Бокс • 05 Маусым, 2022

Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокста жеңіске жетті

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокста жеңіске жетті

Әбілхан Аманқұл кәсіпқой рингке алғашқы қадамын АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы бокс кешінде бастады. Ол америкалық Девонте Макдональдпен (1-0, 1 КО) қолғап түйістірді.

Орта салмақтағы боксшылар жекпе-жегі төрт раундқа жоспарланған еді. Әбілхан қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, кездесу мерзімінен бұрын аяқталды.

Осылайша ол кәсіпқой боксқа қадамын жеңіспен бастады.

Әбілхан Аманқұл 1997 жылы дүниеге келген. Әуесқой бокста 2017 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның қола жүлдегері атанды.

Аяна Тоғанбек