
Қазақстан • 15 Қазан, 2020
Жасыл экономика – жаһандық тренд
«Қазақстандағы «жасыл өсу»: экономиканы экологияландыру» тақырыбында өткен конференцияға экологтар, тәуелсіз сарапшылар қатысып, «жасыл экономика» мәселелеріне қатысты ұтымды пікірлер мен тұшымды ойларын ортаға салды.
Өнер • 15 Қазан, 2020
Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері «Встречи на берегах Невы» халықаралық хореографиялық ірі өнер фестиваліне қатысты. Олар хореография факультетінің аға оқытушысы Анвара Садықованың жетекшілігімен «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өңделіміндегі күйші Дәулеткерей Шығайұлының музыкасына қойылған «Жастар» нөмірін ұсынды. Мұнда қазақ жастарының рухы мен қуаты айқын көрінеді.
Таным • 12 Қазан, 2020
Ағаш атты мініп, тақия төбелерді айнала шапқан ауылдың қарадомалақтарының аузынан дәмі кетпеген естелігінің ең тәттісі осы ойын. Батырлардың бекзада болмысын сомдап, қолдан қазылған көмбені қоршауға алып, жұлма-жұлмасы шыққан тулаққа таласатын сәттер сана түкпірінде қаттаулы. Баба жосынымен жүріп, мұрасын бойына қондырған ұрпақтың қанында бар қасиет қайда жүрсе де соңыңнан қалсын ба? Дәуір алмасса да ұлттық ойынға келген де әлі де делебеміз қозып отыратыны содан-ау!
Руханият • 12 Қазан, 2020
Ұлттық музейде мұғалімдер күніне орай Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының мектепке дейінгі жетекші ұйымдардың қатысуымен «Балабақша – болашаққа бастар жол» атты фотокөрме өтті.
Оқиға • 09 Қазан, 2020
Тарих – болашаққа жолбелгі. Осы бір өзекті ойдан таған тартсаңыз, баба мұрасын бауырға басқан архивтердің алдында тізерлейсіз. Сосын санаңызға Максим Горькийдің: «Өткенді білместен, қазіргі уақыттың шынайы мағынасын және болашақ мақсаттарын түсіну мүмкін емес» деген пәлсапасы оралады. Орыс қаламгерінің ақылын қонақ қылмасаңыз, дәуір ізгілігін меңгере алмасыңыз кәдік. Неге дейсіз ғой? Себебі мұрағаттар сенің тамырыңа нәр берер дәрумендердің алтын қоры.
Ең қысқа әңгіме • 07 Қазан, 2020
Бағзы дәуірден жеткен қыш құмыраларға қарап, қазақ даласында небір мықты қолөнер шеберлерінің өмір сүргенін байқамау мүмкін емес. Сондықтан абыз тарихтың бізге қалдырған мұраларын хал-қадерінше бағалау – болашаққа парыз. Осы бір ойды өзек қылған М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің өткеннің өнегелі шежіресін шертудегі маңызы зор. Бүгінде Орта ғасырдан жеткен баба мирасы аймақтың рухани құндылығына айналып отыр.
Аймақтар • 02 Қазан, 2020
Шәкірті биіктен көрінсе ұстаз мерейі артады. Әмбе білім ордасының бәсекеге қабілетілігі түлектерінің деңгейімен өлшенсе керек. Тарихы терең, тағылымы мол «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М.Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі сол үдеден шығып келеді. Бүгінде Талдықорған қаласында орналасқан білім шаңырығы еліміздегі ең таңдаулы мектептердің бірі.
Қоғам • 01 Қазан, 2020
Алашордашылардың артында қалған мұрасын кеңес өкіметі кәмпескелеп, қолжазбаларына қолұшы тиген адамды халықтың жауына балағаны баршаға аян. Бірақ бір мүддені желкен еткен арыстарымыздың арманын уақыт көкке көтерді. Бүгінде жазба-естеліктері мұңлы мұрағаттардан менмұңдалайды. Ең ғажабы, XX ғасырдың басында цензураға ұшыраған қазақ жазушылары туралы құпия құжаттар Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивінде сақтаулы тұр. Олардың бізге беймәлім өмірі мен шығармашылығы әлі де алтын сандық.
Кино • 29 Қыркүйек, 2020
Қазақ киносының қайталанбас бейнесі
Жақсымен өткен жарты сағат, қалған ғұмырының қанжығасы. Бұрынғының адамдарын бүгінгілер «көненің көзіне» балап, көрген-білгенін салмақтап, төрге көтеретіні сол-ау. Солардың айтқан ғибратты әңгімелері ауыздан-ауызға тарап, тағылымымен бүкіл ауылды не одан қалса бүтін өңірді тәрбиелейді. Біз бүгін осы бір асыл қасиетті алқалап, ел жадында қайта жаңғырту үшін газетіміз арқылы көп қадірлеген тұлғаларымыздың жансарайына үңілуді жөн санадық. Сөйттік те, қазақ өнеріне, оның ішінде кино әлеміне айшықты із қалдырған Әлімғазы Райымбеков атамыз бен оның жары Гүлжауар Айтжанқызы апамызға қолқа салдық.
Өнер • 25 Қыркүйек, 2020
Стрит-арт еркіндікті сүйеді (Ұлттық музей алдындағы ашық алаңда «Стрит-арт» перфомансы өтті)
Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның бейнелеу өнері түрлерінің саналуандығын көрсету, соның ішінде граффитиді насихаттауға негізделген.