
Қоғам • 31 Шілде, 2019
«Жеңіл» жазасы «атуға» ауыстырылған Жолдыбаев
Қоғам қайраткері, белгілі ағартушы-педагог, журналист Молдағали Жолдыбаев – «Ұшқыннан» «Егемен Қазақстанға» дейінгі газет тарихындағы оныншы редактор. Газет «Еңбекші қазақ» деп аталған тұста басшылық тізгінін Сәкен Сейфуллиннен кейін ұстаған М.Жолдыбаевтың есімімен Қазақстанның саяси-ағартушылық өміріндегі көптеген оқиғалар тығыз байланысты.
Сұхбат • 19 Шілде, 2019
Асхат Маемиров: «Өнер оқу орнындағы транспаренттілік – заман талабы»
– Асхат Максимұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында биылғы оқуға қабылдау жүйесіндегі айқын жаңалық – академия ғимараты алдындағы алаңға арнаулы LED экран қойылып, 8-13 шілде аралығында өткен шығармашылық емтихан тапсырған талапкерлердің өнерін олардың ата-аналарының, жақындарының және жалпы ықылас білдірген көпшіліктің көріп тұруына жағдай жасалуы болды. Бұл идея әу баста неден туындады?
Сұхбат • 19 Шілде, 2019
Кәкен Қамзин: Көркем тіл компьютерлік технологияға есе жібере қоймас
– Кәкен аға, жалпы журналистиканың атқаратын қызметі мен міндеті туралы сіз бірқатар ғылыми еңбек, монография жаздыңыз, ал соның ішінде бүгінгі заманауи журналистикада айрықша байқалып отырған екі міндетін алабөтен атап айту керек сияқты: бірі – қоғамды ақпараттандыру болса, бірі – қоғамдық пікір қалыптастыру. Бірақ осыншама ақпараттық тасқынның арасынан шындықты тану күннен-күнге қиындап барады, оқырманға маман ретінде өз кеңесіңізді айтыңызшы: сапалы ақпаратты қалай ажыратамыз?
Қоғам • 12 Шілде, 2019
Көшбасшы деген кім? Соңынан көпшілікті ілестіре алған, әлдебір орынтақта отырған, мансабы биік адам ғана көшбасшы атала ма? Ол туабітті қасиет пе, әлде кез келген адам меңгеретін қабілет пе? Жас болса да басқару ісінде бірталай тәжірибе жинақтап, өзі де көптеген еңбектердің жарыққа шығуына тікелей ұйытқы болған, Гарвард университетінде оқып, бүгінде «Мазмұндама» қоғамдық қорын құрған Шыңғыс Мұқанның жаңа кітабының тұсаукесеріне жиналғандар көшбасшылық төңірегіндегі сансыз сауалына толымды жауаптар тапты.
Руханият • 12 Шілде, 2019
Архив – 2025: архившілер мен тарихшылар диалогы
Қазақстан Республикасы Президенті архиві мен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейімен бірлесе отырып, «Архив – 2025: архившілер мен тарихшылар диалогы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Сұхбат • 12 Шілде, 2019
UIB президенті Дархан Ахмед-Заки: Білім сапасының жоғары деңгейі – заманауи қоғам талабы
– Дархан Жұмаханұлы, жоғары технологиялы өндірістер мен бизнес, білім мен ғылым үшін интеллектуалды сапалы маман даярлау жолындағы бәсекелестікте UIB тек өзіне ғана тән дәстүрін қалыптастыра алды ма?
Руханият • 11 Шілде, 2019
Ән салса, аспан астын толтыра сорғалата шырқаған, қайталанбас орындаушылық мақамымен тамсандырып, бірегей құбылыс ретінде опера отаны Италия мамандарының өзін сүйсіндірген, оларға ықыласпен қол соқтырғаны аздай, күміс көмейінің көшірме бейнесін жасатуға ынтық етіп, бүгінде көзі жоқ болса да, көмекейінің құрылысы Генуя мұражайында сақталып қалған дүлдүл Ғарифолла Құрманғалиевтің мерейтойлық кешіне барып отырып, керемет көріністің үстінен түстік.
Қоғам • 24 Маусым, 2019
Кінә көрерменде емес, көзқараста...
Өткенде Алматыда опера мен балеттің дүбірлеген фестивалі болып өтті. «Аққу көліне» билет таппай сеңдей соғылысып жүрген жұртты көріп, көзіміз жасаурады дегеніміз өтірік болар. Бірақ Қазақстанның классикалық өнеріне ренессанс дәуірі келіп орнағандай, риза кейіппен көпшіліктен көзімізді айырмай, сырттай сүйсініп қарап тұрғанымыз есімізде.
Қоғам • 20 Маусым, 2019
Алматыдағы «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жаңа толқын 100+» атты жастар форумы болып өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қанатының өкілдері өткен жылдың қортындысын жариялап, қарым-қатынас жасаудың жаңа мүмкіндіктерін талқылау үшін әр өңірден келіп бас қосты.
Аймақтар • 17 Маусым, 2019
Алматыдағы «Достық» үйінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жаңа толқын 100+» атты жастар форумы болып өтті. Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қанатының өкілдері өткен жылдың қорытындысын жариялап, қарым-қатынас жасаудың жаңа мүмкіндіктерін талқылау үшін әр өңірден келіп бас қосты. Жастар қанатының тұсауы кесілгелі бері нақты бір мақсатқа анық қол жеткізілді. Ол – ҚХА жастар ұйымдарының түрлі міндет арқалаған құрылымдары өмірге келіп, «Жаңғыру жолының» 17 облыстық және қалалық штаб қозғалыстары құрылып, оған 5 мыңға жуық белсенді жас жұмысқа тартылды.