Пікірлер
Соңғы кездері кітап дүкендерінің сөрелерінен «интеллектуалды бестселлер» деген сериямен шығатын кітаптарды көріп жүрмін. Нақты анықтамасы болмаса да, интернет әлемі бұл серияға өзінше анықтама беруге тырысады, яғни бұл сериядағы кітаптар ермек, көңіл көтеру үшін оқылатын шығармалар емес, ойландыратын, пікірталас тудыратын шығармалар түрі.
15 Мамыр, 2017
Жоба жаһандық ықпалдастыққа жаңа серпін қоса ма?
Енді санаулы күндерден кейін Қытай астанасында «Белдеу және жол» атты экономикалық жобаны жүзеге асыру барысын талқылауға арналған форум өтеді. Бейжіңдегі айтулы шара жұмысына 100-ге тарта мемлекеттің қатысуы жоспарлануда.
12 Мамыр, 2017
Төртінші кезең – мүмкіндіктер маусымы
Үстіміздегі жылдың 3-4 мамырында Қазақстан тағы да әлемдік саясаттың орталығына айналды. Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша келіссөздің төртінші кезеңі өтті. Келіссөздің нәтижесінде Ресей, Түркия және Иран Сириядағы деэскалация аймағы туралы меморандумға қол қойды. Меморандумда жанжалдасушы тараптардың арасында тікелей әскери қақтығысты болдырмаудың шарттары көрсетілген еді. Бізге мәлім болғандай, аталған меморандумды қолдау үшін Ресей қарардың жобасын Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынды.
12 Мамыр, 2017
Халықты категорияларға бөліп, жіктеп талдағанда, оның негізгі бөлігі қарапайым халық екендігін көреміз. Бұл – кез келген ұлттың кем дегенде 80 пайызын құрайтын ең басым бөлігі. Ғылыми тілмен оны «масса» деп атаса, қазақ баспасөзінде «көпшілік, бұқара» деген сөздермен «тәржімалап» жүрміз.
11 Мамыр, 2017
Болашақтың мамандығы: ол қандай?
Біз білім мен интеллект үстемдік құрған ХХІ ғасырға аяқ басып отырмыз. Өскелең ұрпақты сапалы білімге баулуымыз қажет. Білімнің де барлық түрі қолжетімді. Бірақ біз балаларымызды қалай оқыту керек екенін, болашақта қиналмай орнын табатын қандай мамандыққа баулу керек екенін білеміз бе?
11 Мамыр, 2017
1992 жылдың мамыр айы еді. Бір шаруамен Өскемен қаласына барып, сондағы «Өскемен» қонақүйіне табан тіредік. Кештетіп далаға шықсақ, қонақүйдің маңайы толған сақшы-қосшылар. «Не болды?» десек, біз жатқан мәртебелі қонақүйге Түркиядан аса қадірлі мейман келіп түсіпті. Мына шапқын сол адамның «қамы» көрінеді.
10 Мамыр, 2017
Құрыш қалқан – аға ұрпақ аманаты
Даңқы қолбасшы Бауыржан Момышұлының соғыстан кейінгі бір кезеңде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Әскери комиссариатын басқаруға құлықты болғанын ғалымдарымыз, әсіресе, тарихшыларымыз айтып та, жазып та жүр. Кеңестік атты әскердің – кавалерияның үздігі Баукең нағыз Қызыл Армияның таңғажайып қолбасшыларының бірі – жауынгерлік «Қызыл Ту» орденінің ең бірінші иегері (1918 ж.), Кеңес Одағының маршалы (1935 ж.) Василий Блюхердің сынынан өткені белгілі.
10 Мамыр, 2017
Жарықтық Сәбеңнің – Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романының аяқталар тұсында Көкшенің кеудесінде тұрып қазақ даласының ұлы тауларын жіпке тізіп шығатыны әсіресе көнекөз, түрік құлақтардың есінде болар. Ел мен жердің қасиет-киесін бір ауыз сөзбен түгендегендей сол ғибратты жолдарды тағы бір көкейде тоқып, көңілде өрнектеудің тарихи сәті енді түскендей.
05 Мамыр, 2017
Жемқорлықпен күрес адалдықты дәріптеуден басталады
Физика мен астрономия ғылымдарында «қара құрдым» деген түсінік бар. Жерден пәленбай миллион жарық жылындай қашықтықта орналасқан, көптеген алып планеталар еркін сыйып кете алатындай кеңістікті қамтитын, айналасындағылардың бәрін жалмап жұтып алатын бір ғажап дүние. Оның маңайына жақындағанда, жарық жылдамдығының өзі баяулап, уақыт тоқтап қалады деседі. Осы «қара құрдымның» бар екендігіне немесе жоқ екендігіне әлі күнге дейін ғалымдар талас қылып жатады.
