Өнер • 17 Мамыр, 2021
Қастеевтің қылқаламынан туған кез келген көркем туындыда сұлық сүлде, болбыр бейне болып көрмеген шығар, сірә. Ақсағы тепсініп, сақауы сайрап тұрғандай оқырман көңілінде терең таңба қалдырады. Бөгде бір суретшінің бүтіндей бір қорап акварель ысырап қылатын көрінісіне ол бір жағым ғана бояу жұмсап өте береді. Бояулар неғұрлым жұқа жағылған сайын картинаның ой-идеясы соғұрлым күрделі. Нағыз сиқыршының өзі ме дерсіз.
Руханият • 14 Мамыр, 2021
Тарих парағының басқа бетіне ауысқанымызбен, өткен күндердің жаңғыры санадан оңайлықпен өше қоймасы анық.
Өнер • 14 Мамыр, 2021
Ғасырларды тоғыстырған ғажайып
Өнер кеңістігі шексіз де шетсіз. Өлеңмен өрілген өмір, әнмен әрленген жылдар, бояумен түрленген тағдырлар турасында сан түрлі сөз қаузауға болады. Бірақ соның ішінде қылқалам құдіретіне бойлайтын жандар сирек. Әсіресе, кейінгі уақытта кенжелеп келе жатыр. Әйтсе де шынайы өнерге жанашыр оқырмандар қай уақытта да табылады. Оны «Ғасырлар бояуы» атты жылжымалы көрмеде анық байқадық.
Өнер • 13 Мамыр, 2021
Жаз таяп қалды. Ал астанада өрік ағашы енді гүлдеп жатыр. Әне-міне әдеттегідей оңтүстікте шие жемісі қыздың ерніндей қызарғалы тұр. Карантиндегі көктемнің қай қылығына тамсанасың. Көбіктей жеңіл, табыттай ауыр күндер күнтізбеден құлауда.
• 12 Мамыр, 2021
Қазақтың бейнелеу өнері кеңестік идеологияның кісенінен босап шығысымен көп ұзамай, мың түрлі құлпырма бояуға қанығып үлгерді. Суретшілердің айтар ойынан тартып, оқырманға жеткізер әдіс-тәсіліне, танымы мен нанымына дейінгі аралық та мейлінше түрленді. Әрине, оның бәрі егемендігіміздің нәтижесі. Осыған орай еліміздегі «TAMYR» шығармашылық тобының көркемөнер көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Өнер • 11 Мамыр, 2021
Шынайы өнерді шайнап берсе де жұта алмайтын, жұтса да ақыл асқазаны қорытпайтын қоғамның қыспағынан қашып құтылғысы келетін cекілді. Жалғыздыққа мойынсұнуға бар. Өнерде дара жүру заңдылық екенін ескерсек, бұл ісі өнеге емей немене? «Кемталант мүмкiндiгiнше, шын талант қалағанынша жазады» деген қатаң қағиданы ұстаған шебердің шығармашылығы – тұнып тұрған қайшылықтар қақтығысы. Міне, ғажап! Асқар Сүлейменовше сөйлесек, «ең терең идеялар – қиын идеялар» деп нүкте қоя салар ма едік. Бірақ оқырманның бәрі бірдей емес, қанша қамау терін алсаң да ой шабысы орашолақ болуы мүмкін.
Әдебиет • 05 Мамыр, 2021
Соғыс жайлы сөз қозғалса, жусанның иісі келеді мұрыныма. Қарның ашқанда танауыңды тигізіп бір жұтып алсаң, жетіп жатыр, денеңе қайта күш біткендей жігерленесің. Біздің ауылдың іргесінде көп өсетін. Жалғызынан айырылған ананың көз жасына суарылып, сүйгенінің аманатындай жол қараған сұлудың жан қалтасында жүретін. Ауыл балалары әкелерін сағынғанда қырға шығып, айнала шауып, үстіне әрі-бері аунап, киімінен күні бойы жусан аңқып тұрады. Сонда ата-әжелер әкелерін неміс өлтірген немерелерінің екі бетін кезек-кезек шөпілдетіп сүюші еді.
Оқиға • 05 Мамыр, 2021
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі журналист, ғалым, саяси ғылымдар кандидаты Жұмабек Кенжалинді еске алуға арналған «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: БАҚ менеджменті мен маркетингі және PR» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған іс-шараны ЮНЕСКО, Халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы І Кенжалин оқулары аясында ұйымдастырды.
Қазақстан • 05 Мамыр, 2021
Көз жетпес көкжиекке көңіл аударсаң, көгілдір дала кеудеңе еркіндіктің жұпар ауасын құяды. Қырдағы қызғалдағын самалдың нәзік екпіні тербеген сайын тәтті бір иіс жаныңа нұр себетіндей. Сол сәтте құстар шырылы өмірдің тәтті бір әуенін бастағандай болады. Көк аспанға күле шыққан жарық күн бүгінгі өз еншімізге тиген көк тудың табиғаттағы көшірмесі тәрізді. Байрағымыз ең алғаш зеңгірге ұмсынып желбіреген сәт есіме түскенде, мына дала енді мәңгілік менікі екені есіме түскенде кеудемді қуаныш кернейді. Сосын сол асқақ сезімді айтуға тіл жетпейтін бір ғажайып күйге бөленемін. Әне, ертеңіміз есік қағып тұр. Тәуелсіздігіміз тура жолда.
Өнер • 04 Мамыр, 2021
Астанаға көктем асықпай келеді. Содан ба, біз оны әр жерден іздейміз. Найзағай жарқылынан, күннің күркірінен, жапырақ сыбдырынан, бұлақтың былдырынан, ұйытқып соққан желден, тіпті сұлудың жанарынан да. Оның бір кереметі, келмей жатып бізді жастық шақтың үздігіп жеткен әдемі әуеніндей еміндіріп қояды. Сол сәтте қалғып кеткен қамсыз сезімдерге жан бітіп, ұйқылы-ояу көңілді сілкіп-сілкіп алса ғой дейсің іштей. Сосын сезім шақпағынан ұшқын болып шашырап бірте-бірте алауға айналған сағыныш түстері не өлеңге, не картинаға айналса...