Руханият • 25 Сәуір, 2019
Кітап көрмесі – көңіл көкжиегі
Кеше елордадағы «Көрме» орталығында «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Eurasian Book Fair–2019» ІV Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды. Төрт күн бойы қонақтарын құшақ жая қарсы алуға дайын көрменің өтуіне Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мұрындық болып отыр.
Руханият • 25 Сәуір, 2019
Ел боламын десең, экраныңды түзе...
Биылғы жылдың ең жарқын жаңалығы, айтулы оқиғасының бірі де осы –«Кинематография туралы» заңның қабылдануы десек, артық айтқандық емес. Иә, бұған дейін тек «Мәдениет туралы» Заңның қосалқы бөлігі ретінде қарастырылып келген кино мәселелері енді өз алдына «енші» алып, дербес талап пен қағидаларын қабылдады. Әйтсе де, заң қабылданғанмен, қолданысында әлі де бірқатар түйткілдердің барын алға тартады киногерлер. Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей араласуымен күшіне енген аталған кино туралы құжаттың «бір қайнауы ішінде, толықтырулар мен өзгертулер кезек күттірмейтін мәселе» дейді мамандар. Осыған орай, ұлттық кинематографиямыздың ыстығы мен суығына қатар көніп, кино алаңында өлшеусіз өнер тудырып жүрген айтулы саланың кәсіби мамандарын редакциямыздың төріне ашық пікірталасқа шақырған едік. Кино туралы келелі ойларын ортаға салған мамандар елордамен шектелмей, Алматыдан да арнайы атсалысты. Дөңгелек үстеліміздің географиясы қос қаланы қамтығанмен, киногерлер пікірі негізінен бір арнада тоғысты.
Сайлау • 24 Сәуір, 2019
«Ақ жол» партиясынан сайлауға қатысатын кандидат белгілі болды
Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы Дания Еспаеваны ресми түрде президенттікке үміткер ретінде бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Руханият • 24 Сәуір, 2019
Түркістан облысында үш биге ескерткіш орнатылады
Ұлы дала даналарының бірі - Әйтеке би Бәйбекұлының 375 жылдық мерейтойына орай, Түркістан облысында ұлттың Ұлы билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге ескерткіш орнатылады.
Қоғам • 24 Сәуір, 2019
«Eurasian Book Fair 2019» көрмесіне 13 елден 90 компания қатысуда
Елордада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен «Eurasian Book Fair 2019» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды. Салтанатты жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.
Әдебиет • 24 Сәуір, 2019
Республикалық «SEMSER» әдеби конкурсы жарияланды
«Мәдениет порталы» мен «Алтын қазына» ҚБ бірлесіп жастар арасында Республикалық «Семсер» әдеби конкурсын жариялап отыр.
Руханият • 24 Сәуір, 2019
Саясат • 24 Сәуір, 2019
Қ.Тоқаев – Қазақстандағы əлемге танымал бірден-бір азамат - Айдос Сарым
Аймақтар • 24 Сәуір, 2019
Жетісайдың қырыққабаты Ресейге экспортталуда
Түркістан облысы Жетісай ауданы диқандары ерте пісетін қырыққабатты Ресейге экспорттауды бастады.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2019
«Атырау-ақпарат» өкілдері – бас басылымда
Еліміздің бас басылымы кейінгі жылдары өңірлердегі бұқаралық ақпарат құралдарымен берік байланыс орнатып келе жатқаны белгілі. Мәселен, былтыр «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясына Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының журналистері келсе, биыл бұл үрдісті Атырау өңірінен келген әріптестер жалғады.