31 Мамыр, 2016

«...Жасасын «Мәңгілік Ел» – ұлысымыз!»

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
*Президент поштасынан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Өскемен қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, ардагер Советхан Қалиғожиннің хаты мен «Халық қалауы» атты өлең-толғауы келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Хат иесі Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сарабдал сая­сатқа, елдегі өркенді өзгерістерге шынайы тілеулестігін білдіре­ді. «Шүкірлік, ел аман, ірге тыныш, жаға бүтін, несібе мол. Ұрпақ­тары­мыз мемлекет тарапынан қамқорлыққа бөленіп, тәлім-тәрбие алып, заман талабына сай білім меңгеруде. Бұдан артық не керек бізге?! Әрине, қанағат керек, сабыр керек, тәубе керек!» – деп ой қорытады. Өз туындысында автор Елбасы мен елдегі бас партияның игілікті жолын жыр шумақтарымен айшықтайды. Өлең-толғау «Бір істен ілгерілеп бір ісіміз, Аста-төк шалқи берсін ырысымыз. Тілейміз Елбасының амандығын! Жасасын «Мәңгілік Ел» – ұлысымыз!», – деп  түйінделген.