Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1104 материал табылды

Сайлау • 26 Сәуір, 2022

Сайлау процесін жетілдіру мәселелері талқыланды

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Нұрлан Әбдіров бастаған арнайы делегация Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, «Ертіс концерт» орталық мәдениет үйінің үлкен залында Өскемен қаласының жұртшылығымен сайлау процесінің мәселелері бойынша ашық әрі еркін, сұрақ-жауап форматында кездесу өткізді.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2022

Жауғаштыға жаутаңдаған жұрт

Нулы да сулы өңір қайсы десе, Күршім дер едік. Түстігінен Ертіс жылыс­тай ақса, Марқакөлден Қалжыр құлайды. Алтайдың ақ бас шыңдарынан бері күркіреп Күршім ағады. «Аспаннан киіз жауса да, құлға ұлтарақ бұйырмайды» демекші, өзен-көлдің ортасында отырған Күршімнің бес-алты ауылы неше жылдан бері егістікке су шығара алмай әлек. Былтыр көктемде Күршім өзеніндегі «Мойнақ» бөгеті жырылып, салдарынан шаруалар шығынға ұшыраған. Бұл мәселе биыл да шешілмейтін секілді.

Қазақстан • 19 Сәуір, 2022

Ел игілігіне арналған партиялық бастамалар

Amanat партиясының өңірлердегі кездесулері Шығыс Қазақстан облысында жалғасты. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов өңір тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, партия белсенділері және жастармен кездесті.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2022

Тарбағатайда аң-құс санағы аяқталды

Көктем мен күз бірқатар аң-құстың қоныс аударатын мезгілі. Аңдарды қойып, шегіртке секілді ұсақ жәндіктердің өзі қолайлы жер іздеп, мыңдаған шақырымды артқа тастайды екен. Қорықшылардың да тау-тасты, орман-тоғайды кезіп, аң санауға кірісетін уақыты осы. Санақтың да сан түрі бар. Бір аңды ізімен санаса, арқар, таутеке сынды тұяқтыларды саусақпен-ақ санап алады. Әсіресе ұлттық парк аумағындағы аңдар адамнан үрке қоймайды.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2022

Күршімнің тасын түртсең, проблема: Фоторепортаж

Иә, «Күршімнің тасын түртсең, проблема» деп әзілдейді аудан тұрғындары. Әзіл болғанымен, шындық, ащы да болса... Оған өзіміз де куә болдық. Түнеугүні сонау шекара шебінде жатқан Марқакөлден бері бірнеше ауылдарды араладық. Ойдым-ойдым жол, сапасыз құрылыс, ақсаған ауылшаруашылығы, тағысын тағы.  

Ұлттық спорт • 13 Сәуір, 2022

Мергендер мектебі

Нәп-нәзік саусақтарымен адырнаны сықырлата тартқан Ажардың жебесі ондыққа дөп қадалды. Көрдіңдер ме дегендей, сапта тұрған балаларды көзбен шолып өтті. Садақ асынған ұл-қыздар түсінгендей бәрі бас изесті. Глубокое кентінде «Дәстүрлі садақ ату» үйірмесін ашқан Ажардың бұл шәкірттері аз уақыттың ішінде республикалық додаларда топ жарып үлгерген.

Аймақтар • 13 Сәуір, 2022

Ұланда ұлан-асыр той өтті

Биыл да Шығысқа көктем кеш келді. Наурыз айы боран-шашынды болғандықтан кейбір аудандар, мекемелер Ұлыстың ұлы күнін сәуірде тойлап жатыр. Әз-Наурыз күні кеше университет қабырғасында тойланса, бүгін ұландықтар атап өтті.

Аймақтар • 12 Сәуір, 2022

Үбі өзені арнасынан асып кетті

Тау қары еріншектене еритіндіктен Шығыс Қазақстанда су басу қаупі әлі де бар. Оның үстіне өзен-көлдердің мұзы әлі де сіресіп жатыр. Жуықта Үбі өзенінде мұз кептеліп, Бородулиха ауданы Речное ауылындағы бірқатар үйдің ауласына су кірді. Сақадай сай құтқарушылар тілсіз жаудың бетін қайтаруға бірден аттанды.

Білім • 11 Сәуір, 2022

Университеттің желілік инженерлік мектебі

Түптеп келгенде, елдің шынайы жарқын болашағы – техника тілін меңгерген жастардың қолында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жолдауында техникалық білімге, ғылымға басымдық беру керектігін қадап айтты. Жуықта Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде (ШҚТУ) EKTU Educational Academy желілік инженерлік мектебінің ашылуы өтті. Жаңа жобаның мақсаты – оқушыларды техникалық білімге бағыттау.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2022

Өзенге түскен қалдықтар қашанда қауіпті

Жуырда Өскемен – Алтай бағытындағы жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып, алты вагон аунап қалған. Оның біреуі Ресейге тиесілі руда тиелген вагон болса, мыс қожын арқалаған қалғаны «КазцинкТемірТранс» ЖШС-ның меншігінде екен. Алайда халық компаниялардың шығынына емес, өзеннің фау­на­сы мен флорасына қауіп төнген жоқ па деп алаңдады.