Кино • 02 Сәуір, 2020

Ұлттық арнада – үздік отандық фильмдер онкүндігі

1972 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Sataifilm» киностудиясы және «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы ең үздік отандық фильмдер онкүндігін бастайды.

Ұлттық арнада – үздік отандық фильмдер онкүндігі

5 сәуірде эфирге алғаш болып ұлттық «Тұлпар» киножүлдесінің алты бірдей марапатын жеңіп алған «Оралман» көркем фильмі шығады.  Киноапталықта сондай-ақ қазақстандық көрермен отандық «Шырақшы», «Композитор» фильмдерін және Канн фестивалінің жүлдегері атанған Самал Еслямова басты рөлді сомдайтын «Айка» көркем фильмін тұңғыш рет телеэкраннан қазақ тілінде тамашалайды.

«Qazaqstan» арнасындағы отандық фильмдер онкүндігінде одан бөлек, «Томирис» «Жерұйық», «Жаужүрек мың бала», «Анаға апарар жол», «Талан», «16 қыз», «Ең сұлу», «Қазақ хандығы: Алтын тақ» сынды отандық кинематографияның үздік туындылары енгізілді. Киноапталықта ұсынылатын қазақ мультипликациясының озық өнімдері «Мұзбалақ», «Күлтегін», «Ер Төстік пен айдаһар» анимациялық фильмдері ересектермен бірге балалар аудиториясы үшін де тамаша тарту болмақ. Ендеше, отандық кинематографияның үздік туындыларын жіберіп алмаңыздар!

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32