Өнер • 03 Тамыз, 2021
Айпара жүзінен ақиқаттың нұры ескен алдаспан ақынның бейнесінде рух бар. Жанарынан тұнған ызғардан ұлтқа деген жанашырлықтың лебі еседі. Көрген көз ұзақ қарауға батпайды. Қайткенмен де поэзиялық портреттің мысы басады. Жылдар жанарын буласа да осы түр, осы кейіп мәңгіліктің төрінде. Бөрілермен бөрілерше белдескен ақынның тұлғасы болашақтың беттүзер рухани құбыласына айналуы заңдылық!
Аймақтар • 02 Тамыз, 2021
Көкшеде «Ұлы дала рухы» дүбірледі
Ұлттық спорт түрлерінен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалі басталды. Төл спортымыздың көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату сынды түрінен өтетін жарыс командалық тәртіппен жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 29 Шілде, 2021
Заманның зары аңқиды. Өйткені бұл дауыста қайғының табы бар. Уақыттың көз жасы, дәуірдің дабылы сіңген. Мен қорықпаймын ғой, үйдегі әжем естіген сайын бір тыжырынып қалады. Шалынан айырған соғыстың қайсібір қылығын жақтыра қойсын. «Атамашы сол пәлені» деп арыдан үркиді. Ал біз осы үннен ізгілік іздейміз. Іздеп қана қоймай, жеңістің дәмін сездірген ырғақты нотадай радиоға ынтыға қалатынымыз бар. Бұл қилы ой сілеміне салатын көрініс.
Өнер • 29 Шілде, 2021
Уинстон Черчилльдің қылығын айтып бір, қайсарлығын айтып екі қайран қаламыз. Даңқты тұлға дәуірден көшсе де, тарих тұғырынан тайған жоқ. Қайта есті естеліктерімен елдің назарын әлі де өзіне аударып келеді. Айта берсең, қызық енді.
Өнер • 29 Шілде, 2021
Ұйқыдағы әлем әдебиеті орнынан бір аунап тұрған шығар. Неге десеңіз, даңқты Дантенің қолжазбалары табылды. Ендігі жерде әдебиетшілердің ермегі сол болмақ. Қазақтың әдеби кеңістігіне ақиық ақын Мұқағали Мақатаев арқылы жол салған «Құдіретті комедияның» иесі тоғыз жүзжылдықты төбесінен аунатып, дүниеге қайта дүмпу салды. Баға жетпес мұра – XIII ғасырдың еншісі. Ал оны тапқан Флоренция тақуа әйел Джулия Болтон Холлоуэй екен. Ең ғажабы сол, бұл данышпан ақынның мектеп қабырғасында жазған еңбектері көрінеді.
Өнер • 28 Шілде, 2021
Тәуелсіздік жайлы қалай толғансаңыз да тартымды. Әсіресе үшінші онжылдықты басынан аунатқан мемлекетіміздің жетістігі көп болған соң, желпініп сөйлеуге болады. Тек қазақ қана емес, басқа ұлт өкілдері де бізбен бірге марқайып, бір шаңырақ астында қуанышымызға ортақтасуда. Осы ретте Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер орыс театрының әртістері «Egemen Qazaqstan» газетінің оқырмандарымен өздерінің актерлік тағдырының ел тағдырымен тоғысқаны жайлы сыр бөлісті.
Өнер • 28 Шілде, 2021
Тағы бір туындыға көзіміз түсті. Кенеп бетіне жайғасқан бейнеге жанар қадасаңыз автордың өзін көресіз. Ондағы өгей ойлардың өзі де ыстық. Бояулар сөйлейді, тек тыңдар құлақ болса. Мыңдаған шығарманың ішінде нағыз шебердің қолтаңбасы алыстан менмұндалайды. Бұл көркем картина автордың автопортреті. Ғалам ғажайыбын қылқалам ұшынан тамызған жанның жан әлемі.
Өнер • 28 Шілде, 2021
Ескерткіш – тұлғаның көшірмесі емес, ғизатты ғұмырының жиынтығы. Онда мінез болмаса, «шынайы өнер» деп бағалағанымыздың шимайдан еш айырмашылығы жоқ. Неге біздің елдегі монументтік өнер құрылыстарының формасы біркелкі. Бұл қоғамның әлі де таптаурын түсініктен ажырамағанын айғақтайды.
Өнер • 25 Шілде, 2021
Қостанай облысы тарихи-өлкетану музейінде пикетаж әдісін қолдану арқылы тегістеліп жасалған атақты мүсін бар. Ол 1976 жылы Тобыл өзенінің оң жағасынан табылған. Жалаңаш күйде аспанға қарап отырған адамның бейнесі археологтерді таңғалдырған. Оны қала маңында орналасқан «Мичурин» ауылының механизаторы шаруашылықтың орталық мекенінен оңтүстік-батысқа қарай екі шақырым жерде бульдозермен жер жырту кезінде қазылған дөңес жерден тапқан екен.
Медицина • 22 Шілде, 2021
Індетті ауыздықтаудың ендігі жолы – екпе. Дерт алдында дәрменсіздік танытсаңыз, дер кезінде амал жасамаған өзіңіз кінәлісіз. Карантиндік талаптардан қайыр жоқ екенін ұқтық. Себебі халық тіршіліктен қол үзе алмайды. Бұл – қоғамның вирусқа бейжай қарайтынынан емес, күйбең тірліктен қалыс қала алмайтынының дәлелі. Сондықтан отбасы болып, ұжым болып вакцина салуға асыққан жөн.