Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев бастаған жұмыс тобы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, индустрияландыру және «Нұрлы Жол» бағдарламаларының қалай жүзеге асырылып жатқан жағдайымен танысты.
Бұрынғы фосфор зауыты аумағында құрылған «Оңтүстік» индустриялық аймағы – ірі өндіріс орындары шоғырланған, елімізді шикізатқа тәуелділіктен құтқарып, өркениетті елдер көшіне қосатын, қуатты Қазақстанның болашағына жасалып жатқан нақты қадам. Осындағы жұмыстарды облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев пен индустриялық аймақ басқарма директоры М.Тұрабеков баяндап берді.
Мәселен, 337 гектар аумақты алып жатқан аймақта 71 ірі жоба қолға алынған. Соның 39-ы жұмысын жолға қойған. Индустрияландыру бағдарламасы бойынша табысты жұмыс жасап жатқан осы кәсіпорындарға 95,1 млрд теңге инвестиция тартылыпты.
Инвестиция және даму министрі аудан, қалаларда да ашылып жатқан индустриялық аймақтардың жай-күйімен танысты. Мәселен, Ұлы Жібек жолының бойындағы Түркістан қаласында 13 жобаға 15,1 млрд теңге салынған. Осы қаржыдағы бюджеттің үлесі 907 млн теңге ғана. Яғни, оңтүстіктің қала, аудандары индустрияландыру бағдарламасында табысты жұмыстарын жалғастырып келеді.
Министрдің болған кезекті нысаны – «Рахат-Шымкент» ЖШС. Бұл жобаны заманауи еуропалық технологияларды қолдана отырып іске асырған – кореялық «Lotte» трансұлттық компаниясы. Бұл кәсіпорын жылына 8 мың тонна кондитер өнімдерін шығарады. Мұнда 150 адам жұмысқа орналастырылған. Бұл жобаға жұмсалған реинвестиция 3 млрд 200 млн теңгені құрайды.
– Кәсіпорындағы жаңа өндірістік қуаттарды іске қосу ДСҰ аясында бәсекеге қабілетті жаңа өнім шығаруға, сондай-ақ, ел жұртшылығының кондитер бұйымдарға деген сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік ашады, – деп атап көрсетті министр.
Облыста индустриялық даму көрсеткіштерінің барлық саласында өсу бар. Бұл туралы облыс әкімі Б.Атамқұловпен бірлесіп жұмыс кеңесін өткізген Инвестиция және даму министрі айтты.
«Оңтүстік Қазақстан облысы белсенді жұмыс істеуде. Шағын және орта бизнес те жақсы дамып келеді. 200-ден астам жоба бар. Бір бөлігі пайдалануға берілген, бір бөлігі іске қосылуда, инфрақұрылым да дамуда. Облысты тоқыма кластерінің бір орталығы ретінде көреміз. Мұнда ауыл шаруашылығын, тамақ өнеркәсібін, машина жасау өнеркәсібін дамыту үшін зор әлеует бар. Президент атап өткендей, Оңтүстік Қазақстан облысы шикізат секторына тәуелді болудан қалды», деп атап өтті Әсет Исекешев.
Қорыта айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекет басшысының индустрияландыру және «Нұрлы Жол» бағдарламаларын жүзеге асыруда кеуде қатарда келеді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40
Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 11:34
Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:27
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Қоғам • Бүгін, 11:12
Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 11:00
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03