05 Мамыр, 2017
Көкірегі ояу көрермен тұшымды телехабар көргісі келеді
Ел-жұрттың арасында жиі боламыз. Әңгімелері мен өкпе-наздарына құлақ түресің. Олардың ой-пікірлерімен міндетті түрде санасу керек. «Қазір жұрт, әсіресе жастар отандық телеарналардың хабарларын көре бермейді. Өйткені, оларды қызықтыратындай, тартатындай хабарлар жоқ. Ұлттық идеологияға телеарналар лайықты назар аударып отырған жоқ. Тағылымдық, тәрбиелік мәні жоқ хабарлар өте көп. Сонда мұны ешкім қадағаламай ма?». Мұндай сын-пікірлер негізсіз емес.
04 Мамыр, 2017
Сыртқы және ішкі саясат өнегесі
Бүгінде қақтығыстардың алдын алу әлемдегі маңызды мәселе. Шынында да, әлемдегі қазіргі ахуал көптеген халықаралық мәселелердің шиеленісуі, тұрақтылық пен қауіпсіздікке жаңа қатерлердің пайда болуымен сипатталады. Мұндай жағдайларды шешу үшін мемлекеттер өзара бірлескен іс-қимылдар жүргізуі қажет.
04 Мамыр, 2017
Мен Бетпақдала Сарыарқаға ұласқан өңірде, Жаңаарқа ауданының Айшырақ деген жерінде туып-өстім. Бала кезімізде сәуір орталағанда Шудан көшкен қалың киік Бетпақты кесіп өтіп, Тасқоралы, Айдаһарлы, Оғызтау, Саңғыру, Қабантау аталатын дала таулары қарауылдаған ұлан жазыққа құйылатын.
03 Мамыр, 2017
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ғылымды дамытудың сара жолы тағы да нақты көрсетілді. Яғни, экономиканың өркендеуі үшін оның ғылыми негіздемесі болуы керектігі баса айтылды. Осы орайда, өз тарапымыздан алты ұсыныс айтып көрсек...
03 Мамыр, 2017
Перзент туған топырағында түлейді
Құдіреті күшті тылсымның беймәлім сыры көп-ақ. Құдай-ау, адам баласы үшін туған жерге деген сүйіспеншіліктен асқан ыстық сезім бола ма, тәйірі? «Көк торғындай көктемде, Сағым қуған ауылыңнан» қымбат дүниеде не бар, шіркін?
02 Мамыр, 2017
Күйзеліс – күй кетіретін дерт
«Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды», дейді халық тәмсілі. Алайда, бұл жерде біз сіз ойлағандай аштық туралы айтқалы отырған жоқпыз. Әңгіме басқа. Әңгіме осы нақылдың мағынасында.
02 Мамыр, 2017
Санаулы күндерден кейін әлемдік деңгейдегі айтулы шаралардың бірі – ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің де жалауы желбіремек. Яғни, бас қала ел айнасы болса, жол-көлік инфрақұрылымы оның беделін арттыратын бренді болып табылады. Мемлекет басшысының елорданы одан әрі өркендету мәселесінде қаланың базалық инфрақұрылымын, оның ішінде қала жолдары мен жол айрықтарын барынша дамытуға үнемі басымдық беріп келе жатқандығы да сондықтан.
28 Сәуір, 2017
«Қазір еліміздегі донор жетіспеушілігі өте өткір мәселе. Бүгінде алмастырылған органның 90 пайызы тірі донорлардан алынады. Егер бұлай кете берсе, енді бір 20 жылда бір бүйректі ұлт атану қаупі барлығын жасыруға болмайды. Одан шығудың жолы қандай?
28 Сәуір, 2017
Көрменің көрігін спорт қыздырады
Ағымдағы жылдың 10 маусымында Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі келушілерге айқара есік ашады. Күллі әлем көз тіккен көрменің өтетін мерзімі жақындаған сайын бойды толқыныс сезімінің билейтіні түсінікті жайт. Иә, «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Әлемнің әр қиырынан ағылған меймандардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болу өз алдына, қолдағы барды көрсете білудің өзі өнер һәм зор міндет.
27 Сәуір, 2017
Этностар мүддесі барынша қорғалған ел
Қазақстан заманауи өмірге, халықаралық қоғамдастыққа сенімді түрде кірігіп отыр. Біз еліміздің имиджін көтере отырып, инвестициялық және экспорттық әлеуетімізді, экономикамызды қарқынды дамытуға баса назар аударып келеміз. Осы саясаттың арқасында Қазақстан әлем мойындаған елге айналды.
27 Сәуір, 2017
Ана құрсағындағы шарананың 18 күнде жүрегі соғып, 8 аптада айналасындағы тіршілікті сезе бастайды екен. Ал 12 аптада саусағын сорып, басын қимылдатады. Міне, сол кеудесіне жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қауіпті, жасалатын қиянатты сезгенде жиырылып қарсылық көрсететін көрінеді. Демек, әйел ағзасында жүріп жатқан табиғи қалыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тастау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс десе де болғандай. Өйткені, Ислам дінінде кісі өлтіру ең ауыр күнә болып есептеледі. Ал ана құрсағындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..
26 Сәуір, 2017