Пікірлер
«Тойдың болғанынан, боладысы қызық» демекші, Арқа төсіндегі ару Астанада жаһандық шара – ЭКСПО-2017 көрмесінің жалауы желбірегеніне, міне, он күннің өрмегі ауды. Осы уақыт ішінде «Ұлттық жобаға» деген егемен елдің үкілеген үміті ақтала ма, Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің қос ғасырға тақау шежіресінде өткен көрмелер керуенінде «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің алар орны қандай дәрежеде болар екен деген сұрақтарға жауап іздеуіміз де заңды.
23 Маусым, 2017
Автобуста өзіңнен жасы үлкен адамға ұшып түрегеліп орын беру үшін кісіге соншалық көп ақылдың керегі жоқ-ау. Отбасында адам қандай тәрбие алса, көшеде, қоғамдық орындарда мұнысы тайға таңба басқандай көрініп тұрады емес пе? Бірақ қай ата-ана «автобуста көзіңді тас жұмып, құлаққабыңды киіп отыра бер» деп үйдегі баласының санасын бөтен оймен лайлайды дейсің. Соған қарағанда, адамның мәдениетті болмағы үйдегі алған тәрбиесіне қоса, «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтпақшы, әр адамның өмірден дұрыс сабақ түйіндей білуіне байланысты болса керек-ті.
22 Маусым, 2017
Халқымыздың бітім-болмысын бейнелейтін қазыналы қара өлеңдер топтамасын парақтап көріңізші. Даңғайыр даланың жусан исімен әтірленген жұпар ауасы дауылпаз көңіліңізді аспандатып, еріксіз шабытыңыздың шоғын үрлейді.
22 Маусым, 2017
Қазір қалада тұратын аға буын ұрпақтың басым көпшілігінің санасындағы, жалпы жан дүниесіндегі, ұғым-түсінігіндегі алтын бесік ауыл бейнесі балалық шақтың бал дәуренінде қалыптасқан ғой. Содан да болар, қашанда көл көңілді қазақы мінездің, астың асыл-дәмдісін көпке сақтайтын дархан пейілдің, айтпай келетін қыдыр қонаққа қуанатын мырза бейілдің нұр шуағына малынып өстік десек те болады. Қарап отырсақ, осындай ақ-адал пейіл, көңілдің кеңдігі қазақтың құты екен-ау.
22 Маусым, 2017
Қазақстан – жаһандық саяси үдерістердің мейнстримі
Қазақстан озық технологиялармен астасқан ортақ коммуникацияларды қалыптастыру арқылы жер жүзіне өзін жарқын көрсеткіштерімен таныта білді. Әлем біздің бүгінге дейінгі жетістіктерімізді және жаһандық даму үдерісіне қосқан үлесімізді мойындайды.
21 Маусым, 2017
Атамыз қазақ «Елге ел қосылса – құт, елден ел айырылса – жұт» деп бекер айтпаған екен. Қазақ ұлты өткен ғасырларда талай жұтты бастан кешірді. Демограф ғалым Мақаш Тәтімов 1994 жылы жарық көрген «Демографиялық кескін» атты жазбасында: әрқилы саяси-экономикалық қыспақтың кесірінен – өлгені бар, шекарадан тыс жерге босып кеткені бар, соңғы үш ғасырда қазақ халқының 6 млн 600 мың адамға кемігені жайлы деректі көлденең тартады.
21 Маусым, 2017
Міне, арайлы Астанамыздың адамзаттың озық ойлы жетістігі мен әлемнің бейбітшілік қақпасына айналғанының нақты куәсі болатын күнге де жеттік. Дүниенің әр түкпірінен астанамызды көруді аңсаған шетелдіктер ағылып келіп жатыр. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі елордамыздың өрісін кеңейтті.
20 Маусым, 2017
ЮНЕСКО ғалымдарының есептеп, пайымдауынша Қазақстанның жері тиімді пайдаланылған жағдайда 1 миллиард адамды асырай алады екен. Осы сөзді ауыл шаруашылығына негіздеп айтар болсақ, оған жер жағдайының мүмкіндік беретіні күмәнсіз. Ал жалпы жер қорының үлесіндегі алқаптардың 82 пайызын немесе 225,5 миллион гектар жерді ауыл шаруашылығы секторындағы еңбеккерлер игеруде.
20 Маусым, 2017
«Спортигте» нең бар еді, құлыным?..»
