
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2019
Кеше елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев елімізге танымал зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Оған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және бірқатар министрліктің жауапты өкілдері қатысты.
Руханият • 03 Қыркүйек, 2019
Әрбір халықтың табиғи жаратылысында өзін басқалардан ерекшелеп тұратын кемел қасиеті болады. Айталық, ағартушы Ыбырай Алтынсарин 1879 жылы Орынборда жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» атты еңбегінде, қазақ жаратылысы өте таза халық, оның сана-сезімі мен сұңғылалығы біреу салып берген тар шеңберге сыймайды десе, ХІХ ғасырда өмір сүрген поляк зерттеушісі А.Янушкеевич күнделігінде, «қазақтардың ақыл-ой қабілеті мен сұңғылалығына еріксіз таңырқай, таңданбасқа амал жоқ» деп халқымыздың басқалардан артық кемел қасиеті жайлы тамсана жазады.
Қоғам • 30 Тамыз, 2019
Соңғы жылдары спортшылардың арасында бёрнаут (вurnout)синдромымен ауыратындар жиі кездесетіні байқалып отыр. Бұл дертті қазақтың жалпақ тілімен айтқанда, қобалжу-қорқу немесе күйзеліс деп айтуға болады.
Президент • 26 Тамыз, 2019
Ұлытау – ұлтымыздың алтын бесігі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына сапары Жезқазған қаласында жалғасты. Мемлекет басшысы алдымен қаладағы іргелі өндіріс ошағы «Kazakhmys Smelting» мыс балқыту зауытының жұмысымен танысты. Ал келесі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау ауданы жерінде Мәденит және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы АҚ, Қарағанды облысы әкімдігі ұйымдастырып отырған «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумға қатысып, аталған шара аясында биыл екінші рет өткізіліп отырған халықаралық «Jezkiik» музыка фестивалінің ашылу салтанатын тамашалады.
Спорт • 20 Тамыз, 2019
Сато Иуяа – қазақ күресінің үздігі
Қазіргі таңда қазақ күресінің қадамы жақсы. Халықаралық аренада танылып жатыр. Соның бірі өткен сенбі, жексенбі күндері Моңғолия астанасы Ұлан-батыр қаласында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтті.
Тарих • 16 Тамыз, 2019
ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларының халқы үшін атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Олардың ерен істерін әлі толық зерттеп-зерделеп үлгермей жатырмыз. Сондай тұлғаның бірі – Тұрар Рысқұлов. Бұл адамның қайраткерлік қабілеті Кеңес Одағы деңгейінен асып, Коминтерн өкілі ретінде әлемдік масштабтағы саяси істерге араласуына ықпал етті. Соның бір парасы – Азия құрлығындағы көшпенді жұрт Моңғолияның конституциясын жасап, елдің саяси-экономикалық дамуын социалистік бағытқа бұрып беруі. Істі тиянақтау үшін қайраткер аталмыш мемлекетке 1924 жылдың қазан айында барып, 1925 жылдың шілдесіне дейін 9 ай қызмет етті. Т.Рысқұловтың Моңғолияда атқарған еңбегі жайлы «Егемен Қазақстан» газетінің жылашар санында «Тұрардың Күредегі күндері» атты көлемді мақала жарияланған еді. Осы жазбада қайраткердің ол жақта атқарған жұмысы жайлы баяндалған болатын. Дейтұрғанмен Т.Рысқұлов осы сапарында көшпенді елдің саяси бағытын дұрыстап қана қоймай, іргедегі Қытай Республикасына құпия барып келгені жайлы көп айтылмай жүр. Біз осы тақырыпты қаузап көрмекпіз.
Қоғам • 14 Тамыз, 2019
Үнді халқының қайраткері Жавахарлал Неру «отарланған елдің тарихын отарлаушы жазады» дегені сияқты кезінде қазақтың үлкен ақыны Ғафу Қайырбеков жорта аңқаусып: «Осы орыстың хандарының бәрі ақылды да, қазақтың хандары неге ақымақ» деп қиналатын көрінеді.
Руханият • 12 Тамыз, 2019
Сонау бір жаусоқты заманда туған топырағынан босқан ел дінсіз қауымның қолтығына барып паналайды. Олар қорғансыз елге өктемдік жасап, реті келсе дүние-мүлкін талайды.
Қоғам • 12 Тамыз, 2019
Кеше еліміздің барлық мешіттерінде айт намазы оқылып, күллі мұсылман баласы үшін ұлық мейрам – Құрбан айт басталды. Яғни, айт намазынан кейін әркім өзінің мүмкіндігіне қарай құрбан шалу құлшылығын орындады. Бұл рәсім әлі де екі күн жалғасады.
Тарих • 09 Тамыз, 2019
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы 1755 жылдары Цин империясы Жоңғар хандығын жер бетінен жойып жіберді де, Қазақ ұлысы Қытайдағы манжулар әулеті басқарған патшалықпен бетпе-бет түйісті.