Өнер • 02 Шілде, 2021
Қасиетіңнен айналайын, домбыра!
Шежірелі шанағыңа талайлы тарихымды сыйғызған сен аман бол – домбыра! Ұлы даланы даңққа бөлеген сенің болмысында қазақтың наркескен намысы бар. Алп-алп басқан атандай буырқанған бабалардың мыңжылдықтан бері сенімі сен едің, серігің мен едім! Сені сол үшін де жаныма медет, рухыма сая тұтамын. Қасиетіңнің салмағын Қаратаумен өлшемесем, маған серт, қадірімді Алатауға теңгермесең, саған серт. Бағзыдан аян, нәсілі асыл елім сен дегенде көңілін көкжиекке сүңгітіп, сазыңнан жанына шипа іздеген. Қос ішегіңнен төгілген толқын сақи дүниенің тілі мен тіні болып мына құс тұмсығындай қысқа жалғанның жан жарасын жазған жоқ па?! Сен сол үшін де қымбатсың маған! Қасиетіңнен айналайын, домбыра!
Өнер • 22 Маусым, 2021
Көне заманды көз алдымызға әкелетін екі құдірет бар. Бірі – сөз болса, екіншісі – сурет. Сөздің сиқыры құпияларды талқандауға құштар, ал бояудың сыры беймәлім дүниеге астар іздеуге мәжбүрлейді. Оны адам жанарымен көреді, жүрегімен сезінеді. Міне, кенеп бетіне түскен кез келген көріністің жұмбағы осында. Ал сол жұмбақты шешуге сіз бен біздің кейде шамамыз жетпей жатады. Сондықтан да қылқалам иесінің қиялына ғашық күйде қала береміз.
Қазақстан • 22 Маусым, 2021
Ауылдағы Мәдениет үйлерін әңгімелеп жүргенімізге біраз болды. Содан да болар бір мәселенің астарына үңілсек, келесі бір түйткілдің төбесі көрінеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуды міндеттегенімен, министрліктің тірлігі мимырт.
Өнер • 20 Маусым, 2021
1965 жылы Бронкс зообағында «Жер бетіндегі ең қауіпті жануарлар» атты көрме өтеді. Оны неменеге жазып отыр дейсіз ғой, әлгі көрмеде көрменің атын арқалаған ерекше картина қойылған екен. Оны тамашалауға келген әрбір адам айна орнатылған туындыдан өзін көреді-міс. Көрменің қызығы да, шыжығы да сол. Ал бұған қарап, біздің ойымызға данышпан Ницщенің нақылы оралды. «Адам – саналы жануар һәм уәде бере алатын мақұлық». Иә, туындының түп мағынасы осы афоризмге астар болып тұрғандай. Біздің бүгінгі әңгімеміз осы оқиғамен қанаттас.
Әдебиет • 17 Маусым, 2021
Қимас көздердің қарашығында...
Біздіңше ең мықты ақын – қалпағын қайда және қалай ілетінін білетін ақын. Қалғаны келесі бір әңгіменің басы ғана. Дәл қазір поэзияға пайдам тисін деп жазудың қажеті жоқ. Жүректегі жүзі жылы ойлар келесі бір жүрекке жұп болғаннан артық сәт бар ма өзі?! Әдеттегі өлеңді өмірдің өзімен тұтастырып, жүректі шымшылатып кез келген адам жаза алады. Әдеттегі өлең – жақсы өлең болуы да мүмкін, бірақ сұлудың бәрі сұлу ма? Оны да ойланыңыз. Сондықтан да шығар оның өлеңі өмірді, өмірі өлеңді еске салады. Бізді де елітетіні сол.
Өнер • 17 Маусым, 2021
Қызғылт құм. Алып аңғар. Ертегі пішінді қамалдар. Елдің көзіне түсуге қорқатын ғажайып сайлар. Аңызға жүк болған алып мекеннің бір бұрышы. Ақиқатын ешкім аршып ала алмасы анық. Себебі миллион жыл бұрын жерді жарып шыққан табиғаттың көркем суреті адамзаттан айласын асырып тұр. Кер даланың төсін қанша кемірсе де енді пенде атаулы мұндай туынды тудыра алмасы ақиқат.
Руханият • 16 Маусым, 2021
Эйнштейннің фотосын тоңазытқышқа жабыстырып қойыпты. Әжем ғой баяғы, ырымшыл. Көрші үйдің баласы Берлинге барып келгелі апам осы бір «оқымысты шалды» айналсоқтап шықпайды. Немеренің тұңғышы болған соң ба, әйтеуір болашағыма немкетті қарамайтын әдеті. Онысын жатқа білемін. Әйтсе де тілін иегіне дейін созған «шалды» маған несіне үлгі етеді екен. Түсінсем бұйырмасын. Енді қараптан қарап отырмай, Эйнштейннен әжемді қызғанатын болдым. Әрі-бері өткенде құлағымды екі жаққа қарай соза тартып, мен де тілімді шығарамын. Әй, содан ғалым болғанымды қайдам, қалқан құлақ бола жаздағаным есімде.
Өнер • 14 Маусым, 2021
Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұрасының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кенде емес. Сондай дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісова. Биыл даңқты тұлғаның туғанына 160 жыл толып отыр. Соған байланысты «Қазақконцертте» сұңғыла өнер иесінің мерейтойына арналған үлкен концерт өтті.
Тарих • 14 Маусым, 2021
Тасбақа тірлік. Қазақтың тірлігіне қатты ұқсайды. Мимырт та жайбасар. Бағыты бар, бірақ жүрісі баяу. Уақыттың ұйытқып соққан желі төңкеріп тастаса екен деп тілейсің. Аузына тістеген шөбі арманына жеткізе қояр ма екен?! Оны да ойлайсың. Үздіксіз ауыр, шабан жүріс әлі аяқталған жоқ. Қазақ тасбақаның үстінде ұйықтап жатыр. Астындағы сауыт қатты болғанымен, ұйқысы тәтті.
Әдебиет • 13 Маусым, 2021
Бәрімізге аян, 6 маусым орыстың алып ақынының туған күні. Иә, иә, Александр Пушкинді айтып отырмыз. Ұлы шайырдың Отаны соған байланыстырып халықаралық орыс тілі күнін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Ол енді таңсық дүние емес. Ең қызығы мынада: әлемдік Storytel аудиокітап қызметі Пушкиннің танымалдылығын тексеріп көргісі келіпті. Нәтижесінде, түріктер таңдай қақтырған.