Байқай бермейміз, қазіргі қазақтар тым икемделгіш болып барады. Сонда жақсылыққа икемделгіш болса жарайды ғой, бірақ қайдағы бір «әсіре қызыл – тез оңар» дейтін дүниелерге еліктегіштігімізді, құмарлығымызға не айтасың. Осының өзі Президент айтқан ұлттық кодымызды жоғалта бастағанымыздың көрінісі емес пе екен?
19 Маусым, 2017
Интернетке иліге беруге болмайды
Өткен жолы Астанадағы «Ана мен бала» орталығында дәрігер Қарлығаш Төлеубайқызымен әңгімелесіп қалдық. Сонда жүктілік патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі ақпарат қолжетімділігінің кейде пайдасымен қатар зиян екенін айтып қалды.
19 Маусым, 2017
Ұлттық асхананың стандарты қажет
«Әлемдегі ең қонақжай xалық – қазақтар» деген пікірмен келіспей жүргеніме 9 жыл болыпты. 2008 жылы үш күнге Грузияға барып, қонақжайлылық жөнінде өлшемім күрт өсіп кетті. Әуежайдан күтіп алған такси жүргізушісі, грузин ақсақалының жұпыны дастарқаны емес, риясыз көңілі туралы көлдей мақала жазуға болар еді, бірақ айтарым ол емес.
19 Маусым, 2017
Қазақстанның қай қаласында болсын, көп қабатты үйлердің тұрғындарын толғандырып отырған мәселенің бірі – лифт. Тіпті, жаңадан пайдалануға берілген үйлердің өзінде лифт жиі істен шығады. Оқыс, апатты жағдайлар да болып тұрады.
16 Маусым, 2017
Жүйелі жұмыс жүйкені жұқартпайды
Биылғы оқу жылы да аяқталды. Жыл бойы көп мәселе көтерілді. Мұғалім жайы да қозғалды. Оқулықтың ой-қыры, бары мен жоғы талқыға түсті. Оның жүйесіз тұстары туралы ащы да, ашық та айтылып жатты. Тіл төңірегіндегі түйткілдер де жан-жақты тілге тиек болды.
16 Маусым, 2017
Қасиетіңе бас идік, Қазақ жері!
Әуелі Құдай барша жақсылықтары мен өлшеусіз игіліктерін жерге жомарттықпен дарытқан. Жердің қырық мың қырлы қасиеті бар.
15 Маусым, 2017
«Тыныш құлақ, сау бас, бас сауында аулақ қаш» дегендей, заманның әлпеті ауырмаудың жолын нұсқайды. Бірақ «басы аманның малы түгел» деген қамсыздық тағы бар.
15 Маусым, 2017
ЭКСПО, инновация және жаңа қазақ
Бәрі Лондонның лағылдай жарқыраған Гайд-парк алаңынан басталған...
14 Маусым, 2017
Қоғам құндылықтарын үйлестіру жолы
Қазіргі адамзат қоғамының даму жолдары өте күрделі. Оны дұрыс таңдай білген, ғылыми негізделген, қоғамдық-саяси шындықтарға сәйкес келетін саясат таңдаған мемлекеттер басқалардан озуда.
14 Маусым, 2017
Оқтау жұтқандай қақшиып, сахнада жөндеп не иіле алмайтын, белдері қарысып бүгілмейтін адамдардың қалай ұялмай-қызармай биші болатындығына таңымыз бар. Мұндайда, әрине әуелі іргеміздегі көршілес елдерге көз тігетін әдетіміз. Мына ала топпылы өзбек ағайындарды айтамыз да. Өзбекстанға жақын орналасқан аймақта туып-өскендіктен, өзбек-акалардың «қошықтары» мен «ракстары» туралы біраз естіп-көрген хабарымыз бар енді.
13 Маусым, 2017
Сочи Олимпиадасынан сабақ алдық па?
Тоғыз айдан кейін Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында ХХІІІ Қысқы Олимпия ойындарының алауы жағылады. Ақ қар, көк мұз үстіндегі бұл аламанда әлемнің 90-ға жуық мемлекетінен қысқы спорттың небір хас шеберлері бақ сынайды екен.
12 Маусым, 2017
Елді елеңдеткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ашылды. Аспан асты, жер үстіндегі айдай әлем Астанаға көз тігіп отыр. Бұйырса, мұнда жаһанға сүйіншілеп жар салуға жарарлық небір ғылыми-техникалық жаңалықтардың тұсауы кесілмек.
12 Маусым, 2017