған болатын. АҚШ аталған келісімнен бас тартып отыр. Бір қуаныштысы, шығамын деген сәтте шыға салуға болмайды, бұл рәсім төрт жылға созылады екен. Осы жағдай есіме клай-фай жанрындағы әдебиетті түсірді.
23 Маусым, 2017
Сіз таңдаған мамандығыңыз бойынша жұмыс істейсіз бе? Бірде құрбым «Жақсы көретін жұмысымды әлі таппадым, тіпті маған қандай мамандық лайық екенін де білмеймін», деді. Ол университет бітіріп, шет елде магистратура тәмамдап келген, ағылшын тілінде еркін сөйлейтін, өз жұмысына тиянақты, жауапты, кәсіби деңгейі жоғары маман болатын.
02 Маусым, 2017
Соңғы кездері кітап дүкендерінің сөрелерінен «интеллектуалды бестселлер» деген сериямен шығатын кітаптарды көріп жүрмін. Нақты анықтамасы болмаса да, интернет әлемі бұл серияға өзінше анықтама беруге тырысады, яғни бұл сериядағы кітаптар ермек, көңіл көтеру үшін оқылатын шығармалар емес, ойландыратын, пікірталас тудыратын шығармалар түрі.
15 Мамыр, 2017
Балаңызға кітап оқып бересіз бе?
Кітап оқу да талқылаудан түспейтін, қайта-қайта көтеріле беретін мәселелердің бірі. Мәселен, баланы кішкентайынан кітап оқуға, оқығанды тыңдауға үйрету мәселесі қай деңгейде екенін қарастырып көрейік. Бүлдіршінге кітап оқып, ертегі айтып беруді жүйелі түрде жүргізіп жүрген ата-ана бар ма?
17 Сәуір, 2017
Тіл мәселесі қай кезде де маңызды мәселелердің бірі болған. Балалардың қалай сөйлейтінінен бастап, ойлау, тіл мәдениеті, жаңа тілдерді үйрену мен үйрету мәселесі де назардан тыс қалмаған. Бірақ онымен тікелей айналысушылардан басқалар тіл үйрету мәселесіне келгенде көбінесе өз тәжірибесінен немесе біреудің айтқанынан әрі аса алмайды.
03 Сәуір, 2017