Аймақтар • 23 Маусым, 2022
Катонқарағай ауданында екі альпинист қайтыс болды
23 маусым күні сағат 10:00 шамасында Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Мұзтауда төрт альпинист қар көшкінінің астында қалды деген ақпарат түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2022
Көпбалалы аналар баспанамен қамтылып жатыр
«Бірқабатты Шығыс» өңірлік жобасы аясында биыл Зайсан қаласында 2 пәтерлі 35 үйдің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Аталған бағдарлама аясында 2020 жылы Сауыр шағын ауданында 18 қос пәтерлі 36 тұрғын үй көпбалалы отбасыларға берілген. 2021 жылы Сауыр шағын ауданында 62 көпбалалы отбасы тағы да «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен 31 қос пәтерлі 62 тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Бокс • 22 Маусым, 2022
Бұқтырманың жағасында жас жеткіншектер жарысы өтті
Жуықта былғары қолғап киген жас спортшылар Алтай ауданында өткен жекпе-жекте жұдырықтасты. Балалар жылына орай өткен облыстық турнирге аудандар мен қалалардан жүзден астам спортшы келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2022
Қарабастан аумайды арқар енді...
Жазға салым Қарабас тауындағы арқар біткен Тарбағатайдың биігіне қарай ойысатын. Шекара шебіндегі шоқыда ақсақ-тоқсағы ғана қалар еді. Кейін «Тарбағатай» ұлттық табиғи паркі құрылып, арқардың дені Қарабастан аумайтын болды. Қорғауда екенін жарықтық жануар да сезеді ғой. Көктемде ғана инспекторлар Қарабастан елу шақты арқар санаған.
Медицина • 16 Маусым, 2022
Қиын кеселге – күрделі операция
Инновациялық технологиялардың дамуына қарай медицина саласы да заманға сай бейімделіп келеді. Осыдан бес-он жыл бұрын шетелде немесе Алматы, Нұр-Сұлтан секілді ірі қалаларда жасалатын күрделі операциялар Шығыс Қазақстан облысында да жасалып жатыр. Жалпы өңірде денсаулық сақтау саласында ілкімді істер бар. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуден бірқатар шеберлік сағаты өтті.
Экология • 14 Маусым, 2022
Үржар өңірінің табиғаты әсем. Күнгейін Тарбағатай сілемдерімен жалғасқан Қарабас, Ақшәулі таулары алып жатса, етегінен Еміл жылжиды. Жылжып барып, тарамдала әйгілі Алакөлге құяды. Солтүстік Шығысына мойын бұрсаңыз, Бармақ барханы, сары дала. Сыңсыған қамыс қалыңы да осы өңірде. Байқайсыз ба, табиғатқа тән сұлулықтың бәрі-бәрі осында, Үржар өңірінде.
Аймақтар • 13 Маусым, 2022
Күні кеше Абай жұрты әкімнің тағайындалуын тағатсыздана күтті. «Іскер әкім келсе екен» деп тіледі. Себебі Семейдің серпілуі, Абай облысының алға басуы – бірінші басшыға тікелей байланысты. Сөйтіп, облыстық мәслихаттың ашық дауыс беруімен Абай облысы әкімінің лауазымына Нұрлан Ұранхаев тағайындалды.
Қазақстан • 09 Маусым, 2022
Батыс Алтайдан бастап, Шыңғыстауға дейінгі шығыстың төрт бұрышын түгендеп шыққан орнитолог-ғалым Борис Щербаковпен баяғыдан сұхбат құрғым келіп жүретін. Тау-тас, аң-құс тақырыбында әңгімеміз жараса кетерін де білетінмін. Еңбек жолын табиғатты қорғауға арнаған Борис Васильевич өңірде кездесетін құстардың 132 түріне сипаттама беріп, 21 түрін анықтаған. Әлбетте, Алтайдың әр пұшпағын басып өтсеңіз, сіз де аң-құстың түр-түрін кездестірер едіңіз. Бірақ нағыз маманы болмасаңыз, бекер. Ал Б.Щербаков кішкентайынан көз алдынан көлбей ұшқан торғайға дейін тізімдеп, ақ параққа суретін салып отырған екен. Кейін құстар тақырыбында үлкен ғылыми еңбек жазды.
Қоғам • 09 Маусым, 2022
Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Сәрсенбай Оспанұлы Өскеменге жетті. Қазақстанды жаяу аралауды мақсат еткен қарияны шаһардың кіреберісінен белгілі ресторатор Мұхтар Тойбазаров бастаған топ қарсы алды. Шашу шашылды, арнау айтылды.
Аймақтар • 09 Маусым, 2022
Абайдағы алғашқы сессия отырысы
Елімізде ашылған үш жаңа облыстың бірі – Абай облысы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Абай облысын құруды ұсынамын» дегенде, семейліктердің төбесі көкке жеткен еді. Ал бүгін Президент Жарлығы күшіне еніп, Семей ресми түрде Абай облысының орталығы болды.