Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1104 материал табылды

Білім • 26 Мамыр, 2022

Түлектері жұмыссыз қалмайтын университет

Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан түлектер үшін өміріндегі жауапты сәт, міне. Жауапты сәт деп отырғаным, жандарына жақын мамандық таңдауы керек. Бәлкім, инженер, бәлкім, дәнекерлеуші... Ең бастысы – нағыз маман болып шықсын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бүгінгі таңда елі­міз­дің дамуы үшін техникалық саланы меңгерген мамандар ауадай қажет. Осы орайда ойға оралар университеттердің бірі және біре­гейі – Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2022

Балтыр батырмаған бассейндер немесе көзбояушылықты қояр кез жетті

Бізде сол, істің басы дардай, аяғы қылдай. Сүйіншілеп басталып, жол ортада қалады. Нәтижесі не болғанын сұрай қалсақ, жауапты басшылар қырық сылтау айтып, бірі біріне сілтейді. Естеріңізде шығар, былтыр Күршім мен Үржар аудандарында жүзу бассейні ашылған. Ашылды деген аты. Лента қиып, ырду-дырду той еткенімен, бассейндердің есігі қайта тарс жабылған. Қыруар қаржы не үшін бөлінгені белгісіз.

Өнер • 24 Мамыр, 2022

Уақыт сәулесі керуені

Өскемендегі өнер му­зейін­­де белгілі сурет­ші, Қазақстанның еңбек сі­ңір­­ген қайраткері Ал­пыс­бай Қазығұловтың «Уақыт сәулесі» атты же­­ке көрмесі ашылды. Буыр­қанған бояулары үндесіп, ұлт дәстүрімен тілдесіп жатқан картиналары Жерар Депардье, Патрисия Каас сынды әлемдік деңгейдегі өнер жұлдыздарының жеке коллекцияларында сақ­талған.

Ғылым • 24 Мамыр, 2022

Көшелерде су көлкімеуі үшін...

Елдің экономикасын өрге сүйрейтін сала – ғылым. Президент те ғылымға көңіл бөлу керектігін баса айтты. Ал Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларды ғылым саласын меңгеруге ден қойып жатыр. Жуырда аталған мектептің екі оқушысы Ресейде өткен «Человек-Земля-Космос» ғылыми-зерттеу олимпиадасында ІІ орынға ие болды.

Қоғам • 19 Мамыр, 2022

«Аяулы жас келін» атанды

Глубокое ауданында дәстүрлі облыстық «Аяулы жас келін» бай­­қауы өтті. Инабат­ты да, ибалы келіндер қа­зақтың салт-дәс­түр­лерін, әдет-ғұрып­та­рын және та­ғам­дарын бі­луден сайысқа түсіп, үй шаруасына де­ген қа­білеттерін көр­сетті.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2022

Айдынға ақсақа жіберілді

Айтты-айтпады, табиғатты ластауға, орман-тоғайды отауға, аң-құсты жойып жіберуге шеберміз. Ал оның орнын толтыруға келгенде, көпшілік үнсіз қалады. Әйтеуір, мемлекет тарапынан табиғатты қайта қалпына келтіріп отыру үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, азды-көпті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Басқасын айтпағанда, биыл мемлекеттік тапсырыс арқылы өңірдің ірі суқоймаларына 30 млн ақсақа балығы жіберілді.

Экология • 17 Мамыр, 2022

Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр

Таудың түу түкпіріндегі маралдылықтардан маза кеткелі қашан?! Тастың асылын іздегендер ауылдың айналасын астан-кестең етуде. Табанының асты алтын болғанымен, Маралдының маңдайы шылқиын деп тұрған жоқ.

Референдум • 16 Мамыр, 2022

Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр

Мәжіліс депутаттары Ирина Унжакова, Зарина Қамасова және Игорь Панченко Өскемендегі Ана мен бала орталы­ғында медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында алдағы конституциялық реформалардың мән-мағынасы түсіндірілді.

Қазақстан • 15 Мамыр, 2022

Халық пікірін білдіруге тиіс

Облыс орталығында Sarap эксперттік клубының «Конститу­циялық референдум: мемлекеттік басқаруды трансформациялау» тақырыбында аймақтық отырысы өтті. Жиынды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды.

Аймақтар • 12 Мамыр, 2022

Алтайдағы аламан

Құланқара, Бұланқара, Желмая сынды тұлпарлар тұяғының ізі қалған Алтайдың бөктерінде дүбірлі бәйге өтті. Отан қорғаушы және Жеңістің 77 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада 100 шақырымдық аламан, тай жарыс, жорға, аударыспақ, күрес, арқан тарту секілді ұлттық спорт түрлерінен атбегілер, балуандар бақ сынасты.