5 сәуірде эфирге алғаш болып ұлттық «Тұлпар» киножүлдесінің алты бірдей марапатын жеңіп алған «Оралман» көркем фильмі шығады. Киноапталықта сондай-ақ қазақстандық көрермен отандық «Шырақшы», «Композитор» фильмдерін және Канн фестивалінің жүлдегері атанған Самал Еслямова басты рөлді сомдайтын «Айка» көркем фильмін тұңғыш рет телеэкраннан қазақ тілінде тамашалайды.
«Qazaqstan» арнасындағы отандық фильмдер онкүндігінде одан бөлек, «Томирис» «Жерұйық», «Жаужүрек мың бала», «Анаға апарар жол», «Талан», «16 қыз», «Ең сұлу», «Қазақ хандығы: Алтын тақ» сынды отандық кинематографияның үздік туындылары енгізілді. Киноапталықта ұсынылатын қазақ мультипликациясының озық өнімдері «Мұзбалақ», «Күлтегін», «Ер Төстік пен айдаһар» анимациялық фильмдері ересектермен бірге балалар аудиториясы үшін де тамаша тарту болмақ. Ендеше, отандық кинематографияның үздік туындыларын жіберіп алмаңыздар!