16 Ақпан, 2017

Балалар қауіпсіздігі – әлемге ортақ мәселе

594 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде БҰҰ-ның «Балалар және қарулы қақтығыс» мандатының 20 жылдығын атап өтуге арналған отырыс өтті. Оған Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров қатысты. БҰҰ Бас Ассамблеясы 71-сессиясының төрағасы Пи­тер Томсон, БҰҰ-ның Қарулы қақ­тығыстардағы балалар мә­се­лесі жөніндегі арнайы өкілі Лейла Зерруги, БҰҰ Балалар қо­рының (UNICEF) басшысы Энтони Лейк, БҰҰ Бас хат­шысының көмекшілері Мирослав Енча (саяси мәсе­ле­лер жөніндегі) мен Эль Гасим Уэйн (бітімгерлік шаралар жө­ніндегі), БҰҰ-ға мүше-мем­ле­кет­­тердің тұрақты өкілдері, ха­­лықаралық гуманитарлық жә­­не құқық қорғау ұйым­да­­­рының жетекшелері және бас­­қ­а да ресми тұлғалар қа­тыс­­қан а­л­қалы жиында Қазақ­с­тан аты­нан Қайрат Омаров сөз сөйледі. Өз кезегінде Қ.Омаров ұр­лан­ған, зорлық-зомбылыққа ұшыраған, білім алу мүм­кін­дік­терінен айырылған және қа­рулы қақтығыстарға қатысуға мәжбүр балалардың жағдайын қ­а­растыруға бағытталған на­қ­ты іс-шаралардың бірқатарын атап өтті. Оның айтуынша, өмір тауқыметіне тап келген бал­алар жөніндегі деректерді анық­тау және кінәлілерді жау­­апқа тарту үшін өңірлік, сон­дай-ақ, халықаралық құ­қық қорғау ұйымдарының, оның ішінде барлық мүдделі та­раптардың арасында үй­ле­сім­ді, тығыз байланыс болу қа­жет. Сондай-ақ, ол мүше-мем­ле­кет­терді БҰҰ тарапынан бе­кітілген іс-шаралар жос­­­­па­рының орындалуын қам­­­та­масыз ету үшін жан­жа­л­­дасушы тараптарға не­­ғұрлым қатаң ша­ралар кө­ру­ге шақырды. Бұ­дан бөлек, Қазақстанның БҰҰ жа­нын­дағы тұрақты өкілі ба­ла­лар­дың қайғы-қасірет пен қиын­­дықтарға душар болу­ына негізгі себебі болып табы­ла­т­ын халықаралық терроризм мен экстремизмге қар­сы күрес бағытындағы Пре­зи­де­нт Нұрсұлтан Назарбаев­тың бас­тамаларына назар ау­дар­ды. Сонымен қатар, ел­­ші әлеу­мет­тік жағы­нан аз қам­­та­масыз етіл­­ген ба­ла­­лар­дың білім алуына, оңалтуға, ма­териалдық жә­­не моральдық тұ­р­ғыда қол­дау­ға инвестиция са­луды ұл­ғай­ту қажеттігін сөз етті. Сонымен қатар, Қ.Омаров Қазақстанның 2017-2018 жыл­­дарғы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сі­нің мүшесі ретінде ба­ла­лар құқықтарын қорғау жө­­ніндегі ха­лық­аралық мін­дет­­темелерге адалдық таны­та­­нын, сон­дай-ақ, қару­лы қақ­тығыстар ке­зін­де бала­лар­дың қауіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету жолында нақ­ты жұ­мыстар жүргізетінін атап өтті. Айта кетейік, Қазақстан­дық та­рап 2014 жылдың нау­рыз айын­да қарулы қақ­­тығыстарға бала­ларды тар­­ту тәжірибесін тоқ­та­ту мақ­са­тында ұйым­дас­ты­рыл­ған «Ба­лалар сарбаз емес» ак­ция­сына қатысты. Сон­­­дай-ақ, Қазақстан 2011 жы­­­л­ы БҰҰ Бала құ­қықтары т­у­­­ралы кон­вен­цияның фа­кул­ь­­т­а­тивтік хаттамасын ратификациялады. Бұған қоса, біздің еліміз қа­­ру­лы қақтығыстар кезінде сту­­денттерді, мұғалімдер мен мек­­теп оқушыларын қорғау жө­ніндегі нақты шаралар бел­гі­ленген «Қауіпсіз мектептер» дек­ларациясына қол қойды. Бұл Декларация 2015 жылы 28 ма­мырда Ослода (Норвегия) өт­кен ха­лық­аралық конференция­да қа­был­дан­ған болатын. Дайындаған Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»