Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1068 материал табылды

Әдебиет • 14 Қыркүйек, 2021

Жапырақ-жүрек

Дидарғайып дүние, дәл сол күні көкейде күмбезделіп қалған кербез ой осы бір әңгімемізге өзек боларын ойламаппыз да. Бұл тақырып төңірегінде бұрындары да талай сөз сабақталған, әлі де сабақтала беретіні күмәнсіз. Міне, біздің де автордың аузынан естіген оқиға желісінен жіп үзе алмай отырғанымыз содан. Қайран, қаламұш ғұмыр! Мұқағалидың әнге айналған жас қайыңы. Жас қайың – адуынгер арман. Бейуақта жеткен әжемнің гөй-гөйіндей көңілді әлдилейді де тұрады.

Өнер • 14 Қыркүйек, 2021

Көп ішіндегі жалғыздық

Көзден кеткен, көңілде көмескіленген картиналар қалың альбомның қай парағын ашсаңыз да мұнтаздай өнердің мөлдір келбетін, мінсіз мүсінін еске салуға құштар. Жанарыңыз қабызданып, жаныңыз елегізіп, классик қылқалам иелерімен бір үстел басында отырғандай боласыз. Қараңызшы, бір түсті бояулар, әртүрлі тағдырлар. О, неткен құдірет, о, неткен қасірет! Ауық-ауық сізді де алысқа тартады…

29 Тамыз, 2021

Әлемге үлгі болған қозғалыс

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына орай виртуалды көрме ұсынды.

Әлем • 25 Тамыз, 2021

Жанардағы жан сәулесі

Зәре мен дәме немесе үміт пен үрей. Осы екі сөздің қайсыбірін алдына шығарсақ та бір-бірінен ажырағысы келмейтіндей. Жас қыздың жанарына қоныстанған жалған ғұмырдың жалқы сәулесі жан дүниеңді езіп жібереді. Неткен ауыр қасірет десеңізші! Тіршіліктің теңізіне батып кетпеу үшін арпалысқа түскен адамның шарасыздығынан терең шыңырау бар ма? Сәл аяңдасаңыз, көлеңкеңіз қуып жетеді. Сіз ажал алдындағы адамның қарашығына үңілдіңіз бе? Оған өмірдің мөлт еткен мағынасы тамып түскендей.

Қоғам • 25 Тамыз, 2021

Жастарды адасудан арашалау маңызды

Интернет кеңістігі арқылы терроризм, діни экстремизм, деструктивті діни ағымдар идеологиясы кең етек жайып тұрғаны белгілі. Әсіресе, жастардың арасында жат ағымға жармаса кететіндер бары көңілге кірбің ұялатады. Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында Алматы облысында ықпалды істер атқарылу үстінде.

Сұхбат • 23 Тамыз, 2021

Ән өмірімді түбегейлі өзгертті

Осыдан бір ай бұрын Рухияны көпшілік танымайтын-ды. Тіпті өнерге іңкәр қыздың талантын тамыршыдай тап басуға уақыт ыңғай бермеген. Ал қазір бәрі басқаша. Арманы асқақ жас өреннің жұлдызы оңынан туды. О баста солай болуға тиіс те еді. Жұрт сүйінді, әлем таңдай қақты.

Әдебиет • 19 Тамыз, 2021

Нонсенс

Қызық, түк те қызық емес! Өзі жұмбақ дүние, оны шеше алмай біз де жұмбақ болып барамыз. Қазақ әлсіздігін жеңу үшін Махамбетті оқу керек деседі. Сол рас па екен!? Өлеңді қалам емес, өмірдің өзі жазады. Пенденің тағдырына Тәңірдің қатысы болса, біз неге қателесе береміз? Сосын әлбетте Құдайдан кешірім сұраймыз. Бәрін біле тұрып… Миллениум ішіндегі миллион мағынасыздық… Мазмұнсыз ғұмырдың іш пыстырар мінезінен мезі болған жоқсыз ба? Сіз?

Тарих • 17 Тамыз, 2021

Ежелгі дәуір елесі

Тарихын аңызға сүйеген алаштың қасқыр мінезіне қарап бойынан бөрілік сипатты байқайсыз. Тіпті онысын тасқа қалап, ағашпен ойып та баяндайды. Бөрілі байрақ қолға алып шапқан бабамыздың ерлігі өз алдына, топырағын қазсаң қазба байлығынан да көкбөрілік рух аңқып тұрады. Тасқа қашап, ағашты жонып салынған суретке қарап, ежелгі дәуірдің келбетін көреміз. Бұл – біздің тарихтың шежіресі.

Руханият • 12 Тамыз, 2021

Сана дерті

Біздің қазақы түсініктен таған тартсаңыз тап осы туындыға былай анықтама берер едіңіз. «Адамның басы – Алланың добы». Бұдан артық тәмсіл таппасыңыз тағы аян. Ал мүсінші Томас Лерой олай ойламайды. Кешіріп қойыңыз, ең ауыр дерт – сана дерті. Салмақтап көріңізші, ойдан терең шыңырау бар ма, осы? Бір құласаңыз, қайтып шығуыңыз екіталай. Білесіз бе, біз көтерген ең ауыр жүк – біздің басымыздағы ақыл. Қалғаны күйбең тіршіліктің күйкілі ғана.

Тарих • 11 Тамыз, 2021

Көне бұйым – көзайым

Испандықтар әркім жәрмеңкені өзінің тапқан затына қарап бағалайды деседі. Жөн сөз! Біздің тарих базарынан тапқан қазынамыз санаулы болса да, салмағы ауыр. Сондықтан көсіле сөйлеуге болады. Ақын Қадыр Мырза Әлі айтпақшы: «Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақтағы». Сол парағы жұқа оқулықта бабалар аманатын арқалаған құндылық бар. Жерден табылған ескі бұйымның естелігі – ел руханиятының азығы. Мәселен, ғұрыптық шамдалды алып қараңызшы!