Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
178 материал табылды

Әлем • 06 Қазан, 2021

Биыл әдебиет бойынша Нобель сыйлығын кім алады?

Бұл алпауыт сыйлық талай жазушының атын алысқа жеткізді. Себебі, оның дақпырты мен даңқы бөлектігінде. Былай қарасаң, қазіргі әдебиеттің өлшемі мәлім бір сыйлықтар емес екені шындық. Бірақ, өнер үшін сыйлық та керек-ақ.

Әдебиет • 03 Қазан, 2021

Диккенстің Лондоны

Егер жұмақ пен тозақ көршілес болса, онда махаббат пен ғадауат та солай. Бірін-бірі аңдып күнелтетін сыңайлы. Бұған мысал ретінде әлемдегі көптеген оқиғаны айтуға болады. Әдебиет пен оған бодаусыз еңбек еткен тұлғалардың өмірі, қызықты оқиғалары мен шығармашылығы туралы ізденіс жасау біз үшін әрқашан қажет үрдіс. Мейлі, қаншама жылдар өтсін, қағаз бетіндегі еңбекті жел ұшырып, жаңбыр шайып немесе тасқын ағызып кеткені жоқ. Оның жалғыз ғана «жауы» бар, ол болса – оқырман санасынан өшуі.

Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2021

Чилидің Шолпан жұлдызы

Оның есімі Нобель сыйлығын иеленген тұңғыш латын­америка­лық ақын ретінде тарих бетіне жазылып қалды. Сонау 1945 жылы оның таланты мен әдебиетке сіңірген еңбегі оны сыйлықтың төріне шығарды. Алты жыл өткен соң, Чили үкіметі оған әдебиет саласы бойынша берілетін Мемлекеттік сыйлығын ұсынды. Әдебиетке деген жанкештілігі мен адалдығы турасында оның қаламдастары көптеген естелік айтып, Габриела Мистральдың даңқын аспандатты.

Әдебиет • 15 Қыркүйек, 2021

Пандемия: әдебиеттегі көңіл күй

Әр замандағы ірі оқиғаларды, тарихи сәттерді бүгінгі ұрпақ әдебиет пен тарихтың қағаз бетіндегі мыңжылдық архивтерінен оқиды, санаға түйеді. 

Әдебиет • 13 Қыркүйек, 2021

Өлеңдегі мінез

Америкалық ақын Вирджиния Вулфтың «Джордж Элиот» атты эссесін парақтап қалсаңыз «Джордж Элиотты оқуға назар аудару – бұл адамдардың ол туралы көп білмейтінін түсіну», деп басталады. Шынында бір ақынды немесе қаламгерді тереңірек түсіну ең алдымен оның шығармашылығымен танысудан бастау алады. Талай ақынды қыл бабында жаратып, қолына қалам ұстатқан құдіретті поэзия Темірхан Медетбекке де өзгеше дес берді.

Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2021

«Ұйқыдағы» ұйқысыз әйел

Осыған дейін әдебиет саласы бойынша үш бірдей Нобель сыйлығы лауреатының отаны саналатын Жапон әдебиеті біз үшін қызықты һәм жұмбақ болып келеді. Күншығыс елінде қалам ұстап жүргендердің ішінде қазір Харуки Муракамидің есімі жиі аталады. Нобель сынды алпауыт сыйлыққа жылда ұсынылса да, жолы болмай келе жатқан Мураками біздің оқырмандарға бөтен емес. Оның «Норвегия орманы», «Жағалаудағы Кафка», «Командордың өлтірілуі» сияқты аты алысқа жеткен шығармалары дүниежүзі оқырмандары арасында жақсы бағаға ие болды.

Әдебиет • 26 Тамыз, 2021

Қалам ұшындағы гүл

Сіз бір сәт мына ғаламды гүлсіз елестетіп көріңізші. Онда айнала сұп-сұр, тұманды бірдеңеге айналып кетер еді. Табиғаттың мейірімі түскен шөп біреу болса, ол – гүл. Мифологияда әлемнің көптеген гүлі туралы аңыз-әпсаналар жиі кездеседі. Анемон, қалампыр, гиацинт, лалагүл, лотос, нарцисс, көкнәр, раушан, күнбағыс және шегіргүл деп кете беретін әртүрлі гүл әртүрлі мәдениеттің, тіпті сан алуан әдет-ғұрыппен байланысты.