Өнер • 22 Шілде, 2021
Адамның ой-өрісі шарттылықтармен қаланса, одан ұлы дүние күту бос әуре. Біз қаламгер мен суретшіні ғана шығармашыл топтың өкілі есебінді бірінші қатарға қоямыз. Негізінде, бұл тізімнің басында ғалым да, құрылысшы да, инженер де тұруы қажет. Себебі әрбір мамандық иесі өз саласының алды болу үшін қиялына иек сүйеуі міндет. Әйтпесе талғамды штампқа салу идеяны мансұқ етеді.
Өнер • 21 Шілде, 2021
Көмескі-ау деген сондай бір қағаберіс қалтарыстарға әлсін үңіліп, әр кезде оған жақын жүргендер жадысын қайта жаңғыртып, азаматтық ой-пікірлерді толықтыра түсу, біздіңше, ұрпаққа өнеге үшін қажет. Неге өнеге үшін? Дәл осы сөзге мән беріп отыру себебіміз неде?
Өнер • 21 Шілде, 2021
Рухияны Димаштың жанкүйерлері демеді
«Славян базары-2021» байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенова елге оралды. Халықаралық өнер фестивалінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған өнер иесін көпшілік ыстық ықыласпен қарсы алды. Жеңісті сәттің желпінісі басылмай жатып, ақпарат өкілдеріне ашық сұхбат берген әншінің қуанышында шек жоқ. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингтің біз де куәгері болдық.
Өнер • 20 Шілде, 2021
Тағы бір сурет – тағы бір тағдыр. Иә, қылқалам ұшындағы құпиялы әлемнен рухани ләззат аласыз. Сонысымен жанды елітеді, көңілді масайтады. Сенбесеңіз, Салихитдин Айтбаевтың «Әпке» картинасын алып қараңызшы. Не көріп тұрсыз? Шебердің талантына бас иесіз, сосын түсініксіздікке түсесіз. Бұлыңғыр бояу ішіндегі биязы бейне.
Саясат • 20 Шілде, 2021
Мәдени ынтымақтастықтың мәні зор. Мұнда ел мен елді, жер мен жерді байланыстырып тұратын ұлы күш бар. Ұлттың рухани түлеуіне өзге ұлттың да септігі тиетіні, бір-біріне ықпал ететіні белгілі. Оған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың Беларусь Республикасының Мәдениет министрі Анатолий Маркевичпен кездесу сәтінде тағы бір мәрте көзіміз жетті.
Руханият • 11 Шілде, 2021
Ең ұлы үнсіздікті уақыт таразысы теңшей алмайды. Сағат тіліңдегі тыныштықтың салмағы ауыр, жанды тұңғиыққа тартады да тұрады. Үнсіздік ішіндегі көңілдің халі астан-кестен. Сондықтан бөтен ойдың көлеңкесін саялаған адамның әлсіздігінен қорқасың. Онда сатқындық бар, сенім жоқ. Шынымды айтайын ба? Мына қоғамның үнсіздігі қалжыратты. Жігерімді жұтып қоярдай. Қалай ойлайсыз, қазақ даласынан өткен алыптардың әрқайсысын жеке-жеке еске алсақ, отыз жасар мемлекеттің төзімі жете қоя ма? Тағы да бір минут үнсіздік! Тіршіліктің тамырын ұстап көріңізші, соғып тұр ма екен?
• 06 Шілде, 2021
Елордада фотоқұжаттық көрме өтуде
Елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы Президентінің архивімен бірлесіп ашық аспан астында «Нұр-Сұлтан - болашақтық қаласы» атты фотоқұжаттық көрме ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 02 Шілде, 2021
Біздің баһадүр бабаларымыз жауын жер жастандырмай майдан даласын босатпаған. Атқа қонса атойлап алға шығар, тақымындағы тұлпары туласа талай елдің ту-талақайын шығарар алып рухтың иесі олар. Сол алып рухтың көрінер тағы бір тұсы – көкпар ойыны. Батыр да ержүрек ерлердің майданнан бөлек сыналар сәті – сол намыс дода. Қараңызшы, жұрттың жанын рахатқа бөлейтін көне ойынның кенеп бетіндегі кескіні қаныңды қыздырады.
Өнер • 02 Шілде, 2021
Қасиетіңнен айналайын, домбыра!
Шежірелі шанағыңа талайлы тарихымды сыйғызған сен аман бол – домбыра! Ұлы даланы даңққа бөлеген сенің болмысында қазақтың наркескен намысы бар. Алп-алп басқан атандай буырқанған бабалардың мыңжылдықтан бері сенімі сен едің, серігің мен едім! Сені сол үшін де жаныма медет, рухыма сая тұтамын. Қасиетіңнің салмағын Қаратаумен өлшемесем, маған серт, қадірімді Алатауға теңгермесең, саған серт. Бағзыдан аян, нәсілі асыл елім сен дегенде көңілін көкжиекке сүңгітіп, сазыңнан жанына шипа іздеген. Қос ішегіңнен төгілген толқын сақи дүниенің тілі мен тіні болып мына құс тұмсығындай қысқа жалғанның жан жарасын жазған жоқ па?! Сен сол үшін де қымбатсың маған! Қасиетіңнен айналайын, домбыра!
Өнер • 22 Маусым, 2021
Көне заманды көз алдымызға әкелетін екі құдірет бар. Бірі – сөз болса, екіншісі – сурет. Сөздің сиқыры құпияларды талқандауға құштар, ал бояудың сыры беймәлім дүниеге астар іздеуге мәжбүрлейді. Оны адам жанарымен көреді, жүрегімен сезінеді. Міне, кенеп бетіне түскен кез келген көріністің жұмбағы осында. Ал сол жұмбақты шешуге сіз бен біздің кейде шамамыз жетпей жатады. Сондықтан да қылқалам иесінің қиялына ғашық күйде қала береміз.