
Руханият • 13 Маусым, 2019
«Талан» фильмі Оңтүстік Африкада өтетін кинофестивальге қатысады
Режиссер Болат Қалымбетовтің «Талан» көркем фильмі 18-28 шілде аралығында ОАР Дурбан қаласында өтетін Durban International Film Festival бағдарламасына қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл Қазақстан киносының тарихында бірінші рет болып отырған жағдай. Оңтүстік Африка Республикасының кинофестиваліне «Қазақфильм» АҚ жобасымен бірге тағы бір отандасымыздың фильмі – режиссер Абдель Фифтибаевтың «Бойжеткен» фильмінің де қатысатыны белгілі болды.
Руханият • 12 Маусым, 2019
Алматыда суретші Марис Хитахуновтың көрмесі өтуде
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі «Аламәт» продюсерлік орталығы және «Шәбнәм» ұйғыр креативті қыздар клубымен бірлесіп белгілі ұйғыр суретшісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер одағының басқарма мүшесі, педагог Марис Хитахуновтың 80 жылдығына арналған республикалық фестиваль ұйымдастырып, «Жер-Ана құшағында» атты көркем шығармалардың мемориалдық көрмесін ашты.
Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Жас архившілердің жазғы мектебі ашылды
Қазақстан Республикасы Президент Архивінде ТМД елдері Жас архившілерінің ІІІ жазғы мектебі ресми түрде ашылды. Дәстүрге айнала бастаған архив қызметкерлерінің заманауи үлгідегі басқосуына Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 100-ден аса жас маман қатысып, олар бес күн бойы архив және архив құжаттарымен жаңа тәсілде жұмыс істеу ісіне байланысты қызықты дәрістер тыңдайды. Биылғы Жазғы мектептің лекторлары ретінде Польша, Ресей және Қазақстанның архив ісі бойынша жетекші мамандары шақырылып отыр.
Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Жаңа мазмұндағы жауһар туындылар
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 85 жылдық мерейтойының құрметіне орай барлық алматылықтар мен қала қонақтары үшін «Опера және балет фестивалін» ұйымдастырды.
Руханият • 11 Маусым, 2019
«Қазақфильм» Америкамен бірлесіп телесериал түсіреді
«Қазақфильм» киностудиясы АҚШ-тың белді кинокомпаниясымен бірлесіп «Жол жоқ» – «No Exit» жобасы бойынша телевизиялық сериал түсіруді қолға алғалы отыр. Ілгеріректе осы аттас «Жол жоқ» көркемфильмі фэнтези-хоррор жанрында түсірілген болатын. Бұл картинаны түрлі ұлт өкілдерінен құралған продюсерлер жарыққа шығарды, атап айтсақ, американдық Сара Луиз Уилсон, халықаралық кәсіпқой маман Дарио Кирола, сондай-ақ отандық киногер Айгүл Сыдықова жұмыс істеді. Жобада Сара Уилсон режиссер әрі сценарий авторы болса, отандасымыз А.Сыдықова фильмде басты кейіпкердің рөлінде ойнады. Фильмді қазақстандық ActionLab атты тәуелсіз арт-студиясы және ливандық Littletree Films атты тәуелсіз компаниялары бірлесіп түсірген.
Руханият • 11 Маусым, 2019
Алматыда А.Затаевичтің 150 жылдығы аталып өтті
Қазақ халқының көл-көсір музыкалық мұрасын жинақтап, әуені мен ән-күйін нотаға түсіріп, терең таныммен тарихын жазып беріп кеткен белгілі зерттеуші композитор, этнограф Александр Затаевичтің есімі ұлтымыз үшін ерекше қастерлі.
Қоғам • 11 Маусым, 2019
ТМД елдері жас архившілерінің III Жазғы мектебі ашылды
Қазақстан Республикасы Президент Архивінде ТМД елдері жас архившілерінің ІІІ Жазғы мектебі ресми түрде ашылды.
Аймақтар • 06 Маусым, 2019
Терапия түрлері көп. Әркім өзіне тиімдісін таңдайтын терапия ішінде «арт» деп аталатын музыкамен, суретпен, бимен, жалпы өнермен емделетін түріне, әсіресе балалар үйір келеді. Ауруы жанына батып, меңдеген сырқаты көздеріне мұң ұялатып тұрса да, жүрегінен әлі де болса қуаныш тапқысы келетін балдырғандар күлкі, қуаныш арқылы діңкелеткен дертін жеңіп, айығып шығуға мүмкіндігі мол екенін түйсігімен сезеді.
Аймақтар • 06 Маусым, 2019
Қуыршақ театрындағы бақытты отбасылар
Ажырасуы көбейіп, бақытты жұбы кеміп бара жатқан бүгінгі қоғамда зәрулігі байқалып отырған бір қажеттілік – отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Бұл мақсаттың жолында жарасымды отбасылық өмірді, бақытты шаңырақтардың орны мен неке мәртебесін биіктете түсуге бағытталған «Мерейлі отбасы», «Бақытты отбасы» сияқты байқауларды жиі ұйымдастыру үлгісі үрдіске айналып келе жатқаны қуантады. Өзіндік «менін» жоғалтпай, өнерін өрге жүздіріп, кәсібін көркейтіп, балаларын да аман-есен өсіріп, айналасына өнеге болып жүрген бақытты жұптарды насихаттау неке беріктігін арттыра түсу жолындағы игі қадамдардың бірі.
Әлем • 04 Маусым, 2019
Литваның Клайпеда қаласында өткен мәдени фестиваль аясында қазақстандық суретші Рауза Ералиеваның авторлық сурет көрмесі ашылды.