Руханият • 26 Қыркүйек, 2021
Бұрынғылардың ешбіріне ұқсамаған бұл сурет беймезгіл ғашықтықтың, беймәлім махаббаттың, бейтаныс сағыныштың бейнесі іспетті. Уақыт пердесі екі жаққа түріліп, дүниеге жарық төгілген сәтте бір-бірінен айырылмастай болған адамдардың алып-ұшпа сезімінен ыстық не бар өмірде? Сол сәтте қара тас гүлдегендей, қара аспан шайдай ашылғандай болған шығар. Мағынасыз майдан аяқталып, енді тағдыры түзелер дегенде, өмір жолы тағы да адастырып кетерін кім біліпті!?
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2021
«Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес». Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі. Осы бір орамды ой бүгінгі мақаламызға мәйек болып отыр. Ел Президенті әрбір Жолдауында ұлттың мәдени болмысы хақында толғамды пікір түзіп, әсіресе руханиятқа достық рәуіште ерекше назар аударып келеді.
Өнер • 24 Қыркүйек, 2021
Оның суреттерінің бәрі – тірі. Тіпті, сізге тіл қатып тұрғандай, әлдебір ойдың әуенін еске салады. Бояуды кенепке төгерде айқын һәм шынайы. Содан ба заманауи туындылардың біріндей көрінеді. Әйтсе де ол – XIX ғасырдың адамы. Алуан түстердің арпалысынан ләззат алып, көркем өнердің керуеніне ілескен Клод Моне. Бұл – даңқты суретшінің «Жолы».
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2021
Аңшылыққа жаны құмар бабаларымыз қыранның қырағылығына ғана емес, тазының тектілігіне аса мән берген. Жүйрік аттың жанына ертіп жүріп, қаңжығасы майланып, құс қанаты талатын ұлан-ғайыр даланы еркін шолғаны ертегі емес. Жеті қазынаға балап, жолда қалдырмас жолдасындай қадір тұтқаны да әмбеге аян. «Иттің тектісі – тазы» деп тану қазақы қалыпты түсініктен туған тәмсіл. Біздің бүгінгі әңгімеміз де сол туралы.
Руханият • 22 Қыркүйек, 2021
Әлеуметтік желінің әуеніне төңкерілген қауым, смайликпен сөйлеуді салтқа айналдырғалы қашан? Бүгінде осы бір домалақ бас белгілерсіз әңгімеміздің әрі кірмейтіндей һәм бойымызға нәрі сіңбейтіндей көрінеді. Кісінің қандай көңіл күймен хат жазып отырғаны теңіздің арғы бетіндегі адамға да әсер етеді. Әсер еткені былай тұрсын, абыржып та қаласыз. Сол арқылы тіпті сөздің энергиясын сезінесіз. Дөңгеленген дүниеде дидарласудың дәмін келтіретін осынау дөңгелек таңба болмаса, доптай домалаған сөздің де сәні болмайды-мыс.
Өнер • 21 Қыркүйек, 2021
Тау суының тамшысындай сылдырлаған сұлу сазды көкірегіңе қондырған өнерге деген іңкәрлікті тілмен айтып жеткізу қиын-ақ. Ал өнердің өресін кеңіткен бабалар үнін тыңдағанда, сол кеудеңді бірде шаттық кернеп, бірде мұң ториды. Замана зары, өмір шындығы, ел ерлігі деген ізгі қасиеттердің бәрін кеудесі кенді кешегілер әнмен мұра еткен-ау. Сол үшін де Мұқағали ақын айтқандай: «Бабаларым, рахмет сендерге!» деп тебірене түсесің. Бұлай тебіренуге кәсіби жыршы, термеші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Күнсұлу Түрікпен себеп болды. Рухани шөліркеген ұлтты әнмен сусындатқан өнер иесімен сұхбаттасудың сәті түсті. Жүрекжарды лебізі мен ән тағдырына деген алаңдаушылығын тыңдадық. Әншінің орамды ойларын, пайым-парасатынан өрілген өрелі сөздерін осы орайда зерделі оқырман назарына ұсынуды жөн санап отырмыз.
Өнер • 19 Қыркүйек, 2021
Кеңес идеологиясынан босап шыққан қазақ өнерінің қылқаламы егемендікке қол жеткізгелі еркін көсілді. Ұлттық бейнелеу өнерінің өрісі кеңіп, бояуы түрленді. Жаңашылдыққа жаны құштар қылқалам шеберлері азаттықтың аспанын қалаған түсімен бояды. Міне, сондай дарынды суретшілердің бірі – Дария Калимова-Қастеева.
Әдебиет • 17 Қыркүйек, 2021
Ескі құжаттар цифрлық форматқа көшірілуде
Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивінде заманауи реставрация зертханасы ашылуының нәтижесінде көмескіленген тарихи құжаттарға қайта жан біткендей. Мұрағат зерттеушілері бояуы кеткен мәліметтерді цифрландырып, ескі деректердің жаңа қабылын түзді.
Сұхбат • 16 Қыркүйек, 2021
Рухани кемелденудің қайнары – Көркемөнер
Бейнелеу өнері – құмырсқаның илеуіндей шым-шытырық, қат-қабат, тарамыс-тарамыс, суретшінің өзі де адасып қалатын қызық та қияметті қан базар. Онда кім жоқ дейсіз, таңғажайып таулар да, тақыр төбелер де, «өнер – халықтікі» деп өңмеңдегендер де, қыл қаламын қан мен сүтке қатар малған жанкештілер де табылады. Сол керуен-керуен жолда шоқтығы биік, даңқты суретші Камиль Муллашевтың есімі елге етене таныс. Астанадағы шеберханасына арнайы іздеп барғанымызда алдымыздан алқалап шыққан сұңғыла суретшімен сүбелі сұхбат өрбіткен едік. Қазіргі көркемөнердің халі мен жас суретшілердің жай-күйі тұрғысында тереңнен толғанған қылқалам шебері бізге көкейдегі күрсінісін ақтарды.
Әдебиет • 16 Қыркүйек, 2021
Ең ауыр жалғыздық – көп ішіндегі жалғыздық. Суретші Пол Гогеннің «Арлестегі түнгі кафе» картинасы туралы әңгіме өрбіткенімізде, мұнда досы Ван Гогтың да ізі жатқанын айтқанбыз. Вокзал кафесі – жалғыздық кафесі. Жетім көңілін жетелеп келген, арманынан адасқан жолаушылардың мекені. Тағы да жалғыздық бояуы, енді Винсент Ван Гогтың көзімен.