Руханият • 17 Мамыр, 2019
Қойшығара Салғараұлының мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
Танымал ғалым Қойшығара Салғараұлының 80 жасқа толуына байланысты мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2019
Кеше «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев пен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шетелде тұратын этностық қазақтар мен отандастарды қолдау мақсатында мәдениет және спорт саласы бойынша өзара ынтымақтастық байланыстарды нығайту меморандумына қол қойды.
Руханият • 09 Мамыр, 2019
Мына бір фотоны көрген жан еріксіз ойланары хақ. Көрік кеудесі орденге толы, еңсесі елден биік, жүзінде арайлы шуақ, бойында қажырлы қуат... бірақ адымдап басатын, асудан іркілмей асатын екі аяғы белуардан жоқ соғыс ардагері жылжымалы тақтайша үстінде қос қолымен жер сызып, қайқая шапқан қарагердей ілгері тартып келеді. Қарияның қайратына тамсанған төрт теңізші-сарбаз қолдарын самайларына көтеріп, тік тұрып құрмет көрсетуде.
Руханият • 07 Мамыр, 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде халқымыздың тарихи санасы мен өлкетану мәдениетін арттыру жолында жасалып отырған істің бірі – ел көлеміндегі жалпы ұлттық қасиетті нысандарды тізімге алу болса, сондай жәдігердің бірі – Ақмола облысы, Ерейментау ауданы Құмай өзенінің аңғары Бұйратау баурайында орналасқан Қосбатыр-Құмай кешені.
Руханият • 06 Мамыр, 2019
Мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспеттесе, үлкен ғалым сахаба Абдулла Аббас «күндердің қайырлысы – жұма, айлардың қайырлысы – Рамазан» деген екен.
Руханият • 03 Мамыр, 2019
Ақын мен әншіні домбырасыз елестету мүмкін емес. Тіптен атағы апайтөс даланы аралап кеткен өнерпаздардың артында қалатын рухани мұрасы олардың әні мен жыры болса, көп жағдайда бұл кісілер қолданған музыкалық аспаптар заттық тәбәрік ретінде сақталуда.
Әлем • 01 Мамыр, 2019
Қазіргі таңда ата-анасыз 108 жетімекті жылы құшағына басып, жан жылуын сыйлап отырған аталған мекеме өз түлектеріне тәрбие берумен қатар, спорттың көптеген түріне жаттықтырады. Атам қазақ «жетім көрсең жебей жүр» дегеніндей, соның бір дәлелі мына Аня.
Руханият • 29 Сәуір, 2019
«Жолбарыс сынды ақырғы, Оспан батыр атылды»
Сәуірдің 29-ы – «Жолбарыс сынды ақырғы, Оспан батыр атылды» деп ақын Жәркен Бөдеш жырлағандай, ХХ ғасырдың 40-жылдары Шыңжаң-Алтай қазақтары арасында өрбіген ұлт-азаттық қозғалыс көшбасшысы Оспан батыр Исламұлының атылған күні. Сонымен қатар биыл асылзаданың туғанына 120 жыл толып отыр. Осы орайда Алматы қаласында тұратын батырдың туған немересі Өркен Нәбиұлымен сұхбаттасқан едік.
Руханият • 26 Сәуір, 2019
Президент • 22 Сәуір, 2019
Елордадағы Назарбаев орталығы ғимаратында орналасқан Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасында Халықаралық Түркі академиясы және еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газеті бірлесіп шығарған «Түркі интеграциясының архитекторы» және «Елорда эпопеясы» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.